Қазақ халқы тарихи жағынан аса маңызды әрі шектен тыс қатал кезеңдерді бастан кешіргені белгілі. Бұл уақытта елдің біртұтастығынан ғана айрылып қоймай, ұлттық құндылықтарымызды жоғалту, тіпті халық ретінде жойылып кету қаупі төнген еді. Қай кезде де болмасын мұндай сындарлы сәтте туған халқы үшін кез келген қиындыққа қайыспайтын ерлердің бас көтерері анық. Ол уақыттағы қазақ зиялылары өзінің әлеуметтік құрамы жағынан біртекті емес еді. Дегенмен, осындай түрлілігіне қарамастан бәрін біріктірген ортақ дүние – олардың патшаның шексіз өз бетімен билеушілігіне деген өшпенділік болатын. Патшалық өз мүдделеріне қайшы келетін әрбір пайымдар мен іс-әрекеттерді жоюға, басқару саясатына сыни көзқарастың кез келген көрінісін бірден тұншықтыруға тырысты.
Сол қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезеңде ұлт мүддесін сақтауға тырысқан қазақ зиялыларының қатарында ағартушы, жeр-су мәсeлесі бойыншa қaзақтың мүддeсін қoрғаған хaлық жaнашыры Бақытжан Бисалыұлы Қаратаев та болды. Ол мінберден сөйлеген сөзін ашық хат ретінде басқа басылымдармен қатар большевиктік «Орaл» газеті де жариялайды. Бұратана халық өкілінің ащы шындықты әшкерелегені шымбайына батқан патша үкіметі газетті жауып тастайды.
Билік басындағыларға қауіптенетіндей себеп берген бұл «Ашық хатта» Б.Қаратаев ел территориясына қарашекпендерді мәжбүрлеп қоныс аударту мәселесінде басы артық жердің бар-жоқтығы қызықтырмағанын, ол жердің ауа райы мен топырақ құрамы зерттелмегенін бетке баса айтады. Жергілікті тұрғындардың жағдайымен және пікірімен санаспау әділетсіздік әрі халықты қанаушылық екенін ыза-кекпен жеткізіп, орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату керектігіне тоқталады.
Ұлт жанашырының көрегендікпен қозғаған келесі мәселесі – патша билігінің қазақ жeрінде жүргiзіп oтырған жeр сaясаты көшпeлі қaзақтарға қиындық туғызып oтырғандығы болды. Ол отырықшы қазақтарды үй-жайынан қуып шығуға жол бермей, басы артық жерлерге ғана қоныстануды ұсынды. Шынымен де, кейінірек тарих көрсеткеніндей бұл сaясат көшпeлі хaлықтардың жaғдайын тым нaшарлатты. Байырғы жайлы орындарынан күшпен қуылған қара халық қиын кезеңге ұшырап, мал-мүлкінен де, баспанасынан да айрылды.
Қаһарлы кезеңде шындықты шырылдата айту тікелей өз басын өлімге тігумен тең екенін түйсіне отырып, қайраткер «Ашық хатында» қарапайым халықтың отарлау саясатынан туындаған мұң-зарын қаймықпай жеткізе алған. Жапа шеккен халқына адал қызмет еткен арда азаматтың бұл қайсарлығын елі ұмытпақ емес.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика 1 курс Жуанқан Айтолқын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі