Көздеген мұрат-мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.
*** *** *** *** ***
Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн орнасын. Ата-ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.
*** *** *** *** ***
Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.
*** *** *** *** ***
Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз.
Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.
*** *** *** *** ***
Еліңе қалана біл кірпіш болып,
Жан жақты гүл жайнаған түр, түс болып.
Өмірде алынбайтын қамал болмайды,
Білімге бойлай білсең, тың күш болып.
Талпынып, қатарыңнан қалыспағын,
Өзіңді өнерлі іске бағыттағын.
Арың мен ұятыңды таза сақтап,
Әділдік, шындық жолдан ауытпағын.
Елің бар кең байтақ - Қазақстан,
Орны бар Евразия аралықтан.
Елтаңба, Әнұран мен Байрағы бар,
Қорғаңдар Отаныңды адалдықпен.
Кетесің бітірген соң шар тарапқа,
Кезігесің әр түрлі сан сынаққа.
Байлығың мен атағың тұрса да өрлеп,
Ұстазыңды әрқашан ойда сақта.
Сәтін салса ертең-ақ бай боларсың,
Қолың жетіп, қоншыңмен жорғаларсың.
Артық дәулет бас жарады деген бар ғой,
Аяз бидей артыңа бір қарарсың.
Сәл қиналған шақтарда мектебіңе,
Білім берген ұстазды ойға аларсың.
Байлық, мансап мәңгілік жолдас емес,
Деген сөздің байыбына бір барарсың.
"Ата көрген - оқ жонар" дегенді ұғып,
Ту етіп, мұны өзіңе қолданарсың.
Ақылын ұстаздардың тыңдап өтсең,
Өнегелі ұл мен қыз боларсың.
Ей, жастар, осы сөзді ұстанбасаң,
Досың күліп, дұшпанға құл боларсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ұлдана
Әпкиге и оқушыға керек еді
Райхан
Бұл оқуға байланысты тілектер білім жолында жүрген әрбір адамға арналған шынайы әрі жүрекжарды армандар мен ізгі ниеттер жиынтығы. Мұнда мектеп табалдырығын енді аттаған жас балаға да, жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап жүрген жасқа да келешегі жарқын, мақсаттары орындалсын, белестерден биік болсын деген тілектер айтылған. Осындай жылы және нақты тілектер әрбір оқушы мен студентке өз білімін тереңдетуге, армандарға жетуге және қоғамға пайдасы тиген азамат болуға шабыт береді. Бұл материал оқырманға білімнің тек кітаптан ғана емес, адамның жүрек ниетінен де басталатынын еске салады.