Бойдақтық қалды қынжылма,
Тағдырың теліп бір қызға.
Құрметпен қара, жан досым,
Қолыңа қонған жұлдызға.
Күн өтті шалқып желпінген,
Бұғауға түстің еркіңмен.
«Сүйемін!» дедің жарыңа,
Таймағын сол бір сертіңнен.
Азамат дейді сені жұрт,
Басыңнан кештің серілік,
Әке де әлі боласың,
Жарыңды сүйгін беріліп.
Ұлдарын болсын тұлымды,
Қыздарын болсын бұрымды.
Қосағыңмен қосыла айт,
Махаббат атты жырыңды.
*** *** *** ***
Құтты болсын неке қиған сәтті күн,
Екі жүрек бірге соққан тәтті күн.
Жаңа өмірге батыл қадам басыңдар,
Биік ұстап адалдықтың ақ туын.
Қос аққудай бір жүзіңдер көк көлде,
Қол ұстасып бір шығыңдар көк белге.
Жазылмасын жұптарыңыз мәңгілік,
Қос жұлдыз боп жарқыраңдар көктемде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі