Екі бөлімді драма
ҚАТЫНАСУШЫЛАР:
Қоспан — шопан.
Жаңыл — әйелі.
Қасболат — аупартком секретары.
Жапнасбай — әр түрлі қызметтегі адам.
Қаламүш — жас шопан.
Мінайдар — қарт шопан.
Қадыржан — озық шопан, Мінайдардың баласы.
Құмар — колхоз председатель
Колхозшылар.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші көрініс
Колхоз кеңсесі. Таң алды. Қарбалас үрей бар. Қасболат телефонмен айқайлап сөйлесіп тұр. Құмар, бригадир, тракторшы бұлар өз алдына даурыққан.
Құмар. Сен шырағым, қиқаңды қой. Мына Жалмұқан қасыңа екі кісі береді. Соларды мінгізіп ал да, тезірек жөнел.
Тракторшы. Ойбай-ау, ол әлі ремонты бітпеген трактор. Жабық кабинасы да жоқ. Мына боранда кісі ұшып өледі ғой.
Құмар. Жоқ, бар деген соң барасың, шырағым. Ал, Жанғабылға шана жібер. Бар, барыңдар. Қазір әр минут қымбат.
Тракторшы мен бригадир шығады.
Қасболат (телефонда, оның даусы алдыңғылармен қабаттаса естіледі). «Жаңа жолды» қайттіңдер? Ал, «Киров», «Киров ше?» Хабарсыз жатыр ма әлі? Оған да тезірек адам жіберіңдер. Барысымен маған хабар жеткізіңдер. Аудандағы мекемелердің тайлы тұяғын қалдырмай түгел мобилизовать етіңдер. Әркім персонально жауап беретін болсын. Түс қайта ауданда боламын. Мекеме бастықтарын менің кабинетіме шақыр. (Трубканы іліп, арлы-берлі жүріп кетеді.) Пауза. Сенің қанша отарың жоғалды?
Қамар. Алтауы. Жүруге жарайтын төрт машина мен үш тракторды іздеуге жібердім.
Қасболат. Басқалары аман ғой?
Құмар. Кейбір алыс отарлармен хабарласа алмай жатырмыз.
(Қасболат қос жұдырығын столға тіреп үнсіз ойланып тұр.)
Пауза.
Қасболат. Иә, иә. «Жұт жеті ағайынды»—деген осы. Биылғы қыстан аман шығып кете алмадық.
Құмар. Биыл мал басын көбейтіп-ақ едік... Бұйырмаған соң солай болады ғой. Қасеке үйге жүріп, шай ішіп, кішкене дем алсаңыз қайтеді? Шаршадыңыз ғой.
Қасболат. Жиі түс көресің бе, Құмар?
Құмар (таңырқап). Түс дейсіз бе?
Қасболат. Түсіңде терең шыңырауға құлап бара жатасың. Енді өлдім-ау деген кезде оянып кетесің. Кейде тіпті оянғаныңа да сене алмай... қайран боласың.
Құмар. Иә, ондай болады.
Қаламүш пен Қадыржан кіреді.
Бұлар шошына қарайды.
Қадыржан (бүрсеңдеп тоңып). Сәламатсыз ба, Қасеке.
Қасболат. Иә, озат шопан, сен мұнда нағып жүрсің?
Қаламүш. Қоспан ағам отарымен ығып кетті. Өзіміз іздеп таба алмай қойдық.
Қасболат. Қоспан? Енді Қоспанның жоғалғаны ма?
Құмар. Рас айтасыңдар ма? Құрттыңдар ғой мені...
Қадыржан. Рас, Құмар аға.
Құмар. Апырмай, басқа біреу болса бір сәрі. Қоспанның мұнысы қалай?
Қасболат. Иә, иә. Жөн-жосықты білетін тәжірибелі-ақ қойшы еді. Біз өзіне үлкен сенім артып жүрсек...
Құмар. Тіптен бар-ау, бала емес, шаға емес. Алды-артын ойламай ма? Осындай да ақкөздік бола ма екен?!
Қаламүш. Сонда немене, ағам еріккеннен айдан кетіп пе қойларын?!
Құмар. Күн райына қарап абай болмағаны.
Қаламүш. Сонда абай болғанда қайтеді? Қораның маңын тақырлап болған жоқпыз ба. Үюлі тұрған пішен болса, қойларына күрт-күрт күйсетіп үйде отыруды білмеді дейсің бе, ағам.
Құмар. Өрекпімей қоя тұршы, шырағым.
Қаламүш. Жоқ, өрекпимін, Құмар аға. Алты жүз қойдың үстіне отарға үш жүз тоқты және қостың. Бірақ шөмеле шөп қосқан жоқсың. Әлде біз қардан қатық жасап береміз бе? Шопандар бригадасын құрыңыз, бәрін өзіміз қамдайтын болайық деп, қақсай-қақсай жағымыз талған жоқ па?! Малдың барлық өлім-жітімін шопанның мойнына артып қоясыз да, қарап отырасыз.
Құмар. Ау, жиналыс емес қой бұл ара. Қоя.тұршы, шырағым, кісінің онсыз да басы қатып тұрғанда. Жә, бос сөзді қоялық.
Қаламүш. Неге бос сөз болады. Тіпті құлақ аспайсыздар. Шопандар бригадасы бос сөз бе екен. Тракторымыз, машинамыз болып азықты өзіміз дайындасақ... Осылай болар ма еді. Әнекей Қоспан ағам отарымен ығып кетті. Егер біздің дегеніміз болса, тышқақ лақты жоғалтпас едік.
Қадыржан. Әй, сен үлкендердің бетінен алма. О несі-ай... Бригада, бригада деп қайдағы бір жоқ нәрсені...
Қаламүш. Сенің не қимаң қышып барады. Қойыңды әкең мен анаң бағып береді. Саған бригада неге керек.
Қадыржан. Ой, ой, мынау қайтеді-ай. Өзі тіпті...
Қасболат. Жә, жігіттер, дау-дамайды қоялық. Ал, Басқарма, Қоспанды іздеуге адам мен көлігіңді қамда.
Құмар. Қап, енді қайттік. Көліктің соңын жаңа жібердім. Кісі де қалған жоқ.
Қаламүш. Колхоздың машиналары қайда? Адамдары қайда?
Құмар. Жалғыз сендердің отарың ба колхоздағы. І.'етіп қалды жан-жаққа. Тіпті Қоспаннан күдігім жоқ еді менің...
Қаламүш. Ендеше ат бар емес пе?
Құмар. Адам болмай тұр ғой.
Қаламүш. Оныншы кластық балаларын жинаймын. Барады олар.
Құмар. Балалар? Ойбай-ау, олар үсіп өледі ғой.
Қаламүш. Неге үсіп өледі. Олардың бәрі де соқтауылдай жігіттер.
Құмар. Жоқ, жоқ оның жөні келмес.
Қаламүш. Неге жөні келмейді. Он жылдықты бітіргесін қойға бар деп өздеріңіз шақырмайсыздар ма? Күпі ертең олар да қойдың соңына түседі. Өздері илейтін терінің пұшпағы, осы бастап үйрене берсін...
Құмар. Олар бір нәрсеге ұшырап далса кім жауап береді?
Қаламүш. Қоспан ағам пәлеге ұшыраса кім жауап береді? Осыдан Қоспан ағама задым келсе қарап қалмаймын. Ал, балалар үшін өзім жауап берем. Оларға еш нәрсе де болмайды. Қазір жинап әкелейін, сенбесеңдер өздерінен сұраңыздар.
Қасболат. Қоя тұрыңдар. (Қаламүшке.) Сен де тоқта, шырағым. Қоспанға жаны ашитын жалғыз сен емессің. Ал, председатель, қолда барыңды түгел қамдап Қоспанды іздеуге жөнелт. Қоспанның өзі тұрмақ сыңар тоқтысына задым келмесін. Ұқтың ба, бүкіл ауданды аяғынан тік тұрғызамыз, бірақ Қоспанды таппай қоймаймыз!
Екінші көрініс
Қоспанның үйі. Шағын бөлме. Бұл кейін қайталанып келіп отыратын сахна.
Үйде Жаңыл, Мінайдар, Қаламүш. Қаламүш киініп,
жол жабдығын қамдап жүр.
Мінайдар. Шыда, келін шырағым. Бір орайын табармыз. Иә, иә... Қоспанның мұнысы ағаттық емес, амалсыздықтан болды ғой. Жоғарыдан төменге дейін қанша айқайлап, қанша адам шапқылап жүрсе де, жұт деген бір айналып соқпай қоймайды. Түбі мықтап ойланатын іс боп тұр ғой, қойшы халі.
Қаламүш. Менің баяғыдан бергі қақсап айтып жүр генім сол емес пе, ата-ау.
Мінайдар. Сен, балам, бірден әріге сілтейсің. Біздің бер жағындағысына қолымыз жетпей жүр ғой. Азды ала алмай жатып, көпті дәметесің.
Қаламүш. Уызында жарымаған қозы қандай болады деуші едіңіз, есіңізде ме, ата? Там-тұмдап жүріп бір нәрсе жұлғанмен көркейіп кете алмаймыз. Жоқ, бұл істі түбірімен қолға алу керек. Осы заманда қойшының мұндай халде болуы ұят тіпті. Сіздердің бойларыңыз үйреніп кеткен әрине.
Мінайдар. Балам, датты кетіп барасың ғой.
Қаламүш. Қатты кетпей қайтейін. Жаныма батқан соң. Бір адам алды-артын ойласа, Қоспан ағамдай-ақ болар... (Жаңылдың қасына келіп.) Ал, апа, біз енді жүремін ғой. Сіз көп уайымдай бермеңіз.
Жаңыл (құшақтап бетінен сүйіп). Сақ бол, айналайын. Қол-аяғыңды үсіріп алып жүрме. Мына күннің райы да түзелмей-ақ қойды ғой.
Қаламүш. Қам жемеңіз, апа. Осы жолы ағамды тауып қайтамыз. Анау-мынау емес, тура мықты экспедиция жасап алдық. Тек өзің жүдеп қалма.
Мінайдар. Бұл боран да қашанғы құтыра берер дейсің. Ашылар. Ал, келін қарағым, сау бол. Қоспанның тілеуін тіле. Бір ықтасын тауып паналаған шығар.
Сырттан Қасболат кіреді.
Қасболат. Ал, дайынсыз ба, ақсақал.
Мінайдар. Дайынбыз. Біз міне жүріп барамыз.
Қасболат. Жөн-жосықты білесіз, жастарға бас-көз болыңыз. Ал, жолыңыз болсын, ақсақал.
Мінайдар. О, жағынан дам жеме, қарағым.
Қасболат. Жағдай қиын. Бірақ, мына жақта біз де қарап отырмаспыз. Бүгін жетіп, тағы да шолғыншылар шығарамын.
Қаламүш. Cay болыңыз, Қасеке. Мана артық кеткен сөзім болса кешірерсіз, мүмкін ескерерсіз де.
Қаламүш пен Мінайдар кетеді.
Жаңыл. Қасеке, шай ішіп аттанасыз ба?
Қасболат. Иә. Тек бір-екі кесе ғана.
Жаңыл шығып кетеді. Қасболат ойланып қалған.
Қасболат. Қаламүш... Аты қандай қызық. (Пауза). Өзі тегін емес. Тіпті бала бүркіттей шаңқылдап... Құмардың есін тандырды-ау. (Пауза.) Иә, иә... Өмір иін түсірмеген қайран жастық. Жолың даңғыл. Алдыңда бөгет болар бұдыр жоқ сияқты-ау саған. Талабың тау жығардай боп еркін сермеп, жүретін албырт кезің. Тайсалу, жасқану дегенді білмейсің-ау онда. (Пауза.) Алмас қылыштай жарқылдап жүретін кездер бізде де болып еді-ау.
Жаңыл шай әкеледі.
Жаңыл. Шай ішіңіз, Қасеке.
Қасболат (ұйқыдан оянғандай). А? Жақсы (столға келіп отырады).
Жаңыл. Осындайда қай-қайдағылар ойға түседі екен.
Қасболат. Иә. Қартая бастағанбыз ба, мен де өткен-кеткенді көп ойлайтын болыппын.
Жаңыл. Алғашқы күні шыдап-ақ едім. Енді мінекей үшінші тәулікке айналып барады. Зәрем жоқ. Із-түзсіз кетті ғой. Мына боран басылар емес.
Қасболат. Бұл боран жұрттың бәрін қинап тұр ғой.
Жаңыл. Білмеймін. Не де болса аман болса игі ед».
Қасболат. Талайға төзген Қоспан ғой.
Жаңыл. Бауырсақ алыңыз.
Қасболат. Өмір деген қызық-ау. Кісі көп нәрсені басына күн түскенде ойланады... Жақсы кездердің қадірін сонда білесің. Ісіңнің бәрі ойлаған жерден шықпай қинайды ғой... Былтыр жазда келіп кеткенім есіңде ме, Жаңыл.
Жаңыл. Неге есімде болмасын. Есімде ғой.
Қасболат. Ол бір жақсы кез еді.
Жаңыл. Иә, жайлаудың құлпырып тұрған кезі болатын.
Қасболат. Ал ол кезде үлкен бір үмітіміз де бар еді. Тек бір ұмтылсақ сол абыройға қолымыз жеткендей еді-ау. Қоспанның еңбегі жанатын кез жадын далып еді Жан-жағынан дайындап келе жатыр едік.
Қасболаттың сөзінің аяғында шам сөнеді.
Үшінші көрініс
Үй сыртында машинадан түсіп Қас.болат, Құмар. Қадыржан келеді. Қасболат жайдары. Машинадан дауыстап түседі.
Қасболат. Уа, қайдасың, үлкен дара. Бармысың? Қонақтарды қарсы алмай неғып жатырсың.
Құмар. Әне келе жатыр. Бізді көріп атының басым жіберді-ау өзі де.
Қасболат. Екі етегі қалақтап... Өзін ат қалай көтеріп келе жатыр десейші.
Қадыржан. Қасекең... біздің Қасекең, жайлауға шықса Қоспан ағама соқпай кетпейді.
Құмар. Қанша айтқанмен көз көргенге не жетсін, шырағым-ау.
Қадыржан. «Дәу дара» дейтініңіз қызық-ау, Қасеке.
Қасболат. Майданда жүргенде ылғи саптың оң жағында тұратын теңкиіп. Содан «дәу дара» деп ат қойып едім. (Күрсініп.) Иә, Қоспан екеуміз басымыздан не кешпедік.
Қоспан келеді.
Құмар. Қонақтарыңды қаңтарып қойғаныңа жол болсын.
Қоспан. Ассалаумаликум.
Қасболат (Қоспанның қолын алып өзіне тартып). Иә, аман-сау барсың ба, дәу қара. Біраздан бері көріспедік қой, өзі. Жаңыл құрдас қайда? Әлде мен келгенде тығылып қалды ма?
Қоспан. Осында шығар.
Қасболат. Ал, шаруаң қалай?
Құмар. Мұның шаруасы жаман болмайды ғой.
Қасболат. Иә, ол жағынан қамшы салдырмайтыныңды білемін. Бірақ тұсыңнан соқпай өтіп кетуге дәтім шыдамады. Мінекей, біздің құрдас та келді.
Қап арқалап Жаңыл кіреді. Қабын тастай беріп о да қонақтардың қасына келеді.
Жаңыл. Есенсіздер ме. Тезек тере шықсам, қонақтар келіп қалыпты ғой.
Қасболат. Ау, амансың ба, құрдас. (Қол алысып амандасады.) Қонақ келгенде үйден кетіп қалатын әдетті қайдан үйрендің? Бұрын ондай мінезің жоқ еді. Ал, кәнекей бізге сақтаған сыбағаң бар ма өзіңнің?
Құмар. Жаңылды тосыннан келіп састыруыңыз қиын болар, Қасеке. Кебеженің түбінде пе жоқ дейсің.
Жаңыл. Жалғыз үн отырған қойшы болсақ та, құдайға шүкір, күтімсіз емеспіз. Сәбира құрдастың дені сау Ма? Балалар аман ба?
Қасболат. Аман, аман, Сәбира балаларды ертіп саған қонаққа келгісі кеп жүр. Далаға шығып, бой жазып қайтамын дейді. Қоспан екеуің ауырмайтын болсаңдар, осыдан барысымен жіберем.
Жаңыл. Келсін, келсін. Біз де бір жасап қалар едік. Ал кәне, үйге кірмейсіздер ме?
Қасболат. Біз сендерге қонаға келеміз. Қазір тек сусын ішіп аттанайық.
Бәрі үйге беттейді. Қаламүш келеді.
Қадыржан оны көріп қайырылады.
Қаламүш. Ассалаумағалайкум ағасы...
Қадыржан. Ay, Қаламүшпісің? Амансың ба, айналайын. Бері келші, маңдайыңнан иіскейін.
Қаламүш. Иә, ол ненің ақысына. Мені бір бала деп пе едің.
Қадыржан. Ойбай-ау, шіркін, мынау тіпті соқтауылдай жігіт болдым деп жүр екен ғой. Кеше ғана емес пе еді, штансыз жүргенің. Кел деймін. (Қаламүшті құшақтамақ болады.)
Қаламүш. Жә, жә. Мен бұзау емеспін ғой. Жаламай-ақ қой.
Қадыржан. Өзің тіпті кісі қолында өсіп, тас бауыр боп кетіпсің ғой.
Қаламүш. Атам мен Салиха апамның дендері сау ма? Өзің қайдан жүрсің?
Қадыржан. Сау, сау. Мына Қасекеңнің қасына еріп... Әкем де, Салиха апам да сені сағынады. Үйге неге соқпай жүрсің?
Қаламүш. Өткен айда екі рет бардым. Өзің үйде тұрмайсың.
Қадыржан. Ау енді озат шопан атанып, атқа мінген азамат болғасын әкім-қара, өкілдерінің қасына ерін... Жиналыс дегені тағы бар. Маза бермейді.
Қаламүш. Иә, тіпті қиын болған екен.
Қадыржан. Айтатыны жоқ.
Қаламүш. Озат шопан атану оңай емес десейші, қысқасы, қойды кім бағады?
Қадыржан. Кім бағадысы несі. Құдайға шүкір, сен кісі қолында болсаң да қарасыз отырған жоқпыз. Малға бас-көз болатын адам табылады. Әкем бар. Салиха апам бар.
Қаламүш. Иә-ә, шынында да саған қиып болып жүр екен, ағасы. Қойдың азабын атам мен Салиха анама бөліп беріп, ал атағы мен абыройын жалғыз өзің қайыспай арқалан жүрсің-ау...
Қадыржан. Ай, ай, осы не ден тұрсың, ә?.. Сонда туған ағаңның бақытын қызғанасың ба?
Қаламүш. Жоқ, қызғанбаймын, аяймын, ағатай, Өкілдерге еріп ет жеу деген де оңай шаруа емес. (Жүгірт шығып кетеді.)
Қадыржан. Ой сені... Тілінің ащысын қарашы. Түзде жүрген бала бұзылады, осыны өзіміздің отардың соңына салып қой деп әкеме талай қақсап ем...
Қасболат, Қоспан, Құмар, Жаңыл қайта келе жатыр.
Қасболат. Қонағасың болса кешке жерміз, құрдас. Ал біз жүрелік.
Бөрі шығады, Қасболат Қоспан мен Жаңылды кідіртіп қалады.
Қасболат. Қоспан, саған айта "кететін бір хабарым бар еді. Осы айдың аяғында Алматыда қойшылардың мәслихаты болады. Соған қатысуға сені де белгілеп отырмыз. Бірге жүреміз. Сол мәслихатта сеп сөз сөйлейсің.
Қоспан. Апырай, мен өзі сөзге шабандау едім. Үлкен жерде ұятқа қалып жүрмесем...
Қасболат (күліп). Іске мығым болғанмен сөзге шорқақсың-ау. Бірақ о жағынан қысылма. Жүргенше сөзіңді дайындатып қоямыз.
Қоспан. Менен басқа біреу-ақ сөйлесе қайтеді, Қасеке?
Жаңыл. Менің шалымды оған қинамай-ақ қойсаңызшы, Қасеке?
Қасболат. Сенің шалыңды әлі майталман етіп шығарармыз. (Іш тартып.) Жоқ, сен сөйлеуің керек. Оның үлкен мәні бар. Жоғарғы жақтың көзіне түсесің. Бүкіл газеттер атыңды жария ғып алып кетеді. Аудандағы бетке ұстарымыз өзің боп тұрсың қазір. Қолда барымызды көрсетсек — айыбы жоқ.
Қоспан. Осы мені қолпаштай бересіз, Қасеке. Тек ескі достықтың орайы болмай атағыма ісім сай болса жақсы-ау.
Қасболат (күліп). Көңіліңде күдігің бар екен ғой. Егер мен саған бөлекше жақсылық жасан жүр деп ойласаң, табыстарыңды төмендетіп көрші осыдан, ә? Сонда қалай шықпыртар екем. Менің қатал командир болғанымды ұмытып кеткеннен саусың ба өзің?! (Күледі. Содан кейін іш тартып.) Шынын айтсам ауданда бетке ұстарымыз өзің боп тұрсың. Сенімен деңгейлестер болса да, асып кеткендер жоқ... Келер жылы төл алудан ырғып бір көтерілсең... А! (Иығынан құшақтап). Үлкен бір абыройдың шеті көрініп тұр. Жақын... Жақындап-ақ жүрсің... (Жаңылға). Ал, құрдас, сірә тойдың үлкені келер жылы сіздің үйде болып жүрмесін. Осы бастан қамдана бер.
Төртінші көрініс
2 — көріністегі жағдай. Жаңыл, Қасболат.
Қасболат. Иә, иә, Қоспан осындай бір үлкен мәртебеге жақындап-ақ қалып еді. Алматыға барғанда өзіне сөз сөйлеттік. Тілшілерді Қоспанның төңірегіне жинап, газеттерге де талай мақала жаздырдық.
Жаңыл. Қайтсін. О да барын аянған жоқ қой.
Қасболат. Суреті де екі-үш газетке басылды. Жоғарғы жақпен ептеп сөйлесіп те қойып едім. Енді мінекей... соның бәрі...
Жаңыл. Иә, бұл бір төтеннен келген апат болды ғой.
Қасболат. Төтеннен келгені де рас. Құдай да «Сақтансаң сақтаймын» деген екен. Сақ болмағанын айтам-ау. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді деп... нағыз нысанаға жақындағанда құлағанын кермейсің бе.
Жаңыл. Қасеке, не айтып тұрсың? Қоспанды жазғырын тұрғаннан саусың ба?
Қасболат. Ай, Жаңыл-ай, жазғырдың не, жазғырмадың не. Сүйреп қосқан тазы түлкі алмас деп... Енді жоғарғы жаққа не бетімізді айтамыз. Тіпті қолымыз жетіп ақ тұрған абырой еді.
Қасболат арлы-берлі жүріп кетеді. Жаңыл сазарып оған қарап қалған.
Қасболат. Иә, иә, енді байтал түгіл бас қайғы. Жұлдыз алмақ түгіл бар абыройыңды жұлдырып шығарсың мұндайда.
Жаңыл. Қасеке. Бері қараңыз, Қасеке. Не деп тұрсыз өзіңіз? (Қасболат таңырқай қарайды.) Несіне таңырқайсыз, әлде мен үндемегенге тілі жоқ деп пе едіңіз? Жұлдыз, абырой... Қоспанның іздегені сол ма еді? Менің іздегенім сол ма еді? Біз атақ-даңқ іздеп жүрген жоқпыз.
Қасболат. Не деп тұрсың, Жаңыл? Менің Қоспанға жақсылықтан басқа ойлағаным бар ма еді.
Жаңыл. Жақсылығыңызға рақмет, Қасеке. Осы бір үш күн боран маған үш жылдан артық болды. Енді жақсылық пен жамандыққа да басқаша қарайтын болыппын. Сіз абырой, атақ дейсіз. Мен айтып берейін, Қоспанның өмірін өз өмірімді. Сонда, мүмкін, сіз де басқаша ұғарсыз.
Қасболат. Ау, мен білмейтін сендердің өмірлерің бар ма еді?
Жаңыл. Мүмкін білсең де білмегенің бар шығар, керсең де ұқпағаның бар шығар. Сізге атағы керек, маған Қоспанның өзі керек. Мен осымен үшінші рет жоғалтып отырмын.
Жаңыл ойланып қалған. Құлағына еміс-еміс әйелдердің дабырлаған даусы келеді. Шам сөнеді.
Бесінші көрініс
Жаңыл жалғыз. Сахнаға дабырлап почтальонды қоршаған әйелдер шығып келеді.
Мосқал әйел. Күміс-ау, дұрыстап қарашы, менің Нартайжанымнан хат бар ма екен.
Сарықарын әйел. Құдағи-ай, қоя тұршы. Бес-ақ күн болды ғой хат алғаныңа. Соғыстағы бала күнде хат жазатын ерігіп жүр деймісің. Күмісжан, сөмкеңнің түбін ақтарып жіберші, біздің үйдегіден хат ұзап кетті ғой.
Почтальон. Бар болса бермей қайтейін. Жоқ міне.
Сарықарын әйел. Неге жөндеп қарамайсың.
Почтальон. Сөмке дегенің міне. Мен ышқырына тығып қойған жоқпын ғой сенің хатыңды. Жоқ болса қайтейін.
Мосқал әйел. Сабыр етсейші, Жанипа-ау, келер.
Келіншек. Күміс апа-ай, менің де хат алмағаныма айдан асып кетті ғой.
Почтальон. Үмітіңді үзбе, айналайын.
Мосқал әйел. Қайтсін, бейкүнә байғұс. Оң жақта дұрыстап ойнап-күле алмай қалған соң.
Почтальон. Ay, Жаңылмысың. Сүйінші, саған хат бар.
Жаңыл жүгіріп келіп, хатты алып, қолы дірілдеп аша бастайды.
Мосқал әйел. Қоспаннан ғой. Байғұс-ай, сен де зарығып едің-ау. Оқышы, біз де тыңдайық.
Сарықарын әйел. Оқышы, біздің үйдегіні көрмеді ме екен. Бас жағындағысы сәлем-сауқат шығар. Орта деңгейінен баста.
Жаңыл (дауыстап жылап жібереді). Қоспан!..
Мосқал әйел. Не дейді?
Сарықарын әйел. Ойбай-ау, мына бишара сорлап қалды ғой.
Келіншек. Апа-еке-ай, не болды?
Мосқал әйел. Тас төбеден ұрғандай қолына ұстата салғаның не?
Почтальон. Қайдан білейін, сорлы басым...
Мосқал әйел. Ойпырмау, не депті. Оқысаңдаршы ана қағазды.
Почтальон (оқиды). «Сіздің күйеуіңіз хабарсыз жоғалып кетті...»
Мосқал әйел. Хабарсыз?..
Келіншек. Қаза болды демеген бе?
Почтальон. Жоқ, ашып айтпайды. Хабарсыз кетті деген.
Сaрықарын әйел. Ойбай-ау, қаза болды демепті ғой. Ендеше үміт бар ғой.
Почтальон. Көз жасыңды тый, Жаңыл. Жаман ырымға бастама. Тірі адам оралады.
Мосқал әйел. «Кебін киген келмес, кебенек киген келер» деген.
Сарықарын әйел. Ойбай-ау, тіпті дара қағаз алғандар да отырған жоқ па?! Саған не болған сонша.
Келіншек. Жаңыл апа, түңілмеші.
Мосқал әйел. Иә. Азаматтың тілеуін тіле. Артындағы жалғыз тұяғын сақта.
Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Соғыстан жаманат хабар алған соң күйіс қайырған түйедей өткен бақытымды көз алдыма қайта елестетіп өмір сүрдім. Менің бар өмірімді толтырып тұрған Қоспан еді. Соғыс Қоспанды құшағымнан суырып әкетті. Үйге кірсем де, сыртқа шықсам да сайрап жатқан Қоспанның ізін көрдім. Анау стол, мынау орындық, мұқабасы тозған «Батырлар жыры» бәрі де Қоспанның көзіндей. Анау, үйдің алдындағы қоршауды да өз қолымен істеп еді. Тақтай жонғанда құшырланып оң жақ езуін жымқырып тістеп алатын...
Алтыншы көрініс
Үйдің алды. Қоспан ағаш қоршауды шегелеп жатыр.
Жаңыл кіреді.
Жаңыл. Шаршаған шығарсың. Үйге жүріп тамақ ішсейші.
Қоспан. Қазір бітіріп тастайын. (Шегені қағып жіберіп.) Барып тұр солай. Осымен үй де бітіп қалатын болды. Енді тойға дайындалсаң қайтеді, Жаңыл.
Жаңыл. Жаңа үйге той жасағың келе ме?
Қоспан. Анау жылдары екеуміздің қосылған тойымыз жұпыны болып еді. Енді бір сілтейікші.
Жаңыл. Қоспан... Сеп білесің бе... Мен шынымды айтайын... Mен үшін сол жұпыны тойдан үлкен, содан асқан той болған емес.
Қоспан (күліп). Мен дұрыстап той жасай алмадым деп сенен қысылып жүрсем. (Байсалданып.) Шынында да айып менен болды. Қазақта «жетім қыздың тойындай» деген жаман сөз бар. Оның үстіне сенің жетім екенің рас... Расында ағаттық жасаппын.
Жаңыл. Ондай сөзді айтпа, Қоспан. Менің сенімен жасаған өмірім күнде той. Несін жасырайын, кейде өзіме-өзім сенбеймін. Осының бәрі жақсы түс сияқты. Қайсыбір кезде оянып кетіп бұрынғы күніме түсем бе деп қорқамын.
Қоспан. Сен мені өйтіп қолпаштай берме, Жаңыл. Сен өз бағаңды өзің білмейсің. Бақытты боп жүрген әйелдердің сенен несі артық. Мұрат қайда?
Жаңыл. Үйде. Сенің әкелген ойыншығыңа мәз болып... тіпті қызығы басылар емес.
Қоспан. Ұнатқан екен ғой, боқмұрын. Өзі ертеңгісін ылғи күліп оянады. Кеше жұмысқа бара жатсам бөркімді бермей қойғаны. Жібергісі келмейді.
Жаңыл. Сен өзің тым көп еркелетесің.
Қоспан. Баланың еркелегені жақсы. Оның кішкентай ғана жүрегі бар, титтей нәрседен жүдеп қалады. Айтпақшы, Жаңыл, мен саған жаңалық айтайын ба?
Жаңыл. Иә?
Қоспан. нің күйеуің үлкен әкім болатын түрі бар. Маған ауаткомға секретарь бол деп жатыр.
Жаңыл. Рас па?
Қоспан. Рас. Тек сен әзір ешкімге айтпа. Оған дейін демалыс алып елге барып келеміз. Жайлауды аралаймыз. Есіңде ме екеуміздің судың басында кездескен жеріміз. Сен маған бұрылып қарамай қойып еді ғой, ә...
Жаңыл (жалғыз). Ол бір тамаша жаз еді. Бақсам бақытымның соңы да сол екен. Біз елге де бара алмай қалдың. Қоспан қоштасар кезде өзінше сыр бермей өзгелермен көп сөйлесті. Бірақ Мұрат екеумізге жаутаңдап қарай берді. Содан-ақ қиналғанын сезіп едім.
Қараңғыдан Қоспан көрінеді.
Қоспан. Ал, Жаңыл, берік бол. Мұратжанды жүдетіп алма. Ал енді... сау болып тұрыңдар...
Жаңылды құшақтауға ұмтыла береді. Елес көшеді.
Жаңыл (жалғыз). Мұрат... атын әкесі қойған. Үй ішін қуанышқа толтыра келген бала еді. Өскен сайын аузынан түсіп қалғандай Қоспаннан аумай барады. Бір күні жұмыстан шаршап келсем, пышақты алып ағаш жонып отыр. Әбден құшырланып оң жақ езуін жымқырып тістеп алған. (Жаңылдың бірте-бірте өңі суынып, әлденеден шошығандай тітіркеніп қалады.) Жаппасбай...
Қараңғыдан Жаппасбай көрінеді.
Жаппасбай. Тез! Тез! Шығыңдар тез, оратылмай. Немене?! Жоқ, Жаппасбайды, көз жасыңмен жібіте алмайсың. Қиқаңды қой да шық жұмысқа. Сендейлерді мүрдем кетіруге менің болномочием жетеді. Дабай, дабай! Дабай! дедім ғой мен!
Елес көшеді.
Жетінші көрініс
Соғыс кезі. Жаңылдың бөлмесі. Кеш. Жаңыл шошып басын көтеріп алады.
Жаппасбай. Кеш жарық-ау.
Жаңыл. Апырмау, түн ішінде тағы қайда қумақсың.
Жаппасбай. Қорықпай-ақ қой, қорықпа. Жаппасбай десе зәрелерің ұшып тұрады-ау, ә. Ой, тіпті мақтап жүр екем ғой сені. (Тонын шешеді.) Сенің қолыңнан бір шай ішіп кетейін деп едім, тура үстінен түсіппін. Ау, қонаққа төрге шық демейсің бе?
Жаңыл. Жоғары шығыңыз.
Жаппасбай. Дастарқаныңды жылан жалап кеткен бе, қалай?
Жаңыл. Қазір кімнің дастарқаны ырғалып тұр дейсің. Барына мәзір етерсіз.
Жаппасбай. Сені сынап қайтейін. (Қағазға ораған етті ұсынып.) Құр алақан келіп Жаппасбайды құдай атып па. (Қалтасынан бір жарты алады.) Кәне ыдыс әкел. (Төрге шығып жайғасып, кесеге арақ құяды.) Мұның өзі, жарықтық, қасқалдақтың қанындай боп тұр ғой қазір. Ал, Жаңыл, мынаны қағыстырып жіберейік.
Жаңыл. Жоқ, мен ішпеймін.
Жаппасбай. Ой, бүгінде әйелдер де ішетін болды мұны. Соғыс кезінде еш нәрсенің ұяты жоқ. Қағып жібер.
Жаңыл. Жоқ, өзің іше бер.
Жаппасбай. Татып алмайсың ба? (Жаңыл басын шайқайды.) Сау бол ендеше. (Арақты ішеді.) Осы Қоспан хабарсыз кетті ме, ақыры?
Жаңыл. Хат-хабар болмай тұр ғой.
Жаппасбай. Хабарсыз кетті дегендер ана жаққа өтіп кететін көрінеді ғой. Бәшестердің қол астында жүрген шығар.
Жаңыл. Қайдан білейін. Тек тірі болса...
Жаппасбай (тағы да арақ ішеді). Cay бол. Айтпақшы саған әкелген базарлығым бар еді ғой. (Жан қал тасынан бір уыс конфет әпереді.) Мә, шайға тісте. Сен керек-жарағыңды өзіме айтып тұр. Жалғыз сендер емес, дүкенші дегендерің де менің алдымда құрдай жорғалайды. Дүкенші деймін-ау, дүкенші деген немене, менен ана мықтыларыңның өздері қорқады.
Жаңыл. Апыр-ау, олар несіне қорқады?
Жаппасбай (қарқылдап). Сен өзің Жаппасбайды білмейді екенсің ғой. Менің қызметім әйдік болмағанмен үкіметке сіңірген еңбегім зор.
Жаңыл. Немене соншама, жауды қиратып келіп пе едіңіз?
Жаппасбай. Мына қатын не дейді? Е, қиратпағанда ше. Ана жылғы жауларды жапырған кім деп ойлайсың? Жаппасбайды таныған болатын сонда. Сау болып тұр. (Арақ ішеді.)
Жаңыл. Ол қайдағы жау еді?
Жаппасбай. Өзің тіпті саяси сауатсыз екенсің ғой. Халық жаулары ше? Оларды құртпағанда бізді алдақашан бәшестерге сатып жіберетін еді. Осы ауданда бірінші мен екіншіні әшкерелеген кім деп ойлайсың? Оны сегі білмейсің. Жалғыз өзі сексен сигнал берген кім, а? Тсс... Аузыңа сақ бол. Аузыңды ашсаң мүрдем кетесің. Жаппасбай келе жатыр дегенде, жұрттың жылаған баласы қоя қоятын болған. Ойнама, шырағым. Ал, жаулардың құйыршықтары әлі де жоқ емес. Алдыңғы жылы мұғалім шал Боранқұлдың қайда кеткенін білесің бе? «Немістердің танкісі кен екен, Москва түбіне келіп қалыпты, қиратып кетпесе неғылсын» деп үрей туғызбақ болған ол.
Жаңыл. Апырай, өз құлағыңызбен естідіңіз бе, осыны?
Жаппасбай. Мына баста екі-ақ құлақ бар. Бірақ Жаппасбайдың құлағы жүз. Әр нәрсенің тегіне қарау керек. Боранқұл шал деген кім? Ол кемназияда оқыған. Губірнатырдың қызымен би билеген. Губірнатырдың қызын алмақ болған жерінен, ағайындары шоқынып кетеді ден қорқып, алып қашып келген. Көрдің бе, мәселе қайда жатыр.
Жаңыл. Сонда да байғұс шалдың обалына қалған жоқсыз ба?
Жаппасбай. Не дейсің? Халық жауына жаның ашын отырғаннан сау ма?
Пауза.
Жаңыл. Шай ішіңіз.
Жаппасбай (жұмсарып). Шай ма? Ә-ә... Жоқ. Шайыңды қоя тұр. Мастығым тарқап кетеді. (Шөлмекті көтеріп қарап.) Құрғыр өзі бітіп қалыпты ғой. (Соңын сарқып ішеді.) Сау бол. Бірақ, сен менен қорықпа. Мен жақсы көрген адамымды қорғай білемін.
Пауза. Жаңыл үнсіз. Қонақтың кетуін күтіп отыр.
Жаппасбай. Неғып тұрсың селтиіп. Төсек салмайсың ба?
Жаңыл. Төсек салғаны иесі?
Жаппасбай. Немене, түсінбей тұрсың ба? Мен қонайын деп келдім.
Жаңыл. Қонайын деп?!
Жаппасбай. Несіне таңырқайсың. Сен байсырап жүрген... ыстықсың ғой, шіркін. Сауабыңды алайын деп.
Жаңыл. «Ожырай кетсе орнына, жаппас қонар жұртына» деп... Алысқа кеткен ер-азаматтың әйеліне әукеңді салып жүр екенсің ғой. Шық үйден, Қоспанның садағасы кеткір!
Жаппасбай (сасқалақтап). Әй, өзің... сенің өзің... (Кенет есін жиып.) Уәй, мынаны қарай гөр. Қыздардың қолы жетпей жүрген Жаппасбайға соншама бұлданын... Ой, жаман қатын. Қой әрі.
(Құшағын жайып Жаңылға жақындай береді. Жаңыл өңменнен түйіп қалғанда құлап түседі.)
Сахнада Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Менің бұл тентектігім де тегін кеткен жоқ. Үш-төрт күннен кейін сазайын тарттым.
Сегізінші көрініс
Сол бөлме. Жаңыл шаршап жұмыстан келген. Қазан-аяғын қарап жүр. Жаппасбай келеді.
Жаппасбай. Ә, саумысың, асау келіншек. Қане тезірек қамдана ғой.
Жаңыл. Қайда?
Жаппасбай. Немене тойға шақыруға келді деп пе едің. Жоқ, қойға барасың.
Жаңыл. Қайдағы қой?
Жаппасбай. Алыстағы қойға шөп тасуға барасың. Немене, ұнамай тұр ма? Асау байталды арбаға жегіп бастықтырып алған жақсы.
Жаңыл. Жарқыным-ау, кек алуға шықтың ба?
Жaппасбай. Жә, сенімен тәлкектесіп тұра алмаймын. Мен қызмет бабындағы адаммын.
Жаңыл. Менің істеп жүрген жұмысым бар емес пе. Күні бойы жүк тиеп, жаңа келіп тұрмын ғой.
Жаппасбай. Заготконторың ешқайда қашпайды. Қане тезірек қандай. Екі сағаттан кейін жөнелтеміз. Дабай! Дабай!
Жаңыл. Ойбау-ау, менің балам бар емес пе?! Қыстың көзі қырауда қаршадай баланы қайда тастап кетем?!
Жаппасбай. Мен бағып берейін бе, сенің баланды? Тағы қандай қолқаң бар? Жә, бол деймін тезірек.
Жаңыл. Зәредей мейірімің жоқ па, жарқыным-ау? Сен де адамның баласысың ғой.
Жаппасбай. Доғар сөзді. Бәшеске сатылып кеткендердің қатындарын алшаңдатып қоя алмаймын. Дабай деген соң дабай. Шық тезірек...
Шам сөнеді. Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Жүгіріп жүріп көршімдегі жалғызілікті әйелге барып, Мұратты соның қолына тастап кеттім. Бір апта бойы жұмыста жүргенде де ішкен асым бойыма сіңбеді. Жүрегі құрғыр бір жамандықты сезген екен. Тапсырып кеткен дімкес әйел төсек тартып, ойын баласын қарай алмапты. Қайтып келсем, Мұрат қалпақтай ұшып, ауырып қалыпты. Буыным дірілдеп, сүрініп-қабынып жүріп, атқорадай азынаған үйімді әзер жылытып, баламды әкелдім. Мұрат өртеніп барады. Жанары солып бара жатқан көзін ашып, мені таныды. «Мама... мама» деп ерні қыбырлады. Мама....
Жаңыл булығып бетін басады. Шам сөнеді.
Тоғызыншы көрініс
Түнеріп тұрған азғантай топ. Екі әйел Жаңылдың қолтығынан сүйеген. Кішкентай шұңқырдың қар аралас мұз топырағы ернеуіне үйілген. Иығынан келген шұңқырда Мінайдар тұр.
Мінайдар. Қане, баланы әперіп жіберіңдер. Жаңыл шырағым, берегірек кел. Сәбиіңе топырақ сал.
Жұрт баланың денесін көтеріп қабырға жақындата береді.
Осы кезде Жаңыл әйелдердің қолынан жұлқынып шығып ақ шүберекке ораулы баланың денесін жұрт қолынан тартып а лады.
Жаңыл. Жоқ, жоқ. Бермеймін. Бермеймін!
Шам сөнеді. Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Енді бұрынғы күніме зар болдым. Күн мен түннің қалай өтіп жатқанымен де ісім болған жоқ. Қоспан суға батқан тастай хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Үмітсіз сайтан емес пе. Бірақ сонда да күдерімді үзбедім. Қоспан... Әлі кез алдымда. Бір жолы екі жасар Мұратқа доктор дәрі шанышқанда, Қоспан көтеріп тұрған. Баланың арқасына инені қадағанда, тура өз арқасына найза шанышқандай түсі бұзылып, ернін жымқыра тістеп алған. Енді болмаса, көзінен жас шығып кетейін деп тұр... ( Пауза.) Келе қалса, тозақтан өтіп келген сорлыны неммен қуантам... (Жаңыл үнсіз. Құлағына «сүйінші, сүйінші» деген еміс,алыс дауыс келеді. Бұлдырап қараңғы түсіп, қайта жарық болғанда Жаңыл қапшық арқалап келеді.)
Келіншек. Сүйінші, Жаңыл апа, сүйінші. (Жүгіріп Жаңылдың қасына келеді.) Сүйінші, деймін. Қоспан ағам келді, майданнан.
Жаңыл. Не деп тұрсың, жарқыным-ай.
Келіншек. Саған не болған, Жаңыл апа-ау. Қоспан ағам келді деймін.
Жаңыл. А! (Буыны қалтырап, арқалап келе жатқан қапшығына отыра кетеді.)
Келіншек. Жаңыл апа-ау, мұныңыз не? Үйге жүріңіз, Қоспан ағам келді деп тұрмын ғой.
Жаңыл. Рас па? (Буыны қалтырап орнынан тұрып жүгіре береді.) Қоспан!...
Оныншы көрініс
Жаңыл ауыз бөлмеде. Оны көрші әйелдер қоршап алған...
Сарықарын әйел. Өлгенің тірілді, өшкенің жанды деген осы да. Ай, айтып едім ғой. Mен де бір нәрсені сеземін-ау.
Мосқал әйел. Жұрттың бәрі келіп болғанда, Қоспаннан хабар болмай, сен де жүдедің-ау, мұңлық. Бір хабар естимін бе деп, майданнан азаматы қайтқан үйдің босағасын торып жүруші едің. Енді мінекей. Кебін киген келер, деп едім ғой мен саған.
Сарықарын әйел. Құдағи-ай, сен де бір. Оны айтқан мен едім ғой.
Мосқал әйел. Қара қағаз алған күні мен айтып ем ғой.
Сарықарын әйел. Сіз де бір ерегесе қалады екенсіз, мен айтқам. Со кезде-ақ осылай боларын сезгенмін. Түнде түсімде бар ғой, Жаңыл сен басыңа ақ жаулық тартып жүр екенсің.
Почтальон. Қара басып со қағазды қолыңа ұстата салғанымды айтам-ау. Тіпті өкініші кетпей жүр еді. Енді мінекей, азабың бір күнгідей болған жоқ.
Сарықарын әйел. Ойбай-ау, несіп айтасың. (Жаңылға.) Әй, сен неғып жарылмай тұрсың.
Келіншек. Жаңыл апа, Қоспан ағамнан сұрап берші, менің Ерназарымды көрмеді ме екен.
Мосқал әйел. Өзің кіріп сұрай қойсайшы.
Келіншек. Қысылып тұрмын.
Жаңыл. Қысылма. Бар.
Келіншек ішке кіріп кетеді.
Почтальон. Бұл мұңлық та әлі үмітін үзбейді, қайтсін.
Сарықарын әйел. Оң жақта қалды ғой. Мауқын да баса алмады ғой, бишара бала. Ay, мен нан илеп жіберейін, ұның қайда, Жаңыл.
Жаңыл. Ұн дейсің бе?
Мінайдар кіреді.
Мінайдар. Амансың ба, Жаңыл қарағым. Қуанышың құтты болсын.
Мосқал әйел. Әумиін.
Мінайдар. Сырттағы қойшы, біздер, ауданға сирек келеміз. Сапарым құтты екен, қуаныштың үстінен түстім ғой. Ал, зарықтырған азаматтың өзі қайда?
Төргі бөлмеге өтеді.
Сарықарын әйел. Жаңыл-ау, қуанғаннан есіңнен айрылып қалғансың ба, ұның қайда деймін. Бауырсақ пісіріп жіберейін.
Жаңыл. Ұн ба? Ұн жоқ еді.
Почтальон. Мен барып үйден әкеле қояйын.
Мосқал әйел. Жаңылды әурелеп қайтесіңдер, түге. Қазан-ошаққа өзіміз де жетеміз ғой. (Сарықарын әйелге.) Сен тез дүкен жаққа барып кел. Ал, Жаңыл, сен төргі бөлмеге бар. Жаңағы Мінекең Қоспанға Мұраттың қазасын естіртеді ғой. Бар, тек егіле берме. Жүдеп-жадап келген азаматтың сай-сүйегін сырқыратпа. Берік бол.
Төргі бөлме. Қоспан, Мінайдар, тағы үш-төрт адам.
Жаңыл келіп сәкінің шетіне отырады.
Мінайдар. Қоспан қарағым, біз көрмегенді көрдің, тура ажалдың аузынан келіп отырсың. Мына Жаңыл мұңлықтың өлгені тіріліп отыр бүгін. «Алдыңғыны көріп күпірлік ет, артқыны көріп шүкірлік ет» деген екен. Алдыңғы десең сенің алдыңа түсіп, керегесі кенеліп тұрған адамды көре алмадым. Осы атыраптан қабырғасы бүтін жанды таба алар ма екенсің. Ал, артыңа қарасаң кімді көресің, талай боздағынан айрылып, зарлап қалған жетім мен жесірді, кемпір мен шалды көресің. Бүгін өзіңмен бірге қуанып, қуанышыңа қуаныш қосармын деген-ақ күнім еді. Бірақ тағдырдың жазғанына шара бар ма. Қоспан шырағын, осы қуанышыңа у тамызғалы отырмын. Берік бол. Артыңда қалған тұяғың сынды.
(Қоспан Мінайдардың сөзін үрейлене тыңдап отырған. Бала қазасын естігенде шошып кетіп селк ете түсті де, орнынан тұрып тәлтіректеп ілгері аттай берді. Жаңыл жылап келіп мойнына асылды. Ол осылай ұзақ тұрды. Төңірек қараңғы. Тек екеуі ғана.)
Қоспан. Жаңыл, айналайын, жылама. Сенің қасіретіңнің аз болмағаны... айтпасаң да білемін. Соғыстан бұрынғы бес жыл өміріміз бір күнін бұлт шалмаған мереке еді. Таңертең тәтті үмітпен қуанып оянатын кезіміз еді ғой ол. Алыста азапта жүргенде мен соны талшық еттім. Ондай да қуанышым болмай, өмірім ойсырап тұрса тұтқын азабына төзер ме едім, төзбес пе едім. Мұратым... жылтыраған шырағым... Әке-шешең жетімдік зарын көп тартып еді. Соны саған тартқызбасын деп... Сәбиім, сені келіп, маңдайыңнан бір иіскемей өлуге хақым жоқ деп бар азапқа төзіп едім. Папаң келді сенің. Сағынған папаң... (Бойын билеп.) Ғафу ет, Жаңыл. Бұған да шүкір. Көңіліңді бас. Енді азап-мехнаттың бәрі артта қалды ғой.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
1-бөлімнің екінші сахнасындағы көрініс. Қоспанның үйі. Жаңыл мен Қасболат.
Екеуі де ұзақ әңгімеге нүкте қойып, ойланын қалған.
Жаңыл қайтадан сөз бастап кетеді.
Жаңыл. Сөйтіп зарықтырып, күдер үздіріп барып табылған Қоспаннан қайтадан айрылып қала жаздадым. Келмей жатып, көзі тірісінде жоғалтып ала жаздадым ғой.
Қасболат. Неге? Қоспан одан кейін ешқайда кеткен жоқ еді ғой.
Жаңыл. Ар жағып өзіңіз де білесіз. Бірақ көп нәрсеге қана алмаған боларсыз. Асықпай тыңдаңыз. Қоспан бала қазасын содан қайтып аузына алмады. Тек жаз шығысымен кірпіш соғып, Мұратқа там салды. Ешкімді көмекке шақырмастан бәрін өзі істеді. Қабір басында жүргенде де көзіне жас алған жоқ. Бірақ, кейде топырағы шөгіп бара жатқан кішкене төмпешіктен кез алмай, селтиіп тұрып қалатын. (Пауза.) Содан Қоспан мені ертіп колхоздағы туыстарына барып мауқын басты. Иә, иә, бұл бір жаңа қосылған жас жұбайдай ең бақытты күндерім еді-ау. Халықтың пейілі қойсын ба, Қоспан да бұрынғы жақсы қалпына оралып келе жатыр еді.
Қасболат. Ол бір түсініксіз, қиын жылдар еді ғой.
Жаңыл. Елден оралған соң Қоспан дереу қызметке орналасу жағын қарастырды: Бұрын ауаткомде әжептәуір қызмет атқарып еді ғой.
Қасболат. Ол бір түс сияқты жыл еді ғой.
Жаңыл. Бірақ тез уақытта қызмет табыла қоймады. Алғашқыда мен оны уайымдаған да жоқ едім. Бірақ күн асқан сайын сөзден қалып тұйықталып бара жатқанын байқадым. Бір күні кешке таман көңілсіз, түнеріп қайтты.
Екінші көрініс
Жаңыл үйде. Сырттан Қоспан кіреді. Тіл қатпастан сәкіге отыра кетеді...
Жаңыл. Шай әкелейін бе?
Қоспан. Кейінірек. (Пауза.)
Жаңыл. Қызметтің ыңғайы келмей жүр ме?
Қоспан. Білмеймін. Соның ыңғайы әзір келмейтін шығар.
Жаңыл. Үлкені болмаса кішілеуіне-ақ тұра салмайсың ба. Кейін реті келе жатар, таңдамай-ақ қойсайшы.
Қоспан. Таңдамай-ақ дейсің бе? Таңдап жүрген мен бар ма екем.
Жаңыл. Енді неменеге тіреліп қалды?
Қоспан. Неге тірелсе де тіреліпті, әйтеуір. Біріне барсам біріне сілтейді. Не де болса бір қақпақылға түстім. Бәрі де менен бой тартады.
Жаңыл. Майданнан келген кісіге тез-ақ орын тауып беретін еді ғой. Тым болмаса ақырын айтпай ма саған?..
Қоспан. Өзім де соған күйініп едім. Ақыры көзім жетті. Тұтқында болғандарға сенбейтін бопты.
Жаңыл. Сенбегені қалай?
Қоспан. Күдіктенеді.
Жаңыл. Күдіктенеді? Сонда сен тұтқынға өз еркіңмен түсіппісің! Өлімге басыңды байлаған жоқсың ба? Гитлерге де қызмет істеген жоқсың ғой. Дозақтан өтіп келген жоқсың ба?
Қоспан (күрсініп). Иә-ә. Тұтқын азабын досың тұрмақ дұшпаныңның да басына бермесін. Бірақ шаш ал десе, бас алатындар бар емес пе. Тұтқыннан шыққандардың ішінде неміске қызмет істегендері де бар. Соларға сақ болыңдар, деген шығар. Қайтеміз, төзе тұрайық. Көп ұзамай бәрі қалпына келеді ғой. Жазықсыз адамды жазғыра берер деймісің.
Жаңыл. Ау, ол қашан қалпына келеді? Осындағы жұрт сені білмей ме? Көбі тіпті бала кезіңнен біледі ғой. Соларға неге түсіндіріп айтпайсың. Сенің сырыңды білмейтіндері бар ма осылардың?!
Қоспан. Айтып жүрмін ғой.
Жаңыл. Сонда немене, сені жатырқай ма, олар? Сенбей ме саған?
Қоспан. Білмеймін. Осылар маған емес, басқа бір нәрсеге сенбейтін сияқты. Көбісі-ақ соғыстан бұрын таныс адамдар емес пе. Алдына барсаң жылы сөйлеседі. Бірақ әңгіме жұмысқа кеп тірелгенде, орын жоқ боп шығады. Өзге мекемеге сілтейді. Шынымды айтсам осы күні солардың қабағын айнытпай танитын болдым. «Сенің кім екеніңді, ана жақта не істегеніңді сайтан білсін. Өзің кісіні пәлеге қалдырып жүрерсің». «Бізден аулақ» не болмаса: «Жағдайыңды түсініп-ақ тұрмын. Жаным ашиды. Бірақ амал қанша». Қай бастыққа кірсем де ажарынан дәл осы екі жазудың біреуін айнытпай танитын болып алдым. Қайтеміз. Тек бір жерге тырнақ іліктірсек...
Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Қоспан әйтеуір тырнақ ілігер қызмет іздеп ауданның бар мекемелерін аралап шықты ғой. Ақыры заготживсырье деген мекемеге кладовщик боп орналасып еді. Бірақ оған да...
Жаппасбай көрінеді: Ол біреуге зіркілдеп сөйлеп тұр.
Жаппасбай. Кладовщиктің орны занят дейсіз бе? Әлде мені кладовщик бола алмайды деп ойлайсыз ба? Жоқ, мен басқа мекеме емес, әдейі осы мекемеге келіп тұрмын. А? Жоқ сіз маған тура жауап беріңіз. Тоқ етерін айтқанда бәшеске сатылған пленді баурыңа паналатып, мен сияқты ауданның ортан қолдай актебіне қызмет тауып бергің келмейді екен ғой. Түбін ойлаңыз, жолдас.
Елес көшеді.
Жаңыл. Орнын Жаппасбай тартып алғаннан кейін, Қоспан екеуміз соның қарауында жүк тиеуші боп жүре бердік... Қоспан басына не түссе де бәріне төзіп әбден көнбісті болып алған сияқты еді. Бірақ төзбейтін де нәрсесі бар екен...
Үшінші көрініс
Заготживсырьеның қоймасы. Қоспан мен Жаңыл арқалап қапшық тасып жүр. Жаппасбайдың қасында кемпір мен шал.
Кемпір. Айналайын, Жаппасбай-ау, мына сыңар ұлтаның не? Тым болмаса қос ұлтан неге бермейсің? Шалымның екі аяғы бар ғой.
Жаппасбай. Шалыңның төрт аяғы болса да, бұдан артық тиісті емес.
Кемпір. Артық екі аяқ өзіңе болсын, шырағым. менің шалымның екі аяғы аман болса болады. Өзің есеп білесің ғой, ойбай-ау. Менің әкелгенім бес келі сары май мен сегіз келі жүн ғой. Соны қай шотыңа қақсаң да қос ұлтан тимей ме?
Жаппасбай. Нормы солай кемпір, нормы. Мен қазынаның мүлкін сендерге үлестіріп бере алмаймын. Барыңыз, дабай, барыңыз.
Кемпір. Шырағым-ай, қолың тар екен. Сенің орныңда ана бала тұрғанда (қап арқалап өтіп бара жатқан Қоспанды нұсқайды.) Талай дүние алып қайтушы едік...
Жаппасбай. Үкіметтің мүлкіне жаны ашымаған соң оны орнынан алып тастады. Мен ондай емеспін. Ұқтың ба.
Кемпір.. Ұқтым шырағым, өндіршегің үзіліп кетсе де, татпай жинап тағы бес келі май әкеліп берейін. Тым болмаса қос ұлтан берші, қарағым. Шалым жалаң аяқ отыр еді.
Жаппасбай. Болмайды. Үкіметтің мүлкін талан-таражға сала алмаймын. Дабай, дабай, барыңыз.
Кемпір. Мына пиғылың бір жамандыққа апармай қоймас, шырағым. Тек бала-шағаларыңнан аулақ болсын. (Шығады.)
Шал. Жаппасбай қарағым, менің тапсырғаным отыз екі келі жүн еді...
Жаппасбай. Отыз екі келі болса неғылдейсің?
Шал. Мына бір үш метр шытың аздау бола ма деп...
Жаппасбай. Мұның өзін тек сіз болған соң ғана беріп тұрмын.
Шал. Е, сыйлағаныңа рақмет, қарағым. Тек аздау бола ма деп...
Жаппасбай. Аз болмайды. Барыңыз, ақсақал.
Шал. Барайын қарағым, барайын. (Кете беріп, қайрылып.) Отыз екі келі жүн тапсырып едім-ау, қарағым Жаппасбай.
Жаппасбай. Норма солай, ақсақал. Барыңыз дедім ғой.
Шал. Е, барам ғой. Рақмет қарағым. Тек аздау бола ма деп... Отыз екі келі жүн болғанда... (Күбірлеп шығып кетеді. Қоспан Жаппасбайдың қасына келеді.)
Жаппасбай. Шаршаған шығарсың, отыр Қоспан.
Қоспан. Жаппасбай, сен мынауыңды қой. Болмаса оңбайсың.
Жаппасбай. Нені қоямын?
Қоспан. Зіркілдеп жұртқа жаманат төндіргеннен басқаны білмейтін топас қой десем өзіңді, оның үстіне барып тұрған жымысқы ұры екенсің ғой.
Жаппасбай. Әй, әй... Сен не дейсің?
Қоспан. Кемпір, шалдарды алдауыңды қой, ұрлығыңды қой деймін, білдің бе?
Жаппасбай (сасып). Сен... Сен өзің кісіге жала жауып... Қой, сен...
Қоспан. Мен жала жауып тұрғаным жоқ, ұрлығыңды қой деп тұрмын.
Жаппасбай (бойын билеп, мысқылдап.) Ал, қоймасам қайтесің? Не істейсің?
Қоспан. Не істейтінімді өзім білем. Бірақ не де болса оңдырмаймын.
Жаппасбай. Оңдырмайсың, ә? Ондай күш қайдан келді саған? (Ашулана түсіп.) Сенің өзің кімге жала жауып тұрсың, білесің бе?
Жаңыл (жүгіріп келіп), Қойшы, Қоспан. Мына пәлемен ұстаса көрме.
Төртінші көрініс
Қоспанның үйі. Үйде Қоспан мен Жаңыл. Есік қағылады. Сырттап Қасболат кіреді. Қоспан екеуі бір-біріне бажырайып ұзақ қарайды.
Қасболат. Сіз... Қоспан емессіз бе?
Қоспан. Жолдас командир?
Қасболат. Дәу қара! (Екеуі құшақтаса кетеді.) Ойпырмай тірі екенсің ғой. Бар екенсің ғой.
Қоспан. Тірімін, жолдас командир, тірімін. Сіз де аман-сау оралған екенсіз ғой. Түу, көрісетін күн бар екен ғой.
Қасболат (құшағын жазып, бетіне қарап). Сол баяғы қалпың. Жаңа осы маңнан өтіп бара жатсам — сыртыңнан танып қалдым. Түйеше маң-маң басқан жүрісіңді көргенде, жүрегім бүлк ете қалды. Бір түрлі, тіпті таныс адамның түрі. Содан «ойпырмай, мынау Дәу қара» болмаса қайтсін еді, деген ой сап ете түскені. Өтіп кеттім де, бірақ шыдай алмай қайта оралдым.
Қоспан. Апырай, мені тіпті ұмытпапсыз-ау, Қасеке.
Қасболат. Неге ұмытам. Өзге солдатты ұмытсам да, сені ұмыту... Жоқ, жоқ, Қоспан. Командирдің де, солдаттың да алдында өтелмес борышы болады. Апырай, аман екенсің ғой. Ал, халің қалай?
Қоспан. Хал осы. Әйтеуір, аман-eceн елге жеткен соң, өзгесі ештеңе емес қой.
Қасболат (Жаңылды көріп). Мына кісі ұмытпасам...
Қоспан. Жаңыл. Біздің бәйбіше.
Қасболат. Иә, иә айтушы ең ғой. Амансыз ба, Жаңыл. Сыртыңыздан қанықпын. Майданда жүргенде Қоспан айтқан сіз туралы. Ал танысып қоялық. (Қол алысып амандасады.) Бір жағы Қоспан екеуміздің құрдастығымыз да бар. Енді сіз де ешқайда қашып құтыла алмайсыз.
Жаңыл. Сізді жете біле алмай жатырмын. Бірақ қашатын біз жоқ қой. Ал төрге шығыңыз.
Қасболат. Оған тап қазір ұяттымын. Бір тығыз мәжіліске кетіп бара жатқан бетім.
Қоспан. Апырмай, бұл қалай болды. Онда мәжілістен кейін күтейік.
Қасболат. Мәжілістен тура командировкаға аттанам. Қап...
Қоспан. Бұл қалай болды енді. Өң мен түстің арасындай... Біздің ауданға қалай келіп жүрсіз?
Қасболат. Жуырда ғана ауыстым. Осында аудандық комитетте кадр бөлімін басқарамын. Қазір төл алу науқанымен шапқылап жүргеніміз ғой. Әттеген-ай, уақыттың қысылтаяң болып қалғанын қарашы... Ә, айтпақшы үш күннен кейін қайтып оралам. Сен тура кеңсеге кел. Кеңірек отырып гәпті шертейік те, а. Екеуміздің хикаямыз аз уақытта таусыла қоймас.
Қоспан. Келем. Қасеке, келем.
Қасболат. Айтпақшы өзің қашан оралдың? Қайда орналастың?
Қоспан. Келгеніме үш-төрт ай болып қалды. Әзір боспын.
Қасболат. Онда қызмет мәселеңді де шешіп жіберейік. Тек келмей қалма. Ал, әзірге сау бол. Сау бол, Жаңыл. (Қоштасып шыға беріп қайта оралды. Қоспанды иығынан сілкіп.) Өй, Дәу қара-ай, ә!..
Қасболат шыға береді.
Жаңыл. Тоқтай тұр, Қасеке. Аяғына дейін тыңда.
Қасболат шыға беріп тоқтайды.
Жаңыл. Бұл кісі кім еді?
Қоспан (қарқылдап күледі). Мәссаған білмей тұрсың ба? Менің командирім. Қасболат екеуміз нағыз қанды қырғында бірге болғанбыз.
Жаңыл. Өзі әжептеуір бастық көрінеді ғой.
Қоспан. Иә, кадр бөлімінің бастығы. Енді жолымыз оңғарылған шығар. Қызметіңді де шешіп жіберем деген жоқ па, ә? Біздің командир солай келеді.
Жаңыл. Тек сөзіне берік болса...
Қоспан. Майданда болған солдаттар бір-бірін жау қолына бермейді, Жаңыл. Бәсе, жазықсыз адамға пәле жолаушы ма еді. Айттым ғой, мұның бәрі уақытша нәрсе деп. Амандық болса, жұмысқа енді кірісетін шығармыз.
Қасболат, Жаңыл.
Қасболат. Иә, мен асығыс мәжіліске кеттім. Мәжіліс үстінде де, колхозға бара жатқан жолымда да көз алдымда Қоспан тұрды. Сол баяғы баладай көзі жаутаңдаған ақ көңіл, аңқау қалпы. (Әлденеден тітіркеніп қалады.)
Жаңыл. Үш күн бойы Қоспанның әңгімесі сіз болдыңыз, Қасеке. Екеуіңіздің майданда жүріп, бастан кешкен әңгімеңізді жыр қылын айтып берді маған. Сіз белгілеген уақыт жеткенде, үйде мейрамға бара жатқан адамдай боп шығып еді.
Бесінші көрініс
Шағын кабинет. Стол басында Қасболат. Берекесі қашып отыр.
Қоспан кіреді. Мәз болып жайраңдап келіп,
Қасболаттың қолын алады.
Қоспан. Сәлеметсіз бе, жолдас командир. Сәлеметсіз бе, Қасеке.
Қасболат. Сәлеметсіз бе, Қоспан?
Қоспан. Түу, үш күннің өзі, үш жылдай көрінді ғой. Сізді айта-айта Жаңылдың да құлағын сасыттым білем. Апырай-ә, сізді де көретін күн бар екен-ау.
Қасболат. Иә, үй ішің аман ғой.
Қоспан. Аманшылық. Сіз тіпті өзгермепсіз. Жарақаттан амансыз ба?
Қасболат. Қайдан аман болайық.
Қоспан. Аман-сау келген соң бәрі ұмыт қой. Апырай-ә. Сізге шабарман болып жүрген кезімді айтам-ау. Әлгі Харьков түбіндегі неміс бомбалағанда сізді астыма басып тұншықтырып тастай жаздағаным-ау. «Салмағың неше центнер еді» деп сұрағаныңыз әлі есімде. Ой, күндер-ай десейші.
(Қасболат Қоспан сөзіне еліге түсіп, бойын әрең тежеп жүріп кетеді.)
Қасболат. Мен асығыс едім.
Қоспан. Асығыспын дейсіз бе? Қап, бұл қалай болды. Мүмкін кешке қарай қолыңыз бос болса. Жаңыл қамданып жатыр еді.
Қасболат. Кешке де босай алмаймын.
Қоспан. Бұл қалай болды, ә? Бір басымызды қосып...
Қасболат. Егер шаруаңыз болса, тыңдайын. Айтыңыз.
Қоспан. «Сіз, біз» деп мені сипаламай-ақ қойсаңызшы, Қасеке, өзіңіздің солдатыңмын ғой. (Қасболаттың бетіне қарап іркіліп қалады.) Шаруа дейсіз бе? Несін жасырайын. Шаруамның бар екені де рас. Mен келгелі үш-төрт ай болып қалды. Бос жүрмін. Жұрт маған жолағысы келмейді. Бәрінен де сүтке тиген күшіктей сұқтана қараған қорлығы өтіп барады.
Қасболат. А-а, бұл бір қиын жағдай. Сіздерді тиісті орындар тексеріп анықтау керек. Оған дейін ешкім кесіп жауап бере алмайды.
Қоспан. Ay, басқалар болса бір сәрі. Ал, сіз мені жақсы білуші едіңіз ғой... Өзіңіз мені...
Қасболат. Менің сізді қырық екінші жылға дейін білгенім рас. Ал, оның бер жағында... Не істегеніңізді мен білмеймін.
Қоспан. А?
Қоспан бір сұмдықты көргендей көзі шарасынан шыға шатынап,
есікке қарай ақырын жүре береді.
Қасболат жалғыз. Жаңыл көрінеді.
Жаңыл. Ал, тіпті қолыңнан келер жәрдемің болмаса да оң қабағыңды, жылы шырайыңды көпсіндің бе, Қасболат? Ескі досың емес пе және қандай досың еді!
Қасболат. Иә, қатты кеткенім рас. Құрғақ қасық болса да жарқылдап НІЫЛЫ шырайымды берсем — ескі жолды жаңартып қайта табыссаң... Ал, оның Қоспанға түк пайдасы жоқ, тек маған зиян. Жұрт қарап жүре ме, «Қырағылықтан айрылған... ашың ауыз» деген қоңырау байланса. Иә, иә... арада талай жыл өтті. Және анау, мынау жылдар ма еді ол. Қоспан үш-төрт жыл жаудың қолында болды. Иә... иә... жаудың қолында болды. Ол шақта не істегенін сайтан білсін...
Жаңыл. Сенің өзің сендің бе осыған? Жүрек түбінде жатқан шының ба еді, осы? Әлде ұятыңды жапқан бүркеншегің бе бұл?
Қасболат. Ал, оның ақтығын немен дәлелдейсің? Лагерьде бірге болған жоқпын. Тіпті бірге болған адамның өзі ақтап ала ма?
Қасболат жалғыз. Қинала ойланып қалған. Кенет «Менің сізді қырың екінші жылға дейін білгенім рас. Ал оның бер жағында ие істегеніңді білмеймін» деген өз даусын естіп селк ете қалды. Қараңғыдан Қоспан көрінеді.
Қоспан. Жоқ, оны айтқан жоқсың.
Елес көшеді. Қасболат жалғыз. Ақырындап алыстап атыс дүбірі естіледі. Атыс ұлғая береді.
Алтыншы көрініс
Соғыс даласы. Сахна сыртында атыс ұлғайып кеткен. Қасболат, Қоспан екеуі жаумен атысып жатыр. Кенет атыс тоқтайды. Қасболат маңдайынан теріп сүртіп отыра кетеді. Аз уақыт үнсіз.
Қоспан. Немістердің оғы пышақ кескендей тыйылды. Неге тым-тырыс бола қалды екен бұлар?
Қасболат. Бәрі түсінікті. Белгілі тактикасы ғой.
Қоспан келіп Қасболаттың қасына отырады.
Қоспан. Не де болса көз шырымын алып, жан шақырмасақ. Үш күннен бері ұйқы дегенді ұмыттық қой.
Қасболат. Көз шырымын алдырса жақсы. Жоқ, мұның мәні басқа, Қоспан. Олар әдетінше қуып келе жатқан алғашқы қарқынымен періп кетіп еді, ала алмады. Енді кейінде келе жатқан күшін тосып алып мықтап соғады. Кәне, темекі тартып алайық тым болмаса.
Қоспан. Харьков түбінен біз шегінгелі жиырма күп болып қалды. Мұны қай шамадан тоқтатар екен, жолдас командир?
Қасболат. Иә, айту қиын. Донның арғы бетінен іліктірмесек. Қысты күні азат еткен жерімізді жазда жауға қайта беріп келеміз. Қиын... Қиын соғыс.
Қоспан. Шіркін өмір-ай десейші. Ел-жұртты көретін күн болар ма екен? Соғыстан кейінгі өмір, шіркін арман ғой.
Қасболат. Мынандай соғыстан кейінгі өмір де оңай болмайды, Қоспан.
Қоспан. Оны қойшы, Жолдас командир. Қиындықтың көкесін көрін келеміз ғой. Осыдан артық болмас. Mен адамдарды айтам. Жұрт керемет тату-тәтті... бір-біріне мейірімді болуға тиіс қой. Нағыз рақат сол ғой.
Қасболат (күліп). Екеуміз құрдас деп кім айтар, бала сияқтысың-ау, Қоспан. Өмір дегенді оп-оңай көресің. Жоқ, өмір соқпағы сен ойлағаннан гөрі қиындау.
Қоспан. Әрине енді... Бірақ, Қасеке, жанын бір шүберекке түйіп, ажалдың аузына бірге түскен адамдар... Қалай енді солар бір-біріне қиянат жасайды. Ондайға кісінің дәті шыдамайды ғой.
Алыстан гүрілдеген машиналардың, ұшқан снарядтардың даусы естіледі.
Қасболат. Иә, жақсы айттың, Қоспан. Немістер қайтадан қыбырлай бастады-ау деймін.
Екеуі түрегеліп жау жаққа қарайды.
Қасболат. Иттер, ашықтан-ашық. Тасалану; жасқану дегенді қойын алған-ау.
Қоспан. Әзірге басынып тұр ғой, шошқалар. Позицияға зеңбіректерін шығарып жатыр.
Қасболат. Иә, иә... (Команда беріп.) Ұрысқа дайындалыңдар. (Бұл команда әрі қарай ауыздан-ауызға қайталанып кетеді.) Біз жауды тоқтата алмаймыз. Бір сағаттан артық позицияны ұстап тұруға шамамыз келмейді. Рота қоршауда қалатын болды.
Қоспан. Енді не істейміз? Шегінеміз бе, жолдас командир?
Қасболат. Шегінсек жау жапырып кетеді. Түгел қырыламыз. (Ойланып.) Оншақты адамды тосқауылға қалдыру керек.
Қоспан. Дұрыс, жолдас командир. Тосқауыл қараңғы түскеніне позицияны ұстап тұрады. Сонда қарамызды үзіп кетеміз.
Қасболат (қиналып). Тосқауыл... тосқауыл... Мына күшке кім тосқауыл болады. Тосқауылға сену де қиын. Жиырма күннен бері шегініп келеміз. Жұрттың көбін үрей билеген. Кімді қалдырсақ ажалға байлап кетеміз. Қалдырған отделениеміз он-он бес минут тарсылдатын мылтық атып, содан кейін олар да зытпай ма? Иә, онда қарамызды үзіп кете алмаймыз. (Пауза.)
Қоспан. Жолдас командир, мен қалайын...
Қасболат (таңырқап). Сен қайда қалатыныңды ойладың ба?
Қоспан. Бәрібір біреу қалу керек қой. (Пауза.)
Қасболат. Қоспан... Жоқ. Сен талай сыннан өткен менің шабарманымсың (Пауза.) Керек боласың...
Қоспан. Сенімді адам ғана керек деп тұрсыз ғой. Сіз маған сенесіз ғой. (Пауза.)
Қасболат. Ендеше отделениені қолыңа ал.
Қоспан. Құп, жолдас командир. (Шалбарының ықшырынан гильза алып) мынау үйімнің адресі еді. Әйелім, кішкентай балам к,алған. Тек, Қасеке, асықпай, кейінірек хабарласыңыз. Жақын туыстары жоқ еді...
Қасболат. Тағы қандай тілегің бар?
Қоспан. Ел-жұртқа сәлем айтыңыз. Егер елге аман-есен барсаңыз... Өзіңіз білесіз ғой. Позицияға баруға рұқсат етіңіз, жолдас командир.
Қасболат. Рұқсат. Қош бол, Қоспан. (Құшақтап сүйеді.)
Қоспан автоматын қысып ұстап, позицияға қарай келеді. Шам сөнеді. Сахна айналады. Тарсылдаған атыс ұзай береді. Қасболат артына қарап қойып, қатты аяңдап келеді. Жаңыл көрінеді. Қасболат тоқтайды.
Жаңыл. Мұның бәрін, Қоспан маған түгел айтқан жоқ еді. Ол тек сізді мақтай беретін.
Қасболат. Қоспан сезге сараң еді ғой. Сен де сөзшең емес едің, құрдас.
Жаңыл. Ашынғасын менің де тілім шықты. Сол Қоспанның тым болмаса бір халін сұрауға жарамадыңыз ғой.
Қасболат. Өткен өмірді ойласаң өкініші көп екен. Маған да тәтті болған жоқ. Шынымды айтсам, сол бір тұста мен қатты қиналдым.
Жаңыл. Қиналдым дейсіз бе. Сізді көп болса азғантай ғана ұят қысқан шығар. Түңілу дегеннің не екенін, нағыз жан азабын сіз білген жоқсыз, білген жоқсыз, Қасеке.
Жаңыл жалғыз келеді. Алдынан сарықарын әйел ұшырасады.
Сарықарын әйел. Жаңылмысың. Амансың ба?
Жаңыл. Шүкір.
Сарықарын әйел. Қоспан аман ба, үйде ме?
Жаңыл. Үйде, енді қайда барушы еді?!
Сарықарын әйел. Сұмдық-ау, Жаңыл, мен бір жаманат хабар естідім-ау. Берегірек келші. Әлгі Меңдібай сорлыны ұстап кетіпті ғой.
Жаңыл. Неге?
Сарықарын әйел. Ойбай-ау, тұтқында болғандарды ұстап жатқан көрінеді ғой. Әлгі Андрей шоферді білесің ғой, оны да алып кетіпті. Әйтеуір Қоспан аман ба?
Жаңыл (шошынып). Қой, бекер шығар.
Сарықарып әйел. Өтірік айтып... ол бір ойнайтын нәрсе ме.
Жаңыл. Қой... Қоспанның күнәсі жоқ қой. Апырмай, олай болмас... Қате шығар... Жазығы жоқ қой оның. Жазығы жоқ еді ғой. Жан баласына жазығы жоқ еді ғой.
Жаңыл жүгіре басып шығып кетеді.
Жетінші көрініс
Қоспанның үйі. Қоспан үнсіз сұлық жатыр. Сырттан Жаңыл кіреді. Қасына келіп отырады. Қоспан тіл қатпайды. Екеуі үнсіз.
Жаңыл. Жұмыс жағынан не ойың бар? (Қоспан үндемейді. Пауза.) Осылай өз жаныңды өзің кеміріп жата бересің бе? Бір қаракет етпейсің бе?
Қоспан. Ауырлай бастадың ба? Саған да керегім болмай қалған екен ғой.
Жаңыл. Сен не дедің, Қоспан? (Пауза.) Өзің әбден қажыған екенсің.
Қоспан. Иә, қажыдым. Дүниенің не боп кеткенін білмеймін.
Жаңыл. Апыр-ау, қойшы, соншама сарқылмай. Жаудың тозағына да төзіп ең ғой.
Қоспан. Жау тұтқынында үш жыл болдым. Егер дүниеде тозақ бар болса, нағыз тозақ сол болатын. Талай боздақтар шыдай алмай өліп жатты. Суық баракта жолдасыңды құшақтап ұйықтайсың... таң атқанда құшағыңда серейіп өлік жатады. Көзің қарауытып, буының құрып құлап бара жататын кезің болады. Бірақ құласақ атып тастайды. Қуламадым. Шыдадым. Қалың дұшпанның ішінен қашып та шықтым. Бірақ ұзап кете алмадым. Арлап төбетке талатып, төрт күн бойы тепкіледі. Етіме ине сұғып, оққа да қақтады. Бірақ сонда да елімнің ырқына көнбедім. Қасарысын, қатып қалдым. Шыдадым. Алдымда үмітім бар еді. Арманым бар еді. Сағынған ел-жұртым... Туған жерім... Ажалдың аузынан шығып келдім ғой мен. Жазығым не? Heгe ғапа айтып... айтып өлтірмейді екен тым болмаса...
Жаңыл. Көңіліңді басшы, торықпашы. Қажырлы едің ғой.
Қоспан. Қажырлы... Иә, қажырлы сияқты едім. Қол-аяғымды жіпсіз матап тастағандай. Енді қызмет іздеуге де бетімнен басам. Қара жұмыс қажытпас еді-ау, мені. Басқасы ғой діңкемді құрытатын: өзге жұрт бір бөлек, мен бір бөлек. Жұрттың бәрі маған сұқтана қарайтып сияқты. Қарап тұрып, өзімнен-өзім қуыстанып, кібіртіктеп. Кіндік кесіп, кір жуған жерім емес пе. Осы даланың топырағында жаралған жоқ па едім. Неге сыймаймын сол кең далама. Неге мені енесінің бауырынан жұлып алған содыр күшіктеп лақтырады. (Пауза.) Білмеймін. Жер-көкке сыймайтын болдым ғой мен. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деуші еді. Енді өлексемді сүйретіп, бір жаққа қаңғып кетпесем...
Жаңыл. Өзіңді-өзің қинай беріп қайтесің. Бізді қаңғыртатын да ешкім жоқ. Одан да ауылға барайық. Қанша айтқанмен ағайын арасы.
Қоспан, Сені мен менің қайбір екі туып, бір қалғанымыз толып тұр. Әр ауылдың бір Жаппасбай табылмас деймісің. (Пауза.)
Жаңыл. Қоспан, есіңде ме, осыдан оп жыл бұрын мен сені алғаш рет көрдім. Ол кезде кісі есігінде жүрген жетім қыз едім. Мені жүдеткен жоқшылық емес, қорлық еді. Бір үйде тұрып, бөлексің, баласымен ойнап жүріп, кемсің. Содан шығар, әбден бұйығы болып, көңілім басылып қалып еді. Торсан деген шүйке шалға ұзатпақ болғанда қарсылық айтпадым. Соны тіпті жек көріп тұрсам да, көңілім еш нәрсеге селт етпеді. Кеудесінде жаны жоқ пендедей мойынұсына бердім. Сөйтіп жүргенде біздің ауылға сен келдің. Ауданда әжептәуір қызмет істеп жүрген жігіт жетім қызды қайтсін, деп ойладым. Бірақ ауылға сәуірдің лебі келгендей, көңілім оянып... кеудемді бір бұлдыр, тәтті үміт биледі. Сен маған көз салады ғой деп дәметкенім жоқ, бірақ енді Торсанға өлсем де бармайтыным анық болды.
Қоспан. Білем ғой, оның бәрін. Несіне айтасың маған.
Жаңыл. Жоқ, білсең де білмегенің бар шығар. Тыңда. Mен еріксіз өскен жан едім. Содан кейін бар еркімді саған бердім. Қателескенім жоқ. Асқар таудай пана болдың маған. Барым сен едің ғой менің. Кеше бес жыл хабарсыз кеттің. Жұрттың бәрі өлдіге жорыды. Сөйтіп жүргенде жалғызым... Мұратым... одан айрылдым. Нем қалып еді менің... Асқар тауым жығылып, жалғыз шырағым өшкен жоқ па еді. (Пауза.) Бірақ онда да кеудемде үміттің сәулесі қалды. Менің адыра қалған өміріме талшық болған сол еді. Сол арманыма жеттім. Сен келдің...
Қоспан. Арманыма жеттім дейсің. Менің құр сүлдеріме мәз боласың ба?
Жаңыл. Иә, сенің аман келгеніңе қуанам. Тірлігіңе қуанам.
Қоспан. Со да қуаныш болып па?
Жаңыл. О да қуанып. Ол болмаса қайтер едік. Бір ажалдан аман қалдың ғой. Сені енді жоғалтар жайым жоқ. Менің сөзімді тыңда.
Қоспан. Иә? (Таңырқай қарайды.)
Жаңыл. Соншама түңіліп немене. Бір сұмырайдан қорлық көрдім деп бүкіл елдің бетіне түкіресің бе? Тіпті жұқарып қалыпсың ғой өзің. Одан да сөзді қойып, колхозға көшеміз. Күрекке боқ табылмайды деп қорқасың ба? Ел іші алтын бесік, бізге де өгейлік қылмайды.
Қоспан (таңырқап). Сен не деп тұрсың?
Жаңыл. Несіне таңырқайсың, мені жаңа көрдің бе? Осында Құмар басқарма мен Мінекей қайнаға келген екен. Солармен сөйлесіп келіп отырмын. Іш құса болып жата бергенше, елге барып серпілесің. Еңсеңді көтер. Қазір сол кісілер келеді осында. Жақсылап тұрып сөйлес езің де.
Қоспан Жаңылға таңырқаған күйі бақырайын, өлі қарап отыр.
Жаңыл жалғыз.
Жаңыл. Содан колхозға көшіп келдік. Қоспан жыл бойы Мінекеңе көмекші шопан боп істеді. Бұ да бір естен кетпейтін уақыт еді.
Сегізінші көрініс
Көктем. Кең дала. Қоспан мен Жаңыл шығады. Кішкентай Қаламүштің қозыларды қуалап жүрген дауысы естіледі.
Қоспан. Қаламүш. Әй, Қаламүш. Бері кел. Қап, мынаны-ай.
Қаламүштің даусы. Аға, қозыны ұстап алып, ат қылып мінем.
Жаңыл. Қой, қулап қаларсың.
Қаламүштің даусы. Жоқ, құламаймын, апа, Шәйт, шәйт.
Жаңыл. Айналайын-ай, бір жерің ауырып қалған жоқ па?
Қаламүштің даусы. Шәйт, шәйт. Бәрібір ұстаймын.
Қаламүштің қозы қуған дүбірі ұзап кетеді. Қоспан кеудесін кере, алысқа сүйсіне қарап тұр. Мінайдар келеді.
Мінайдар. Анау, Ғалымжан ба?
Қоспан. Иә, Қаламүш. Қозы қуып жүр. Өзі де бұлтыңдап, қозыдан аумайды. Аһ, тағы құлады-ау. Тіпті елең қылар емес. Томпаң-томпаң етіп... (Мінайдарға бұрылып.) Бүгін дала тамаша екен.
Мінайдар. Қойшы болғаныңа жылдан асты, әлі зеріккен жоқсың ба, бұл даладан?
Қоспан. Жоқ, Мінеке. Осы даланың бір сиқыры бар ғой деймін, сірә. Сонау Жаппасбайлардан қорлық көріп жүргенше, тура елге тартып кетсемші баяғыда...
Мінайдар. Ай, Қоспан-ай, саған тиіп жүргені тек Жаппасбай зұлымдығының шарпуы ғана ғой. Жұрт одан не көрмеді дейсің.
Қоспан. Иттің сырын кім білген. Бүгіп бір өзіме ой келіп тұр, Мінеке. Сонау бір кезде өмірден түңіліп кетіп едім. Адам деген жарықтық та қызық-ау, жоқты аңсап әуре болады. Дәл осы бір сәтті, осы сәскені көру үшін ғапа өмір сүруге болады екен-ау.
Мінайдаp. Байқаймын, Қоспан, көңілің тазарын келе жатыр. Құтты болсын.
Қоспан. оныңыз рас, Мінеке. Еңсемді басқан бір зіл бар еді. Содан арылғандаймын.
Мінайдар. Бұрын атыңды естіп, жүзіңді көргенім болмаса, сырыңа қанық емес едім, Қоспан. Былтырғы бір мінезіңнен танып қалдым-ау сені.
Жаңыл. Ол қандай мінез еді, қайнаға?
Мінайдаp. Әзің де бар едің ғой, келін, Құмар бұған: «Бір кезде әжептәуір қызмет атқарған Қоспан едің. Дәм бұйырып, келіп қалған екенсің. Олқы көрмесең, бригадир етіп қояйын, иә болмаса, сиыр фермасын қолыңа берейін»,— деп еді ғой.
Жаңыл. Иә, иә...
Мінайдар. Сонда Қоспан тұрып: «Азғантай еркекті атқа мінгізіп қойып, бар салмақты қатын-қалаш, шал-шауқанға салып жүрген көрінесіздер. Мен атқа мінгендердің тобын көбейтпей-ақ қояйын. Мені тура қой бағуға жібер»,— дегені қайда.
Жаңыл. Иә, иә...
Мінайдар. Ойлап қарасаң, нағыз азаматтың сөзі сол екен-ау.
Қоспан. Иә, Мінеке, өткен жылы ғана ұсақ-түйек қызмет үшін тайталасып, әр кеңсенің босағасын тоздырып жүргенімді есіме алсам, ұяламын. Босқа кеткен есіл уақыт, қор болған қайран жігер.
Мінайдар. Азды-көпті оқуы бар еркек, азамат деп аталатындар толып жатқан кеңселерді сығалап, бір нәрсенің тізгінін ұстаған боп жүр ғой. Соғыстан тұралап шыққан колхоздарды сүйреп келе жатқан сол өзің айтқан қатын-қалаш, шал-шауқандар. Солардың үстінен күн көріп, есіл қайрат күштерін болмашыға сарт етіп жүргендерін ойлай ма екен, солар. Ай, сірә ойламайтын шығар.
Қоспан (күліп). Дұрыс айтасыз, Мінеке. Ойлайтын болса білекті сыбанып жіберіп жұмыс істемей ме. Жұмыс істеудің орнына, онсыз да шаруаларын тындырып жүргендерге «ананы істе, мынаны істе»— деп айқайлауды кәсіп етіп алған. Түрлеріне қарасаң — бәрін өздері тындырып жүрген кісідей. Тіпті солар айтпаса, нұсқау бермесе, жұрт күрек ұстауды, дей суаруды білмейтін сияқты. (Күліп.) Жо-оқ, Қоспан енді олардың қатарына қосыла қоймас. Не де болса мықты бір тірліктің құйрығынан ұстады. Тапқан нанын рақаттанып жейді...
Мінайдар (күліп). Бәрекелді. Әкім қара деген абзалы ел үстінен күн көреді екен ғой. Бәрің бірдей әкім болсаңдар кімнің үстінен күн көресіңдер... (Байсалданып.) Қоспан қарағым, дәмдес болғанымызға жылдан асты. Иша десіп көңіл суытқан жеріміз жоқ. Туыс болмасаң да жақынға бергісіз боп кеттің. Не көрсек те бірге көрдік қой осы уақыттың ішінде. Енді алдыңа дербес отар салып, бөлінейін деп отырсың. Сенің үстіңе отау тігіп, енші бердім деп мен қуанам. Бір жандық сойып той жасағалы отырмын.
Қоспан. Рақмет, Мінеке.
Мінайдар. Ал, ендеше енші аларыңда бұйымтайыңды айт. Өкпе-назың болса, оныңды айт. Іркілме. Ішіңде дақ кетпесін.
Қоспан. Сіз өкпе-наз дейсіз, Мінеке, мен сізге алғысыңды қалай айтып жеткізерге білмей тұрмын. Ападан қайта туғандай, тазарып шықтым қолыңыздан. Ешбір дағым жоқ ішімде.
Жаңыл. Рақмет, қайнаға. Ризамыз. Тек Қаламүшжанға анасыз қиындау боп жүрмесе.
Мінайдаp. Келін қарағым, сөзіңнің төркінін танып тұрмын-ау. Ғалымжан саған бауыр басып қалды. Перзенттен қиналсаңдар да, әлі үмітсіз емессіңдер ғой. Сол баланы бөлмей-ақ қоялық. Екі үйдің ортасындағы тел қозы боп жүре берсін.
Қоспан. Рақмет, Мінеке.
Жаңыл жалғыз. Қасболат көрінеді.
Жаңыл. Будан түңілдім деп, мыңның бетіне түкірме деген рас екен. Туыстығы болмаса да, Мінайдар шал бізге пана болды. Қоспанның да жан-жарасына емші болған сол кісі. Кіші баласы Қаламүшжанды бауырыма бастым. Өткеннің бәрі ұмыт болып, ескі жара жазылып, өмірдің берік арнасына түсіп келе жатыр едік...
Қасболат. Бастан талай қателіктер етті ғой. Артта қалған нәрсе ғой, ұмыт болған шығар деуші едім. Сен бәрін қайта қоздырдың.
Жаңыл. Мен айтпағанда, мен үндемегенде өз арыңнан, өз ұятыңнан қашып, құтыла аласың ба, Қасеке? Бұл сіз бен біздің өміріміз ғой. Осыны қалай сызып тастаймыз.
Қасболат. Иә-иә... Өткенді өзгерту біздің қолымыздан келмейді. Еш нәрсені ұмытпапсың. Қатал екенсің, Жаңыл. Соңғы бес-алты жылдан бері сол кінәмді жуып-ақ көлем. Ескі достар қайта табыстық... Арамызға қайтадан сына қаққың келе ме, білмеймін.
Жаңыл. Алдымен сына қаққан кім еді, Қасеке?
Қасболат. Енді оның несін қаза бересің, Жаңыл.
Жаңыл. Бұл боран сізге де, бізге де оңай болған жоқ. Қоспан ығып кетті. Әне, қаршадай Қаламүш жүр осы боранда шапқылап. Біз жасарымызды жасадық. Бірақ ана хақым бар. Баламды ойлаймын. Оның ертеңін ойлаймын. Тек басына бермесін, бірақ күн туа қалса,
Қоспан ағасы сияқты о да ажалдан тайынбайды. Баламның ақ жүрегіне дақ түсіргім келмейді. Жалған мен өтіріктен, нақақ пен қиянаттан сақтағым келеді. Өмірімнің ащысын сол үшін ақтарып отырмын. У ішсең түбіне дейін.
Қасболат. Иә-иә... Бұл боран Қоспан екеуіңе ғана емес, маған да ауыр сын болды. Уақыт, жағдай, қызыл сөз... Солардың тасасына қанша тығылсаң да, арыңа папа болмайды. Әр нәрсенің сұрауы бар. Адам қолымен істегенiн мойнымен көтеруге тиіс. У ішсең түбіне дейін. Айт бәрін...
Жаңыл. У ішсең түбіне дейін. Көз алдыңда сайрап тұр ғой. Осыдан он жыл бұрын, елу бірінші жылдың қысы да осындай қатты болған жоқ па. Мал көп қырылды. Осы колхозға жиналыс өткізуге өзің келдің. Ол кезде ауаткомның орынбасары едің ғой, Қоспанмен шүйіркелесіп, сөйлеспейтін кезің, Екеуің тек бас изесіп қана өте шығасыңдар. Мені де құрдас деп арқадан қақпайтынсың.
Тоғызыншы көрініс
Жиналыстың шағын президиумы. Стол басында Құмар, Қасболат, Қоспан сөйлеп тұр.
Қоспан. Басқарма «малыңды аман алып шыға көр» деп қойшыға сыйынады, қойшы «қыстың қаһарын аулақ қыла көр» деп құдайға сыйынады. Ал осыдан өзге қарекетіміз қайда? (Қасболатқа бұрылып.) Былтыр жазда өзіңіз осында өкіл болдыңыз. Аудандық газеттегі ақбарға қарасам, біздің колхоз шөп шабуды жүз процент орындапты. Оның жартысы да шабылған жоқ. Ал, шабылған аз ғана шөбің әне тұр. Пішенді аман сақтап қалдық та, қойды қырып алдық. Оны енді биылғы ақпарға қосарсыңдар.
Дауыстар.— Дұрыс айтасың, Қоспан.
— Ойбай-ау, ол шөптен не пайда?
— Тақырға отырып қалдық.
— Тура көңілдегімізді айтып тұрсың.
— Айт, шырағым.
Қоспан. Несін айта берейін. Кейбіреулерге ақпар керек. Бізге мал керек. Қайсымыздың сай-сүйегіміз сырқырамады. Талай жылғы еңбегің, азап-мехнатың еш болса, қалай шыдап тұрасың. Біз өз сазамызды тарттық. Бірақ айып бізде ғана емес. Кешегі қытымыр қыста да емес. Осыны ойлап, осыған жауап беретін адам бар ма?
Дауыстар.— Рас, айтсын,
— Бәрекелді, көкейдегіні айттың-ау.
— Иә, жауап берсін.
— Бұқпантайламасын. Турасын айтсын.
Айқай-шу. Құмар қоңырау соғады. Қасболат орнынан тұрады.
Қасболат. Жолдастар. Бүгінгі жиналыста көп кемшіліктің беті ашылды. Біздің ересен зор табыстарымызбен бірге елеулі кемшіліктердің бары рас. Биылғы қыс қатал, ауыр болды. Сонымен бірге, басқару ісінде де елеулі кемшіліктер болды. Басқарма ұйымдастыру шараларын дер кезінде қолданып, көпшілікті жұмылдыра алмады. Пішен уақытында тасылып, жеткізілмей қалған отарлар болған. Бірақ үрей туғызарлықтай қырғын жоқ. Жұмысты жақсылап қолға алу керек. Қойшылардың жауапкершілігін арттыру керек. Бұл біздің қолымыздан келетін шаралар.
Ал, кемшілік бар ма? Жолдастар. Біз бұл жағдай үшін колхоз басқармасын маңдайдан сипай алмаймыз. Үлкен кемшіліктерді батыл әшкерелеп, большевикше қорытынды шығаруға тиіспіз. Кейбір отарларда қойдың қырылғаны рас па? Рас. Біз одан қорытынды шығармай, көз жұмып өте аламыз ба? Жоқ, жолдастар. Мысалы, жаңа ғапа тақылдап сөйлеп шыққан Есқарин Қоспанның отарында жартыдан артық қой қырылған. Тірі қалғандары іш тастаған. Ал, осы тегін нәрсе ме? Меніңше, тегін емес. Әр нәрсенің түбіне, негізіне қарауымыз керек. Есқарин Қоспан кім? Біз оның кім екенін білуге тиістіміз. Оның кім екенін, кешегі соғыс кезінде қайда, кімнің қолында болғанын колхоз басшылары жақсы біледі. Осыдан келіп, олар саяси қырағылығын жоғалтқан жоқ па деген заңды сұрақ туады. Капиталист? қоршауда тұрғанда біздің ашық ауыз болуға хақымыз жоқ.
Қасболаттың сөзінің соңғы жағында Қоспан селт етіп, шошып көзі адырайып, тұрып қалған. Қасболаттың соңғы сөзі әлсіреп естілмей кетеді.
Оныншы көрініс
Қоспанның үйі. Жаңыл. Қасболат. Екеуі де ауыр ойда.
Жаңыл. Бұл қиянатыңа не дейсің?
Қасболат. Бастан талай қателіктер өтті ғой. Артта қалған нәрсе ғой, ұмыт болған шығар деуші едім. Сен бәрін қайта қоздырдың.
Жаңыл. Мен айтпағанда, мен үндемегенде өз арыңнан, өз ұятыңнан қашып, құтыла аласың ба, Қасеке? Бұл сіз бен біздің өміріміз ғой, оны қалай сызып тастаймыз. Жоқ, өмірде еш нәрсе ұмыт болмайды.
Қасболат. Иә-иә... Өткенді өзгерту біздің қолымыздан келмейді. Еш нәрсені ұмытпапсың. Қатал екенсің, Жаңыл. Соңғы бес жылдан бері сол кінәмді жуып-ақ келемін. Ескі достар қайта табыстық... Сен ылғи қайдағы қиынын айтасың.
Жаңыл. Қоспан екеуміздің өміріміз оңай ма еді.
Қасболат. Қоспан маған бұрынғыны кеткен сияқты еді...
Жаңыл. Кешкеніне көзің жете ме?
Қасболат. Осы күнге дейін кешті ғой деп сеніп келіп едім. Бірақ бүгін... Білмеймін, әйтеуір қолымнан келген жақсылығымды аянып жүргенім жоқ Қоспанға.
Жаңыл. Жақсылық дегеннің бәрі жақсылық па екен? Қоспанға керегі сол ма екен? Соны ойладың ба, Қасеке.
Қасболат. Иә-иә... Енді бәрін де қайтадан ойлауым керек екен.
Он бірінші көрініс
Түн. Сахна қараңғы. Дүрлігіп үріккен қойдың, үрген иттің шуы. Ат тұяғының дүрсілі. «Айт, айт». «Айт, Құтпан». «Айт, айт» деп қарлығып айқайлаған Қоспанның даусы. Жан ұшырып, шыңғыра кісінеген аттың даусы. Тарсыл-дүрсіл, айқай-шу, алас-қапас. Бір мезгіл сахна айналып; тізерлей беріп, қасқырдың алқымынан ұстап, сіресіп қалған Қоспанның силуэты көрініп, өтіп кетеді. Бірте-бірте шу басылады. Қара көлеңкеде сүрініп-құлап келе жатқан Қоспан көрінеді. Оның ақырын ғана «Жаңыл» деген даусы естіледі. Ақ көйлек киген Жаңыл оны қолынан жетелеп келеді. Жаңыл Қоспанның басын сүйеп, жатқызады. Елес өшеді.
Қоспан басын көтереді.
Қоспан. (ой даусы). Жаңыл... Мен... мен... қайдамын... Жоқ, жоқ... өлмеймін. От... от жағу керек. (Тырбанып от жағады.) Осы мен нені ұмыттым? Тынбай қалған, ойсырап тұрған бір шаруам бар еді ғой. Жаңыл... Жоқ, жоқ, сен жалғыз қалуға тиісті емессің. Дені дұрыс адамның құтылмайтын пәлесі жоқ. Ел-жұрт іздеп жатқан шығар. (Пауза.) Қасболат... Қасболат естісе, іздетпей қоймас. Қасболат... Осы сен кім едің?
Қараңғыдан Қасболат көрінеді.
Қасболат. Қайдасың, Дәу қара. Сағынып қалыппын ғой солдатымды. Келші бері. (Елес өшеді.)
Қоспан. А? Иә-иә...
Қасболат екінші жағынан тағы көрінеді.
Қасболат. Есқарин Қоспан деген кім? Оның кім екенін, кешегі соғыста кімнің қолында болғанын колхоз басшылары жақсы біледі. Осыдан келіп, олар саяси қырағылығын жоғалтқан жоқ, па деген заңды сұрақ туады. (Елес енеді.)
Қоспан (ыңыранып). А?
1 - дауыс. Үш күн сұрапылда сені қатты қинаған Қасболат жайы еді. Соның шешімін тапқан жоқсың ба?
Қоспан. Сыр мінез, сырын алдырмаған бір жан.
2 - дауыс. Сонау алапат кезде сол үшін басын оңқа байлаған солдатын сатып кеткен жоқ па еді? Қиын-қыстауда опа бермеген адамнан қандай қайыр күттің?
Қоспан (ойланып). Соққы жеп, басылып қалған қам көңіл... Маңдайдан сипағанға баладай алданып... елп ете қалғаным ба? Ұқпаппын-ау сырын.
1 - дауыс. Сырын ұқтырмайтын тереңі бар ма еді соның? Былтыр күзде отарыңа үш жүз тоқтыны қосарында Құмар саған не деп еді?
Қараңғыда Құмар көрінеді.
Құмаp. Саған оңай емес екенін білем, Қоспан. Бірақ амалда. Бұ да өзіңнің досыңның қамы. Қасекеңнің түп-тамыры босаңқырап қалған сияқты. Соны енді қоймен нығыздау керек боп тұр. Егер осы қыстан аман шығып кетсек.... Біздің ауданның малы Қасекеңнің абыройын аспанға шығарады. Маңдайыңа шаң тимейді.
Елес өшеді.
Қоспан. Апыр-ау, сонда... бір басының мансабы үшін... жалғыз мені емес... бүкіл үйелменді жұртты арандатқаның ба, Қасболат?
2 - дауыс. Қасболаттың бетіне тіке қарайтын, өткені мен бүгінгісі үшін жауап сұрайтын көзің жеткен жоқ па? Тіпті өзің үшін болмаса да, анау зая кеткен өзгелер үшін... Қаламүш үшін...
Қоспан. Қаламүш... Ғалымжан... Қоспан ағасы дегенде шығар жаны басқа ғой оның. Тірі болса таппай қоймас. Ағасының жолын қуып қойға келді.
1 - дауыс. Тоқта... тоқта. Сонау Аттаншоқыдан бері қарай шашылып келіп, енді мынау жайрап жатқан сол Қаламүштің қойы емес пе? Соңыңа ерген жалғыз қараңа не бермексің, қандай мұра қалдырмақсың, Қоспан?
Қоспaн (қинала ойланып). Мынау атадан қалған ақ таяқ па, қолына ұстатарым? (Пауза.) Ол артынан өзі сияқты жас өрімдерді ертіп келмек еді ғой. Аялаған арманы бар емес пе еді? Қоспан ағасы сол арманына ара түсе алды ма? (Пауза.) Қасболаттың шаужайына неге мықтап тұрып жармаспадым? Сонау Алматыға барғанда неге қақсап тұрып айтпадым? Қандай кежір желкемнен тартып, еңсемді басқан? (Пауза.) А-а, бітіре алмаған, тындыра алмаған шаруам. Жазатайым, қаза болсам арқалап кетер борышым... осы екен ғой.
Қоспан үнсіз ойланып тұр. Таң атып төңірек жарық болды.
Қоспан (алысқа қарап). Анау Күреңқасқа ғой. Қаламүш, Қаламүш. Жеткен екен ғой айналайын. Ағасын танып, құйғылтып келеді, Қаламүш.
Сахнаға Қаламүш бастаған бір топ жастар, Мінайдар шығады.
Қаламүш . Қоспан аға. Бармысың. Тірімісің?
Қоспан. Бармын, қалқам. Тірімін. (Қаламүшты құшақтайды.)
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі