Біз бір тұтас қазақ елі болғандықтан тіліміз, дініміз ортақ халықпыз. Тағы бізді ортақтастырып тұрған рәміздеріміз, түр келбетіміз, салт-дәстүріміз және тарихымыз. Бұл мәселенің бір жағы. Ал бізде әр өңірге сай қалыптасқан қағида бар. Сол қағидалар біздің халықты сауатсыздықта ұстап, дамуымызға кедергі келтіріп тұрғандай. Ол қағида "Жұрт не дейді"- деген. Біз ылғи бала шағамызды көршінің баласымен салыстырамыз. "Пәленшенің баласы сабақ оқымайды екен" дейді ертең деп қатарынан қалса көршінің баласын жер көкке сыйдырмай мақтай отырып, баламызды төбелейміз. Одан кейін баланың әке шешесіне деген зығырданы қайнап, көршінің баласын өз алдына жау көріп, атарға оқ таппай жүреді. Ол бала ертеңгі күні жетістікке өзі үшін емес, көршінің баласынан озсам деген ой мен ұмтылатын болады. Ал ата-ана осы тұрғыдан тереңірек ойлануға тұрмыстық сауаттылығының жоқтығын аңғаруға болады. Баланың маңдайынан сипамасаңда, көкірегінен итерме! Барынша жұдырықты алып жүгірмей, жай сөзбен түсіндіруге тырысу керек. Жұдырыққа үйренген балаға жай сөзбен түсіндіру қиын болуы мүмкін. Осылайша баланың үлкен өмірде өрескел қателіктерге алып келуі мүмкін. Тойшыл халықпыз. Тойдан қалмаймыз. Халал той болса ақ шәйнектерге тыным жоққой шіркін. Халал екенін білеміз, бірақ іштегі нәпсі жібермей ма, тойдан сау қайтса абыройдан айрыла ма білмеймін. Сол әрекетке барады. Кейбіреулер діни сауаптың таяздығы соншалық, мен кеше садақа бердім енді маған ішуге болады Құдай кешіреді деген көз қарасты кім оның миына құйғанын білмеймін, өзі шығарып алдыма. Жассыңғой қаңғырып жүріп қал, құлшылығыңды қартайғанда қыласың деген ең кеңінен тараған түсінік шығар. Отыз күн оразасын ұстанып, ауызашардан кейін аузынан ақ ит кіріп көк ит шығып тұрады. Сайып келгенде осындай айтуға аузың бармайтын сауатсыздықтар. Мынаның барлығын қайдан біледі. Өзінің басынан өткен демеңіздер. Бұл біз бен сіздің арамызда болып жатқан, дәл сіздің болмасада, сіздің танысыңыз да кездесетін жағдайлар. Сондықтан абырой үшін басыңызды алып қашпай, шындыққа тура қарайық. Сауатты бола отырып сауаптан құр қалмайық
Мұсабек Қошаев
Тұран университеті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі