Өлең, жыр, ақындар

П. П.

— П. П не деген сөз?

Бұл екі әріпті белгілі білімпаздар әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, ана тілінен сабақ беретін бір мұғалім:

— Бұл қазақтың қысқартылып жазылған екі әрпі. Сондықтан тіпті аз орын алады — дейді. Олай дейін десек, П. П — ның айыптау қорытындысында 75 бет қағаздың бетін алғаны бізге мәлім. ,

Бұлай болса, П. П — ның тіпті аз орын алады деу шындықтан тысқары нәрсе.

Қағазға басылған мөр, қойылған қол арқылы адам тағдырын шешетін бір кеңсенің «П. П — ңыз — «подлинно подписал» болады деді. Мұны тексеріп келгенде, әлі қол қойылмаған болып шықты. Бірақ РСФСР — дың жоғарғы соты жақында ғана қол қойса керек.

Профессор Рамзин П. П. туралы түсінік бере келіп:

— П. П — ңыз мен болам, яғни, біріншіден мен — профессор, екіншіден — предатель. Екеуі біріккенде П. П — ыңыз болып шығады — деді. Ал енді П. П — ның бұдан да басқа маңызы бар.

— Айтыңызшы қандай?

— Бұрын бұл П. П — ыңыз — - «промышленная партия» болған. Ал енді мен оны:

— «Прошу помиловать» деп жазам. Қазақыландыршы десеңіздер:

— Жазаламауыңызды сұраймын!..

Шырағым-ау, мынауың П. П емес, Ж. С. Болып ұйқаспай кетті ғой. Мұның П. П. болып жарытпас, жүзеге аса қоймас дейсіздер ғой. Ұйқасқанда осы ұйқассын, өйткені «промышленная партияның» өзі шындыққа ұйқасқан ба еді? Жүзеге асатын қиял ма еді? Жүзеге аспады да ғой. Сондықтан барып: «жазаламауыңызды сұраймын» деген шығып отыр.

— Жақсы, солай-ақ болсын. Ал «промышленная партия» П. П — да қандай роль ойнады? — дейсіздер ғой.

— Мейлінше үлкен роль ойнады.

Россиядағы барлық П. П — ның бастығы — байлар демократиясынан демеу алған. П. П. П. Пальшинский. Онан соң П. П. ұйымдастырушының бірі, шет жақты басқарушы М. Явушинский. Барлық П. П — ның құрамында саны көп кішкене П. П. профессорлар болған. Ал барлық П. П — ның басында тұрған үлкен П. П. — Пуанкаре — Париж болған. Аяғына интервенцияның мұрасы болған П. П. — Панская Польша.

Біз осы талдаудан кейін П. П — ның тенниске қарсы маңызы барлығын аңғардық.

Іздеуімізді аяқтай келіп, біз П. П — ның мына жазылған тарихына тап боламыз.

П. П — ның саяси мәні міне:

Пуанкаренің бықсыған пікірлестері — профессорлар, промышленниктер, помещиктер, фашистер, поптар — Россияны палачқа билетіп, пролетариатты бүктемек болған. Сондықтан «промышленная партия» құрылған, «правительственный портфельге» пұл шығарған, опасыздықтың оңбаған жолына түскен.

Көлгірсіген перілер:

— «Прошу помиловать» — деді.

Ал біз:

— Зиянкестердің өміріне паспорт, берілмесін дейміз де...

1931.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз