(Ей актылы, эпилогты комедия)
ОҚИFAFА ҚАТЫСУШЫЛАР
Скаченко — 9-шахтаның нан карточкасын таратушысы.
Төлеубайұлы — 9-шахтанын. вагоншысы.
Елизаров — 9-шахтанын, шахткомның бастығы.
Ромашков — десятник.
Ромашкова — әйел!.
1-акт.
Бір бөлмелі үй, екі терезе, бір есік. Сырттағыларға карточка беретін есіктің қақпақты тесігі бар. Онда Скаченко отырады. Екі жан қалтасынан нан карточкаларының, шөп көрініп тұрады. Перде ашылғанда тесіктен біреу қолын ғана көрсетіп бір бөтелке арақ ұсынып тұрады. Скаченко оны барып алып, қолға екі карточка ұстатады. Біраздан соң, есікті абайлап ашып Төлеубайұлы кіреді.
Төлеубайұлы. Шырағым, екі жылдан бері вагоншымын, 5 жаным бар еді үшеуіне-ақ беріп, екеуіне карточка бермей қойды. Соны қалай етесің? Қиын болып тұр.
Скаченко. Я, бұл қиын мәселе. (Шалқая түсіп.)
Әй, білмеймін...
Телеубайұлы. Тиісті карточкамды бермесең, қиын болып тұр.
Скаченко (маңызданып). Қиын, қиын. Москваның, ең болмағанда Алматының директивасына сеніп екі жанына карточка бере қоюға болар ма екен... (Шіренеді.)
Төлеубайұлы. Шырағым-ау, Алматының менің карточкамда не ақысы бар?
Скаченко (қарғып тұрады). Тарт тіліңді. Алматыға шабуыл жасайын деп тұрғанын көрдің бе!.. Жау жар астында емес, өз бөлмеңде деген осы екен-ау! Ту сыртыңды көрсетіп, құлақ емесің бе, өзің? (Қолын қалтасына салып Төлеубайұлының, жан-жағына шығып қарайды. Сұқ қолымен есікті көрсетіп). Шық! Құлақ шекең аңқып тұр ғой!..
Төлеубайұлы. Шырағым, құлақ емеспін, жұмысшымын, тиісті карточкамды бер.
Скаченко (қабағын түйіп орнына отырады). Болмайды.
Төлеубайұлы. Өткен айда алған карточкаларым, бұл айда неге берілмейді? Беріңіз, шырағым.
Скаченко. Болмайды.
Төлеубайұлы. Шырағым-ау, енді қайттым?
Скаченко. Қайтетініңді өзің білерсің.
Төлеубайұлы. Енді қайда бардым? (Шығуға ыңғайланады.)
Скаченко (бұрылып қарап). Ей, тоқта! (Төлеубайұлы тоқтайды). Берірек кел. Мәселе тіпті қиын. Бірақ енді сен ісік түспеген адам едің... бір шарасын көрейін.
Төлеубайұлы (жақындай түсіп). Сөйтіп, қарағым.
Скаченко. Ой жақсылық тегі келе жатқанда ентелей бермесін... (ойланды.) Чорт возьми, қалай ұйымдастырып өте қиын жағдайдан шығу керек?.. Былай болсын. Сен бір бөтелке арақ әкел, онсыз жын ұрған карточка саған совсем бармай қояр.
Төлеубайұлы. Ойбай-ау, оны қалай таптым?
Скаченко. Магазинге барсаң табылады.
Төлеубайұлы. Ақшасы түскір жоқтау ғой.
Скаченко. Жоқ, магазинге бар, арақ табылады.
Төлеубайұлы. Мақұл. (Асығып шығып кетеді. Скаченко маңыздана басып үй ішінде жүреді. Елизаров кіреді).
Елизаров. Қалай, карточканы дұрыс таратып жатырсың ба?
Скаченко. Тіптен дұрыс, осы айда өткен айдан 300 карточка артық кетті. Әлі де жұрт алып біткен жоқ.
Елизаров (таң қалып). Ол жұмбақтың шешуі не екен?
Скаченко. Шешуі белгілі, тіптен белгілі. М... м... өткен айда 2000 адам карточка алса, бұл айда 2300 адам карточка алған. Міне, 300 карточканың қайда кеткені.
Елизаров. Солай ма екен? Басым қатты, түсінбеймін. (Жан-жаққа жалтақтап қарап.) Төменді күшейту керек, екпінділікті қыздыру керек. Сөйтіп, адам айтқысыз қарқынмен төпелеп, бас-көз демей таратып форсировать ету керек.
Скаченко. Мақұл, жолдас шахтком. (Шалқайып есінейді.)
Елизаров. Темпіні күшейтіп, екпінділікті қыздырып (жұдырығын түйіп құшырланады) жүрек жарғандай айқайлап, алға аттай тусу керек.
Скаченко. Мақұл, жолдас шахтком. (Есінен, көзін уқалап, мойнын салбыратып отырады.)
Елизаров, (құлшына). Бір де артық карточка кетпесін. Ұраның-тарату! Тарату!-болсын, Шахткомның жалпы басшылығын, карточка проблемасында партия жолын тұп-тура ұстайтыныңды, чорт возьми, ұмытпа! (Ептеп басып Төлеубайұлы кіреді. Қолында газетке оралған бөтелкесі бар. Скаченко ымдап, ернін қысады. Қасына барып, жетектеп терезенің алдына апарып, қолын шошайтып сырттағы баракты көрсетеді.)
Скаченко (сыбырлап). Ана баракты көрдің бе, бергі ішкі есік. Сонда әйел бар, соған апар. (Төлеубайұлы кетеді.)
Елизаров. Ол не?
Скаченко. Әшейін, біреуің үшін көрсетіп жібердім. (Отырады, есінен болған соң, мойнын төмен салып отырады.)
Елизаров. Солай, (жігерлене) екпін, қарқын.... бірде-бір артық карточка берілмесін. (Шыға жөнеледі)
Скаченко (басын көтеріп алып). Тоқта, жолдас, шахтком. (Қолына бір нан карточкасын алып жүгіріп барады.) Мынаны ала кетіңіз.
Елизаров. Мұның не? Артық карточка ма?
Скаченко. Ешкімге тиісті емес, артық карточка, алыңыз.
Елизаров. Әй, артық емес шығар...
Скаченко. Артық, сендіремін сізді.
Елизаров. Артық болса, алуға болады. (Алып қалтасына салады да, жылдам басып шығып кетеді.)
2-акт
1-сурет
Барактың есігінің алды. Оң жақта жіпке кір ілулі тұрады. Ромашков десятниктің әйелі есіктің алдын сыпырып жүреді. Жан жағына алақтап Төлеубайұлы келеді. Әйелге қарап аңқиып біраз тұрады.
Төлеубайұлы. Тоба, жаңылыстым-ау, қай есікті көрсетіп еді. Тоқта, оның әйелі қазақша білетін еді ғой.
Әйел. Жолдас, саған кім керек? Төлеубайұлы. Білдім, қазақша сөйлеп тұр,осы болды. М-м. Қызымқа, жоқ... маржа мынау арақты күйеуің беріп жіберген еді. (Ұсынады.) Әйел. менікі күйеу берді?
Төлеубайұлы. Иә. (Әйел алады, Төлеубайұлы асығып шығып кетеді.)
2-сурет
Десятник Ромашковтың үйі. Сол жақта кровать, оң жақта стол. Стол үстінде тамақ. Ромашков. Үйге кіріп, шешіліп болған соң столға отырады. Әйел екі стаканмен бір бөтелке арақты столға алып келеді.
Әйел (жайдары, күлімсіреп). Міне, сөйте беріп жіберген арағын. Бүгін әдейі картоп қуырдым.
Ромашков. Не қылған арақ?
Әйел. Өзің беріп жіберген арақ.
Ромашков. Мен арақ беріп жіберген бе едім?
Әйел (таң қалып). (Өзің беріп жібергеніңді өзің білмейсің бе?
Ромашков (таң қалып). Не дейді, мына сабалақ сайтан, түс көргеннен аманбысың? Арақты кім әкелді?
Әйел. Бір қазақ «күйеуің беріп жіберді деп әкеліп берді.
Ромашков. Не дейді. (Орнынан тұрып, отырады.) Тоқта. Скаченконың әйеліне беріп жібергенін, жаңылысып сараң берген шығар. (Ойланады.) Ол арағын неге өзі әкелмейді (Басын ұстап ойланады.) О-о-о! Маған Скаченко бүгін біреуге карточка беріп, арақ алам деп еді, мен көнбеп едім. Сол арағы екен ғой. Білдім. Бұл арақты шахткомге апару керек. Бәлемді ауыздықтау керек екен. Көрдің бе, жұмысшылардың өз карточкаларын өздеріне сатып жүргенін. (Тамағын іше бастайды. Әйелі аузын ашып, таң қалып түрегеліп тұрады. Есіктен ентігіп Скаченко кіріп келеді.)
Скаченко. Мария Васильевна, біздің үйдің случайно қыдырып кеткен арағын көрген жоқсыз ба?
Ромашков. Біздің сенің не істеп жүргенің, жулик. Арағын шахткомге барады.
Скаченко. Жоқ, жолдас Ромашков! Арақ өзімізден, оған ешқандай шахткомның қатысы жоқ.
Ромашков. Көрсетем саған қатысы жоқты, жұмысшыларды алдап, соғуға право берді?
Скаченко. Мен де саған көрсетем. (Көкірегін ұрып.) Рабочий класстың өз меншігіндегі арағын ұрлап, ішейін деп отырғанын көрдің бе? Жуликтің сенен асып, маған келіп пе? Ұры!
Әйел. Ешкім де ішейін деген жоқ, неге өтірік айтасың?
Скаченко. Ішпесең, столыңның үстіне қойып неге даярланып, закускаларыңды жайып, жалаңдап отырсыңдар. Сен сайтан емессің бе?
Ромашков. Не десең о де, мен шахткомге білдірем.
Скаченко. Айналаңның бәрі де арамдық, әйтпесе қалай күн көресің. Бер арағымды. (Жер ренжіседе.) Жекеменшігім. Жекеменшігім. Мені конфискелеп, мүлкімді, арағымды талауға қақың жоқ. Мен әлі тірімін, сенің өзіңде, сенің түбіңде бір терең сыр жатыр. Чорт знает, құлақ шығарсың.
Ромашков. Шахткомнен аласын, мен сонда тапсырамын.
Скаченко (ашулы түсін кенет өзгертіп, жылы ұшырап). Айналайын, Иван Иванович,біреуіңізден сұраймын, жалынамын, дәл тең жартысын сіз–ақ ішіңіз.
Ромашков. Не өзіңнің айтып тұрғаның? Мен саған арақ бер дедім бе?
Скаченко (жалынып, жақындай түсіп). Ну! Мақұл, сіз жартысынан көбін-ақ іше қойыңыз?
Ромашков. Маған арағың керек емес, қоясың ба, жоқ па?
Скаченко. Ну! Чорт возьми, бір рюмкеден басқасының барлығын іше қойыңыз.
Ромашков (ашуланып). Жулик! Қоясың ба?
Скаченко. Ну, чорт возьми, барлығын да сіз ішіңіз. Тек ешкімге айтпаңызшы.
Ромашков (ашуланып). Жулик! Қоясың ба? Енді, жоқ па! (Орнынан тұрады.)
Скаченко (жалынып). Чорт возьми, арақты да совсем алыңыз. Кейбір жолдастарыңа да шет жағалап айта қойыңыз. Бірақ шахта бастығына айтпаңыз.
Ромашков. Ойбай-ай, мынау шаршап келген адамға тыныштық бермеді-ау, шық үйден, жаныңның барында! (Скаченконы сүйрелеп үйден шығып кетеді).
Шымылдық
Эпилог
Шахткомның кабинеті. Tөpгi столда шіреніп Елизаров отырады. Столдың үстінде бөтелке арақ тұрады. Елизаров орнынан тұрып, арақтың бір мына жағына, бір ана жағына шығып, көзін қысып аңқайып қарайды. Тамсанады.
Елизаров (араққа еңкейе қарап, ыржиып күледі. Араққа сөйлейді). Ә, бәлем! Қолға түстің бе! (Саусағын шошаңдатып қорқытқандай). Ә, көзің мөлдіремесін, осы мойныңды жұлып алып, аузыма қағып салармын. (Арақты иіскеп тамсанады.) Скаченко сені мейлінше бір көтерейін деген екен ғой... Қолға түстің, (Тепсінеді) айт, карточка қайда, а то қазір бір-ақ жұтармын. (Олай-бұлай жүреді, араққа тағы тамсанады. Залға қарап). Чорт возьми, ішіп қоюға да болар еді, дау шығып кетеді ғой. Кәне, қолыма алып көрейінші, қарашы Ромашковтың ішін қоймай шахткомге білдіргенін. Бұл адамдарды жын ұрар. (Барып арақты қолына алады. Жан-жағына қисайтып, сығалап қарайды, шай-пайды, тамсанып ернін жалайды. Сөйтіп столдың тартпасына салып қойып, есебін жазуға кіріседі. Жан-жағына жалтақтап бүркие қарап қалың ойға кетіп жаза бастайды. Кенет басын көтеріп алады). Тұра тұр, мен сайтанның суын көріп алайын, ішесің де көріп қойған бір түрлі жақсы ғой. (Тартпаны ашып, үңіле қарайды, саусағын безеп.) Әй, көзінің мөлтілдемесін, бір-ақ жұтармын осы. Сен келгелі он күн болды, ескермей ұмыттырып барып бір ішермін сайтанның суын! (Тартпадан бутылканың басы көрініп тұрады. Елизаров тартпаның бір мына жағына, бір ана жағына шығып, мұртын сипап, жалаңдайды. Басын шайқайды) Төлеубайұлы мойнына алды. Бірақ Скаченконың ісін созамын. Арақ менде қалады, ешқайда да кете алмайсың, подлая! (Бөтелкеге тепсінеді. Сырт жақтан дауыс шығады.)
Дауыс. Жұмысшылардың карточкаларын сатып алған Скаченконың арағының ұсталғанына 10 күн болды. Бірақ шахтком тексеретін емес. Бөтелке шахтком столында тұр. (Шу шығады. Елизаров есікке жалт қарап, тартпаны жаба салып, орнына отыра кетеді.)
Шымылдық.
1934
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі