Өлең, жыр, ақындар

Қиялдай алу да ерекше қабілет

Құлақта құлаққап, далада жауын. Жалғыз келе жатқан мен түрлі қиял ойға шөлім қанып келеді. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтпақшы: «Ой да көп уайым да көп - ойлай берсең, Ой да жоқ уайым да жоқ - ойнай берсең». Мида сан түрлі ой.

Жақында ғана ғаламтордан мына қызық ақпаратты оқып қалдым: «Windows-та «Con» атауымен бума (папка) ашу мүмкін емес, Билл Гейтсті бала кезден осылай мазақтаған екен». Былай қарап тұрсаң күлкің келеді, дегенмен, мұны тексеріп көрген мен ауызымды ашқан күйі не күлерімді, не қайғыратынымды білмей тұрып қалдым. Мүмкін, барлығымыз бала күнгі осындай жарақатты емдейтін заттарды ойлап тапсақ шынымен жеңілдейміз бе, әлде жай жараның бетін жылы жауып қоямыз ба? Көкейден қазір кетпейтіні анық қой, неге көпшіліктің сөзі бізді алаңдатады?  Неге әрбірі өз жөнімен жүрмейді. Бізге берілген бір жылдағы 31 557 600 секундымызды елдің ойымен өткізсек не болады?  Әрі қарай осы сөздерге миымда жауап іздей бастадым...

Қазіргі таңда ересектермен жарыса жасөспірімдер де есірткіге құмар екені бәріне анық. Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған. Ғаламтордан мына ақпартты оқыса мүмкін жер бетінде түтінге құмарлардың саны аз болар ма еді? Мүмкін, барлығы мен сияқты ойлай бермейтін шығар. Десе де, сірә, менің пікірім өзімде қалсын.

«Денеміздегі ең күшті бұлшық ет – тіл». Қызық ақпараттардың арасынан осыны көре сала жымидым да, рас екеніне мойынсұндым. 10 бәленің 9-ы тілден екені анық. Кейбірі қалжыңдаймын деп әсірелеп жібереді. Жаныңа бататын өткеніңмен байланысты жараның бетіне тұз себеді. Тілдің күштілігі сонша жанды жаралап алатын қасиеті де бар. Тілді Алла беріпті деп артық сөйлей бермеген жөн.

Міне, сан түрлі оймен келе жатқан мен жатақхананың алдына жетіп алыппын.  Бір терең демалып алдым да, қиял әлемімнен тысқары шығып, бөлмеме аяқ бастым.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар