Мағжан Жұмабаев

Басты бет / Ақын-жазушылар / Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер / Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев — Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі материал.

Материал — Мағжан Жұмабаев, Мағжан Жұмабаев өлеңдері, мағжан жұмабаев мәлімет, мағжан жұмабаев шығармалары — осы тақырыптарға байланысты.

Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы «Молодежный» кеңшарында туған. Алғаш білімді ауыл молдасынан, мектеп мұғалімінен, содан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінен алған. Омбыдағы мұғалімдер семинариясын, Мәскеудегі Әдеби-көркем институтын бітіріп, Ташкентте, Қызылжарда ұстаздық қызмет атқарған. Мағжанның шығармашылық жолы ақындықтан басталды. Ол халық, жер туралы жырлады. Ақынның «Жазғы таң», «Қазағым», «Өнер-білім қайтсе табылар» атты өлеңдерінде жастарды білімге шақыру, азаттық жолға түсу, надандықпен күресу кең орын алған. Шығармаларында өмір мен табиғатқа деген құштарлығы терең танылған.

Ақынның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіп хан» атты поэмаларында халықтың тарихы, тағдыры мен жеке тұлғалардың іс-әрекеттері суреттеледі.

Мағжан бала өмірін, қиял қанатын терең түсінген. Оларға арналған шығармаларын жеңіл және тартымды баяндаған.

М. Жұмабаев қазақстандық педагогика ғылымының бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға көптеген мақалалар жазып, бірқатар оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүріп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жайы», «Сауатты бол!», «Әліппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», «Ересектерге оқу кітабы», т.б. туындыларын жариялады.

Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ жарқын, өзіндік таланттың белгілері аңғарылады. «Шолпан» өлеңдер жинағы ақынды кеңінен танымал етті. Ол «Батыр Баян» поэмасын, Түркістан туралы өлеңдер топтамасын, «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларын жазды. М. Жұмабаев шығармаларында Шығыс халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан. Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы ақындардың алғашқы ұрпағына жатады.

Оқуға кеңес береміз:

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері

Мағжан Жұмабаевтың туындылары

Мағжан Жұмабаевтың нақыл сөздері



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Бекзат

Пайдама жарады

Біреу

Неге өте аз мәлімет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мағжан Жұмабаев деген не?

Бұл бетте Мағжан Жұмабаев тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Мағжан Жұмабаев материалы Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты, пайдалы мәліметтер мен деректер бөліміндегі басқа материалдар Мағжан Жұмабаев тақырыбындағы материалдар Мағжан Жұмабаев өлеңдері тақырыбындағы материалдар мағжан жұмабаев мәлімет тақырыбындағы материалдар мағжан жұмабаев шығармалары тақырыбындағы материалдар мағжан жұмабаев өмірі тақырыбындағы материалдар