Корейская косметика премиум класса

Конституция күніне арналған құттықтаулар мен тілектер

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы жаңа Қа­зақ­стан жетістіктерінің бе­рік ке­пі­ліне айналды. Тиімді құ­қық­­­тық жүйені орнықтыру ар­қы­лы біз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткізіп, елімізде тұрақ­тылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.

Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаң­ғырту – мұның бәрі берік конс­ти­туциялық негізде жүзеге асы­рылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағыт­талған. Біздің сыртқы саясат­тағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.

Биыл еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бас­тысы – Қазақстанның әлемдегі ең да­мы­ған 30 мемлекеттің қа­та­­ры­­на енуі. Стратегияның бар­лық мақсаттарына қол жеткізу қа­зақ­стандықтардың бірлігі мен Кон­сти­туция қағидаларын мүл­тіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ.

Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.

Барша қазақстандықтарға игі­лік пен бақ-береке тілеймін! Біз­дің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасы нығайып, дами берсін!
Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, бүкілхалықтық референдумда еліміздің Конституциясын қабылдады.
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның сенімді кепілі бола тұра, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық мемлекет құрудың бағытын берік ұстанды. Осы қағиданы басшылыққа алған сот қауымы сот реформасының жетістігі – оның қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әлемдік, демократиялық стандарттарына жақындай түсуіне және халық сенімін ақтау үшін қалтқысыз қызмет етеді.

*** *** *** ***

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін!

Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

*** *** *** ***
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!  Негізгі Заңның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Конституция мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтып қана қоймай, еліміздің одан әрі дамуының бағытын айқындап берді.  

Тұңғыш Президентіміз - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан барлық азаматтардың теңдігі – Отанымыздың дамуы мен гүлденуінің басты қайнары»,- деп айрықша атап көрсетті.  Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Негізгі Заңның қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Елбасы біздің алдымызға, ең алдымен, индустриалық-инновациялық дамуға және жаңа әлеуметтік саясатты баянды етуге бағытталған ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі аса маңызды міндеттерді қойып отыр. Біздің Солтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор және ең батыл жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қабілетті. Солтүстікқазақстандықтар өз болашағына сеніммен қарайды, өйткені Ата Заңымыз кемел келешегіміздің кепілі.

Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыздың жете бағалауымыз қажет. Сондықтан әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек.

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Тәуелсіздік жылдарында біздің Конституциямыз өзінің кемелділігін дәлелдеді. Еліміздің Негізгі Заңы бұрынғысынша егемен Қазақстан дамуының басты шарты болып қала береді. Конституция талаптарының орындалуы – мемлекет дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!

*** *** *** ***

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын. Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Облыс экономикасының қазіргі даму деңгейі Елбасының алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуімізге мүмкіндік беріп отыр. Бұл тарапта қазақстандық әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

*** *** *** ***

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қымбатты жерлестер! Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Осыдан 16 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Конституция жалпы тарихи тағдырмен байланысқан Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсті. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында үстіміздегі жылы 20 жылдығын атап отырған ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өттік. Бұл жалпыұлттық күнтізбелік уақыт әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Біз бәріміз — осы кезеңде елімізде болған ауқымды жаңарулардың куәсіміз. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік:нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамның негізін қаладық.

Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде лайықты орнын алды. Әлеуметтік сала — білім беру, денсаулық сақтау да күшті қарқынмен дамып келеді, жыл сайын зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі өсуде.  Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың дәйекті саяси еркі, сол сияқты Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз. Еліміздің үдемелі дамығандығын біздің облысымыздан да байқауға болады. Бүгін ол – индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асырып, ауыл шаруашылығын сапалы жаңа деңгейде дамытып жатқан, қоғамдық саяси тұрақтылықты баянды еткен және әлеуметтік жаңғыртуларға ерекше көңіл аудару арқасында қарқынды дамып келе жатқан өңір. Солтүстік Қазақстан облысы үлкен әлеуетке ие және өмірге ең күшті бастамаларды енгізуге мүмкіндігі мол. Солтүстікқазақстандықтар өздерінің болашағына сенімді және еліміздің конституциясы оған сенімділіктің және әрі қарай өркендеудің табанды кепілі бола алады. Қымбатты жерлестер! Конституция осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда, осымен оның әлеуеті сарқылмайды. Еліміздің негізгі заңы бұрынғысынша егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі болып қала береді. Конституцияны қатаң қолдану — мемлекетіміздің нәтижелі дамуының негізі, заманауи жаңа шақыруларға қайтарылған жауаптардың тиімділігі, қоғамдағы азаматтық келісім. Қымбатты жерлестер, сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, құт-береке, жақсылық, бақыт және оптимизм тілеймін!

*** *** *** ***

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×