V. САБАҚ КЕСТЕСІ
(Расписание)
Сөйтіп, комплекспен оқытуға – көптен көп керегі күндік жұмыстың жоспарын жасап алу екен. «Жоспар» дегеніміз осымен біте ме? Мұның үстіне тағы да сабақ кестесін жасау керек пе?
Жауап: сабақ кестесін жасаудың керекті жері де, керексіз жері де бар. Сабақ кестесі дегеніміз – бір күнде оқылатын нәрселерді сағатқа бөліп қою. Бұрын пән жүйесімен оқытқанда, әр мұғалім әр күнге не болып бір күнде бір класқа әлденеше мұғалім кіретін тәртіпте барлық оқуды сағатқа бөлу керек еді. Әр мұғалім өзіне тиген сағатқа өз пәнін оқытып шыға беруші еді. Енді комплекс жүйесінде «пән» дегендер жоғалып, бәрі қосылып, араласып кететін болды ғой. Енді оқуды сағатқа бөлудің не керектігі бар? Күндік (3, 4 сағаттың) сабақтың жобасы көрсетілді ғой? Рас, сабақ кестесі керек емес. Қай уақытта?
Бір класта бір-ақ мұғалім оқытқанда. Онда мұғалім бір сағатта бітіре алмаған оқуын кейінгі сағаттарда оқыта береді. Оған сағат тек демалыс үшін керек. Бір сағатта кітап оқып, екінші сағатта жазу жаздырып, үшіншіде есегі шығарту шарт емес, бір сағат ішінде есеп те, жазу да болуға мүмкін. Сабақ кестесін жасау керек болатын кез де бар. Ол бірнеше класты бір мұғалім оқытқанда болады. Не үшін десеңіз, екі-үш кластың сабақтарын араластыра үйлестіріп жіктеу үшін керек. Үйткені барлық класта бір мезгілде тіл, бір мезгілде есеп сабағын жүргізуге болмайды. Бірінші класпен әңгімелесетін кезде, өзге кластар жазу жазып, есеп шығарып, өз бетімен жұмыс істеу керек. Бір мұғалім бәріне бірдей жетісе алмайды ғой. Міне сондай жағдайда мұғалім өзі қатысатын сабақ пен өзі қатыспайтын сабақты реттеп алу үшін сабақ кестесін жасап алмай болмайды. Сабақ кестесін неше күнге арнап жасау керек. Бұл сұрауға берілетін жауап: комплекс неше күндік болса, сабақ кестесі сонша күндік болып жасалу тиіс; басқаша айтсақ комплекс сайын сабақ кестесі де жаңадан жасалып тұрмақ. Өйткені әр комплекстің серуені, еңбегі, жазу, оқу, сурет сияқты жаттығу жұмыстары түрлі-түрлі болып отырады.
Әр кластың жаттығу жұмыстарын комплекс сайын үйлестіріп отырмаса болмайды. Сүйтіп сабақ кестесі бір жылға, не жарты жылға арналып бір-ақ жасалып қоймайды. Комплекс басына жасалады екен. Әрине, бұл көп жұмыс. Көп болса да құтылуға шара жоқ. Тоқтаңыз. Комплекс сайын сабақ кестесін жасайды деңіз. Мұнын жөні келер ме екен? Үйткені бір кластың комплекс тақырыбы 3 апталық, енді бірінікі – 2 апталық, тағы бірінікі бір апталық болып кездесіп қалатыны бар ғой. Онда қалай қылдық? – дерсіз. Оған айтатынымыз:
Өлшеуішке тақырыптың ен үлкенін, кем күндігін алып, өзге аз күндік комплекстері бар кластарды соған жанастыру керек. Жанастыру дегеніміз – олардың комплексін созып ұзарт деген сөз емес, мысал: 3-класты 18 күндік, 2-кластыкі – 12 күндік, бірінші кластыкі – 6 үндік боп тоғысқан кезде, 3-кластын күніне жеткізу үшін, 2-кластан 6 күндік бір комплексті тағы қосып, бірінші кластан 12 күндік екі комплексті жаңа кіргізіп, сабақ кестесін 18 күндік етіп жасау керек. Олайша үйлесе беруі мүмкін болмағам кезде бір комплекстің жарым-жартысын қосып жасауға да болады. Қалайда сабақ кестесін үйлестіріп жасау сонша қиын емес. Жаңа жоғарыда күндік жоспарды, күндік сабақты сағатқа (а, б, с, д) нобайлап жіктеп те қойдық. Әсіресе ондай жіктеуді бірінші жылдың күндік жоспарына істедік, екінші жылдың сағатқа бөлгеніміз материалдарын толық көрсете алмадық, жаттығу жұмыстарын оқытушылар кез-кезінде өздері тауып алар деп ойладық. 3 класты оқытқан мұғалім өзі кірмейтін класқа балалар өзі істерлік жұмыс беріп қою керек, кесте жасағанда есте болатын нәрсе осы болу керек. Енді сабақ кестесінің үлгісін көрсетейік.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі