XXI ғасыр дүние жүзіндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастардың, көпэтносты қоғамдардың бірігуіне жаңа көзқарастар қалыптастырудың проблемасын өткір түрде алға тартуда. Дәстүрлі құндылықтар жүйесі мен тез дамып келе жатқан этностық қауымдастықтар мәдениеті арасындағы шиеленістің ұлғайғандығы, ұлттық диаспоралардың шоғырлануында проблемалар орын алып отырғандығы байқалады.
Әлем даму процесінде мәдени санқырлылық өзін дербес жаһандық құбылыс ретінде жария ете бастаған кезеңге дөп келіп отыр. Мәселен, Еуропадағы, Азиядағы, басқа да құрлықтардағы мультимәдениліктің және сәйкестіктің дағдарысы экстремизм мен шектен шыққан ұлтшылдыққа қарсы тұрудың болмысқа сәйкес келетін тетіктерін қалыптастыру қажеттігін көрсетті. Франциядағы, ассимиляциялау, Ұлыбританиядағы бағындыру, ГФР-дағы бөліну, Швейцариядағы үйлестіру стратегиялары тұрақтылықты, бейбітшілік, пен ұлттық бірлікті нығайту ісінде оң нәтиже бере алмай-ақ қойды.
Бірігу мәселесі мен этносаралық келісімнің оңтайлы үлгісін іздестіру өткір болып тұрған көптеген мемлекеттерде аталмыш проблемалар мәжбүрлі де көкейтесті күн тәртібіне айналды. Осы заманғы аса өткір проблемалар тек ұжымдық күш-қуаттың, ортақ келісім мен сенімнің негізінде ғана шешілуі мүмкін екендігі айқын болды. Бұлай болмаған жағдайда, әлбетте, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасында әлеуметтік, мәдени, діни қырғиқабақтық өрістеуі ықтимал.
Ұлт құрудың халықаралық тәжірибесін талдау Қазақстан үшін ешқандай үлгінің толығымен қабылдауға лайық емес екендігін көрсетеді. Бұдан, әрине, оны зерделеуден бас тарту керек деген ой туындамайды. Біздіңше, қазіргі әртүрлі үлгілерді этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің тиімді саясатын түзу мақсатында, сондай-ақ жанжалдар мен шиеленістерді болдырмау жөніндегі жұмыста пайдалану үшін жан-жақты қарастыру қажет.
Мультимәдениетті қоғамның, этностық плюрализмнің парадигмалары тарихи ерекшеліктер — мен өзгешеліктерді ескеретін Қазақстан үшін белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдарға айналды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың. айтуынша, ол «ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың және казақстандық сәйкестікті қалыптастырудың өзіндік үлгісі. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ қазақстандық сәйкестіктің негізіне этностық принцип емес, азаматтық принцип алынды… Біздің стратегиялық мақсатымыз — қоғамды одан әрі топтастыру және бірегей қазақстандық, бөсекеге қабілеттІ ұлт қалыптастыру».
Ұлт кұру — саналуан саяси күштердің әртүрлі жұртшылықтың ұлт және ұлттық сәйкестік қапыптастыруға бағытталған күш-жігерін сипаттайтын әдіснамалық қатардағы ғылыми-қолданбалы термин. Бұл ұлт құру — ұлтты қалыптастырудың саяси құрылымы екендігін тағы да дәлелдейді. Қазіргі қоғамдық-саяси жағдайлар үшін ұлт құру халқының құрамы көпмәдениетті болып келетін мемлекеттің сындарлы саяси тәжірибесі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Ұлт құру — бұл терең де серпінді процесс, әп-сәтте пайда болатын дүние емес. Осынау көлемді проблеманы жан-жақты қарастыру үшін соңғы онжылдықтар тым аз мерзім болып тұр. Бұл көпэтносты қоғамдардағы этностық саясатты жүргізу немесе сипаттамасын зерттеу ғана емес, мемлекеттік-басқару саяси құрылымдары мен институттарын құрумен және дамытумен байланысты процестер. Олардың Қазақстан тарихында бұрындары болғаны да белгілі, Енді, әрине, жаһандану кезеңінде жаңа мәселелер, оның ішінде ұлт құру процесіне ықпал ететін мәселелер де пайда болды. Сәйкестік, этностық, ұлт, этнос және т.б. сияқты бірқатар ұғымдар мен құбылыстар осы процестің өнімі болып табылады.
Қаэақстандық ұлт құрудың ажырамас қыры — оның көпэтностығы және көпконфессиялығы. Толеранттылық, бірігу, мәдениетаралық және өркениетаралық диалог идеяларына бейілділігі — қоғамдық қатынастар аксиомасы. Билік пен азаматтық қоғам, этностар, мәдениеттер, діндер арасындағы диалог ұйымдастыру мәселелері ұлт құру процесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.
Диалог үшін, этносаралық және дінаралық қарым-қатынас қалыптастыруда институттардың өзара іс-әрекеттері үшін жағдай жасәу, бір-біріне деген толерантты көзқарас Қазақстан жетістіктерінің негізін құрайды, бұл жетістіктерге рухани құндылықтар, халықтың бірлігі мен тұтастығы (әсіресе, мысалы, әлемдік экономикалық дағдарыс сияқты қиын кезендердегі) кіреді. Бұл жерде «ұлт құру процесі мемлекеттікті этноссыздандыруға және этностықты саясатсыздандыруға негізделеді. Осының езі Қазақстанға қоғамның көпэтносты әралуандығын сақтап қана қоймай, оны тұрақтылықтың басты ресурсына айналдыруға мүмқіндік берді».
Қазақстандық ұлт құрудың ерекшеліктерін тусіну мәселесінде басты назарға алатын дүние — 1995 жылы түңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің жанды құралы болып табылатындығы, сол арқылы этносаралық қатынастар демократияның азаматтық құндылықтарының барометріне айналғандығы. Оның рөлі мен мәртебесін конституциялык және заңнамалық деңгейде көтеру арқылы, пәрменді дамып отырған азаматтық институттар арқылы қазақстандық ұлт саясатьіңың өзекті құндылықтары мен басымдықтары бойынша қоғамдық ортақ келісім қалыптастыру мүмкін болды.
2007 жылдың тамызында Қазақстан хапқы Ассәмблеясының «Біз, қоғамды бәсты ұлттық басымдықтар төңірегіне топтастыруға тиіспіз: олар — тыныштық, тұрақтылық және келісім» тақырыбында өткен он үшінші сессиясында Мемлекет басшысы баяндама жасап, ел дамуының логикасымен тікелей байланысты Ассамблея дамуыньің жаңа кезеңін нақты айқындады..«Біздің стратегиялық Мақсатымыз -қоғамды одан әрі топтастыру және бірегей қазақстандық,. бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру. Бұл — Шығыс пең Батыс, озық білім, технологиялар мен ғасырлар даналығы, рух бостандығы мен ынта-жігер бірлігі тамаша түрде түйісетін улт». Ұлттың қалыптасуына мұндай көзқарас ұлт құрудағы қазақстандық ерекшеліқтерді анықтаудың, мәні мен маңызын түсінудіңіргелі негізі болып табылады.
Бұлардың қатарына ел дамуының өзіндік үлгісін тұзу жөніндегі қоғамдық процесті де қосу керек. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан кездің езінде-ақ Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев этносаралық катьінас проблемаларын шешудіңалдын алу сипатындағы бірінші реттетұрған шаралар қабылдады, өйткені онсыз экономикалық реформаларДы және қоғам мен оның институттарын демократияландыру процесін табысты жүргізу мүмкін болмас еді. Міне, нақ солар елдің «қазақстандық жол» деп аталатын толерантты һәм үйлесімді даму эволюциясының негізін қалады.
«Қазақстандық жол» тарихи өзгерістер жүгін көтеріп тұр, әл олар, шын мәнінде, Ата Заңымыздың — Конституцияның, Қазақстанның ұлт бірілігі доктринасының, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңдардың және басқада нормативтік-құқықтық актілердің нормалаірында шынайы кұқыктық көрініс тапқан өзіндік дербес тәжірибе, қоғамдық дамудың үлгісі болды. Жаңа қатерлер мен саяси: тәуекелдер аясында бұл жол бүгінде дүние жүзінде қоғамды экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалау мен оны жаңғырту жөніндегі Президент идеялары шоғырланған бірегей тәжірибе ретінде қабылданып отыр.
Қазақстандық жолды, этносаралық толеранттылықтың және қоғамдық келісімнің үлгісін түзу диалектикасының өзі, әмбебап институт- Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы мен дамуы халықты бірегей саяси субъект ретінде объективті түрде айқындайды. Негізгі заңымыздың кіріспесіндегі сөэдердің өзі айтып тұрғандай, Қазақстан халқы — бұл қазақстандық халықтың рухани ахуалының, оның жаңа мақсаттар мен идеяларға ұдайы ұмтылысының мәні.
Конституцияның ажырамас бөлігі және оның ішкі мазмүнын айқындаушы болып табьшатын кіріспеде Қазақстан халқы «бәйырғы қазақ жерінде мемлекеттілік қүра отырып», «өзін еркіндік, теңдік және татулық мүраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып», «дүниежүзілік қоғамдастыкта лайыкты орын алуды тілей отырып», «қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіне отырып», осы Конституцияны қабылдайды делінген.
«Біз, Қазақстан халқы» деген тұжырым егемендікті, мемлекеттікті және ұлттық бірлікті бекітеді. Сондықтан осынау формула мемлекет қызметінің қағидаларын, олардың ішінде қоғамдық келісімді, шынайы білдіреді. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…» өзінің үжымдық ырқымен Конституция қабылдал отырған халықты және оның Конституцияда көрсетілген қасиеттерін білдіреді (ол көпэтносты, ортақ тағдыр біріктірген, оның атынан Конституция күшіне енеді, Конституцияға ең жсғарғы заң күші беріледі).
Саяси теорияда Ұлтты (қоғамды) біртұтас ететін мемлекет және халықдеп есептеледі. Көз жетер болашакта көпэтностық сақталатын жағдайда мемлекет (орталықтандырылған билік жүйесі ретінде) бұдан әрі де Ұлт үшін шынайы негіз болып табыла бермек. Тек зайырлы ұлт қана жаһаңдық қатерлерге жауап бере алатыны, тек үлкен құндылықтар тән ұлт қана бәсекеге қабілетті болатыны белгілі. Ұлт мемлекетпен теңдестіріледі, өйткені бәсекеге қабілетті мемлекетті тек қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғыртуға, бәсекеге қабілетті ұлт қана құра алады.
1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен мемлекеттілік сипатының және ұлтты мемлекет ретінде қабылдаудың жаңа үлгісіне көшудің жалпыазаматтық қағидалары бекітілді. Саяси қоғамдастық болып табылатын ұлт мемлекеттің арқасында қалыптасады, ал мемлекет тек қана ұлттық болуы мүмкін.
Тәуелсіздікті нығайту, бір-біріне толерантты қарым-қатынастар орнату, этностық, діни және басқа да шиеленістерге жол бермеу шын мәнінде негізгі басымдықтар болып есептеледі. Алайда бүгінгі болмыс ұлттың тұтасу, оның түсінікті накты дүниелердің төңірегіне топтасу қажеттігі туралы, мемлекеттің ұлттық біріктіруші бастау ретіндегі орнына ылғи мөн беруге ұмтылу туралы ұдайы айтуды тілейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі