1919 жыл. Қалаларда отын, тас көмір, мұнай жоқ, суықта тоқтап жұмыссыз завод, фабрикалар тұрады. Жиһангер соғысында таланған ел. Батыстан поляктар соғыс жарияламай-ақ кеңес жерін басып алып жатады. Сибирьден Еділге қарай Колчак ұмтылады. Жол қатынасының қауіпті айы — январь, февраль келеді. Төңкеріс жауларының аттанысын тоқтатуға бәрінен бұрын паровоз керек болады. Бірақ республиканың қарулы күштерін таситын темір жолдың күре тамыры Қазан жолының сау машиналары тіптен аз еді. Паровоздың көбі «ауру» болғандықтан жол түкпірлерінде тығылып, біріне-бірі тіркеліп тұрушы еді. Бұлардың саны жүзден асатын еді.
Төңкеріс дұшпандарының қыспағында тұрғанда темір жолды жолға салу керек-ақ еді. Сол уақытта Қазан большевиктері сенбілік жасады. Лениннің «Ұлы қолғабысы» осылай тұрған еді.
I
1933 жыл. Бұл уақытқа дейін Ленин комсомолдары Ленин тапсырмаларын орындауда сенбілікті адамның салт-санасына енгізу, дағдысына айналдыру үшін әлденеше сенбілік жасады. Мінеки, бүгін Алматы комсомолдары «Ұлы қолғабыс» көрсетуге станция темір жолына шықты. Оның алдыңғы қатарындағылардың бірі ауыл шаруашылық институтының комсомолдары болды.
Ұлы істің басы былай басталды: 16 ноябрьдің күні, ұя хатшысы жолдас Махмұтұлы жүгіріп бюро мүшелерін жинап жүр. 5 минуттан кейін бюро да басталып кетті. Махмұтұлы сөзді созбай қысқа-қысқа сөйледі.
─ Жолдастар, көп сөз айтып жатудың тіптен керегі жоқ. Сенбіліктің маңызын өздеріңіз де білесіздер. Транспорт олқылықта жатыр. Біз Орталық Комитетіміздің қаулысын орындап, Отан қорғауға қаржымен көмек беруіміз керек. Біз қалайда 18 күні станцияда сенбілік жасаймыз. Көне, кімнің қандай нақты ұсыныстары бар?
Бюро 15 минутқа созылған жоқ. Сол арада бригадирлер белгілі, бөлімдерде түсінікті жұмысын жүргізуге кісілер тағайындалды. Осы сағаттан бастап ауыл шаруашылық институты студенттерінің арасында ертеңгі болашақ сенбіліктің арқаулары созыла бастады.
II
Бүгін күн айрықша жайдары. Күн қаладан станцияға қарай ағыл-тегіл болып комсомол отрядтары жүріп жатты. Болып жатқан олқылыққа, шашылып жатқан араққа, тот басып көміліп жатқан шайбаға комсомолдың күші, жігері жастығы, күлкісі, айғайы, әлі аттанды.
Осылардың ішінде ауыл шаруашылық институтының комсомолы да бара жатыр. Бұлар 8 бригадаға бөлініп, әдепкі барғаннан-ақ жастар жұмысқа кірісіп кетті.
Шойын тасу, телеграф ағашын жинау, қамыс тасу, мұз ою жұмыстарына студенттер оқудан кем тігіскен жоқ. Жетіспеген құрал-аспаптарды іс үстінде қарқынға кесір келтірмей істеп алды. Бір минут қарап тұрмады. Міне, жолдас Энпрейұлының цистика бригадасы. Бұл әр топқа өз алдына белгілі мезгілге тапсырма береді. Солардың уақтылы орындалу есебін алып тұрады. Кім бұрын орындады, кім қалып қойды, соның бәрін жариялап отырады. Артта қалғандарды көтермелейді. Берілген міндеттеменің тез, сөзсіз сапалы түрде орындалуына бар күшті жұмсай кетеді. Лениннің «Ұлы қолғабысы» деп осыны айтады. Ауыл шаруашылық институтының жастары ертеңгі сағат оннан кешкі сағат беске дейін өтеді.
Отанымызды қорғаудың темір қорына 1500 сомнан аса ақша салды.
Дәуірдің комсомол бастаған жастары қатыспаған саласы жоқ. Ленин бастаған сенбілікті Ленин комсомолы қай уақытта болса да жасап тұрады. «Сенбілік салт-санамен сіңісіп; өмірдің, жапсарына енді, жаңа өмірді жасауға көмектесетін сенімді, ерікті қолғабыс болсын» деген Ленин. Лениннің бұл өсиетін комсомол күн сайын, сағат сайын, минут сайын орындап отырады.
1933.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі