Орта ғасырда Андалусия ғылым, жаратылыстану, медицина және әдебиет саласында ең жоғары деңгейге көтерілген еді. Тіпті папалардың өзі Андалусия мұсылман университеттерінде оқитын, әлемнің түкпір-түкпірінен келушілер осы университеттерде ғылым мен медицинаны оқып үйренетін еді.
Сол дәуірдің Еуропасы туралы баяндаған Джон В. Драппер деген ынсапты тарихшы «Еуропаның рухани гүлденуі» атты еңбегінде былай дейді:
«Ол дәуірдегі еуропалықтар толықтай жабайы еді. Христиан діні оларды жабайылықтан құтқара алмады. Христиандықтың атқара алмаған ісін Ислам діні атқарды. Испанияға келген арабтар алдымен оларға жуынуды үйретті. Кейін олардың үстіндегі жыртық-жыртық, биттеп кеткен аң терілерін шешіп, таза, әдемі киімдер кигізді. Үйлер, қонақ үйлер, сарайлар салды. Оларды оқытты. Университеттер ашты. Христиан тарихшылары Ислам дініне деген өшпенділіктеріне байланысты бұл ақиқатты жасыруға тырысуда. Еуропаның мәдениетте мұсылмандар алдында қаншалықты қарыздар екенін еш мойындай алмауда».
Томас Карлейл жоғарыда жазылған шындықтарды толық қабылдағаннан кейін: «Арабтарға бір қаһарман пайғамбар олар жақсы түсінетін кітап арқылы басшылық жасады. Сол кезде Ислам діні жалындай жарқырады. Үндістаннан Гранадаға дейінгі үлкен территорияға сәулесін төкті. Қараңғы әлемге нұрын шашты» дейді.
Осы секілді ынсапты батыстық ғалымдардың сөздері көп. Бүкіл діндерді, мәдениеттерді зерттеген ағылшын ғалымы Лорд Давенпорт «Хазреті Мұхаммед және Құран кәрім» атты еңбегінде былай дейді:
«Мұсылмандардың әдептілікке аса мән беретіндігі соншалық, осы қасиеттері аз уақытта Ислам дінінің жылдам таралуына себепкер болды. Мұсылмандар соғыстарда да жеңіліске ұшыраған басқа дін өкілдеріне үнемі кешіріммен қараған».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі