Кетбұға (шамамен 1150-1225 ж.), жырау, күйші-композитор, аңыз кейіпкері. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздар бойынша, Дешті Қыпшак әмірі — Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда, Шыңғысханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім батпайды. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алады. Әуелі: «Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, уа, ханым», — деп Шыңғысханды қаралы хабарға әзірлеп алады да, баласы Жошының өлімін күймен естіртеді. «Ақсақ құлан — Жошы хан» күйі осылай туыптымыс.
Бізге Кетбұғаның осы күйі және күй шығарар алдында айтқан бірнеше жол өлеңі ғана жетті. Басқа әдеби не музыкалық шығармасы сақталмаған. Алайда ұрпак аузынан Ұлығ (ұлы) жыршы деген атақ алған Кетбұғанын өз кезінде шығармалары халық арасына кең тараған, көшпелілер арасында сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға болғандығы байқалады. 15 ғасыр аяғы мен 16 ғасырдың алғашқы ширегінде жасаған Доспамбет жырау Кетбұға биді кұрметпен аузына алады, оның сөздерімен өзінін таныстығын білдіреді. Халық өлендері мен аңыз әңгімелерде де Кетбұға ел қамқоры, дана ақсақал ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да бар.
Ақсақ құлан — Жошы хан (V нұсқа)
Алаша хан һәм оның баласы Жошы хан турасынан қазақ арасында бар сөз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі