Егер балаңыздың болашағына балта шауып, ертеңін қараңғы түнекке айналдырғыңыз келсе, мына үш нәрсені сезіндіріңіз:
1. Өзін қадірсіз сезіну
2. Кінәлі сезіну
3. Жеткіліксіз (кем) сезіну
Міне, осы үш нәрсені сезінген бала өзін бақытсыз сезінеді және өмірде өз кетігін тауып, кірпіш болып қалануда қиналады. Бұл үш сезім оның жағасына жабысып, төрдегі басын табалдырыққа сүйрейді.
Ашып айтар болсақ:
1. Қадірсіз сезіну дегеніміз – баланың «өз ата-анасының, ұстазының, достарының алдында еш қадірім жоқ» деп ойлауы.Яғни, өзін керексіз сезіну десек те болады. Ал қадірсіздік сезімі – өте ауыр жүк.
2. Кінәлі сезіну. Егер ата-ана баланың істегендеріне, қылықтарына немесе айтқанына көңілі толмай, баланы кінәлай берсе, бала өзін кінәлі сезінетін болады. Кінәлі сезіну де баланың болашағына балта шабатын өте ауыр сезім. Ол сезім баланың балалық шағын қиындатқаны секілді өмір бойы оның жағасынан түспейді.
3. Жеткіліксіз (кем) сезіну. Бала ата-анасының, ұстазының немесе басқа да жақынының көңілінен шыға алмай, олардың қойған талаптарын дұрыс орындай алмай қиналған кездеөзін жеткіліксіз сезінеді. «Мен орындай алмадым, демек, менде проблема бар, (бір нәрсе жетпей тұр)» деген ойлар оны жей бастайды.
«Мен сенің жасыңда...» деп басталатын әңгімелері арқылы баласына қысым жасайтын «мақтаншақ» ата-ананың баласы өзін жеткіліксіз сезінеді.
Осы 3 сезімді сезінуге жетелейтін әрекеттер; Ескерту; Салыстыру; Айқайлау; Ұрсу; Ұру; Жазалау; Кінәлау.
Бала — жазу түспеген тақта секілді. Оған не жазасыз, кейін соны өзіңіз оқисыз. Баланы барынша мәдениетті, білімді, иманды, ақылды қылып жетілдіру өз қолыңызда.
Елжас Ертайұлы, «Баланы жазасыз тәрбиеле» кітабынан
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі