Жоғарғы оқу орындары жайында сөз қозғалса, мектеп бітіруші түлек болып жүрген уақытым есіме түседі. ҰБТ. Мамандық таңдау. Пән таңдау. Таңдап тұрған мамандығың ұнаса, оның таңдау пәндері немесе таңдау пәндері ұнаса ол пәндердің мамандықтары көңілден шықпай, қандай таңдау жасарыңды білмей, айналаңнан қолдау күтіп, іштей торығып жүретін уақыт. Бірақ менің таңдауым нақты Астана қаласындағы Евразия Ұлттық Университеті болатын.
Неге екенін білмеймін елордамыздың төрінде орналасқан университет деген аты мені баурап алған болар деп ойлаймын қазіргі уақытта. Себебі мен өзім Шымкент қаласының тумасы болғандықтан, жазы ыстық, қысы өте жайлы мекенде өскендіктен суық ауа райынан қашатынмын. Айтпағым Астана қаласының ауа райы өте салқын екені баршамызға мәлім, мен ол жағын ескермеген екенмін, себебі менің қалауым жылы шуақты ауа райлы мекен болатын. Менің таңдау пәндерім джт+анг болды түлектердің тілімен айтқанда. Өзім таңдау пәндерімді де, оның ішіндегі мамандықтарды да қатты ұнаттым. Мен мектеп бітіретін жылы (2019) осы таңдау пәндерінде небәрі 6 мамандық қана болды. Олар: халықаралық қатынастар; аударма ісі; түркология және шығыстану; екі шет тілі; саясаттану; мәдениеттану. Менің таңдауым, арманым халықаралық қатынастар мамандығына грантқа түсу болды. Тест тапсырдым, 116 балл жинадым. Енді оқуға документ тапсыратын уақыт та келіп жетті. Әкем өзі алып жүрді, барынша қолдау білдірді, мамандық таңдауға, университет таңдауға барлығына көмектесіп өзінің ақыл-кеңестерін айтып жүрді.
Міне, ЖОО таңдайтын уақыт та келді. Менің таңдауым ҚазҰУ және Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы университет болды. Әрине, мамандық белгілейтін сәтте ең бірінші өзімнің жан дүниемнің қалауы халықаралық қатынастар мамандығын белгіледі деп ойламаңыздар. Себебі менің ол уақытта мамандыққа байланысты ойларым өзгерген болатын. Бірінші ҚазҰУ саясаттану мамандығы, екінші екі шет тілі мамандығы ҚазҰУ, үшінші екі шет тілі мамандығы М. Әуезов атындағы техникалық университет, төртінші мәдениеттану мамандығы ҚазҰУ етіп таңдадым. Барлық таңдауларым өзіме ұнады. Ендігі тілегім осы мамандықтардың біріне грант ұтып алу болды. Мен мәдениеттану мамандығына соңынан санағанда екінші болып грантқа түстім. Қатты қуандым. Қуаныштан көзімнен жас ақты. Университетке документ тапсыруға келгендегі сезімдерім үшін тағдырыма ризамын. Менің факультетім философия және саясаттану факультеті. Сондай керемет сезімдерді бастан өткердім, шүкір.
Документ тапсырудағы өз кафедрамның мұғалімдері өзіме қатты ыстық көрінді, олар да өте жылы қабылдады. Университетке келген алғашқы сабақ күндері сондай әсерлі болды. Өзімізден жоғарғы курс студенттері бізге арнайы кездесулер ұйымдастырып өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, біздерге үлкен қолдау білдірді. Сондай керемет естеліктер ойда қалды. Кафедрамыздың мұғалімдері де керемет ұстаздар. Қазір мен 4-курс студентімін. Университетімізде бакалаврды бітіретін шағым. Осы уақыт аралығында менде еш өкініш болмапты, ЖОО үшін, мамандығым, оқитын факультетімнің құрылысы болсын, ешқандай өкінішім болмапты, сол үшін Аллаға сансыз шүкірлік етемін, және рақметімді айтамын. Мектеп бітіруші түлектерге өзімнің мамандығыма, дәл мен оқып жатқан университет ҚазҰУ-ға, дәл мен оқып жатқан кафедраға оқуға түсуге кеңес берер едім. ҚазҰУ – еліміздегі жетекші ұлттық университеттерінің бірі. ҚазҰУ тек ҚР мен ТМД жоғары оқу орындары арасында ғана емес, халықаралық рейтингтерде де жетекші орынға ие. Мысалы, белгілі QS World University Rankings халықаралық ұйымының рейтингі бойынша ҚазҰУ әлемнің ең технологиялық дамыған 500 университетінің қатарына кіріп, рейтингте 165-ші орынға ие болды.
ҚазҰУ - ТМД-ға қатысушы елдердің ғана емес, сонымен қатар Шығыс және Орталық Еуропаның жалғыз өкілі болып табылатынын, сондай-ақ Сингапурмен және Жапониямен қатар бүкіл Азия континентін ұсынатынын атап өткен жөн. Сондайақ, ҚазҰУ мемлекеттік білім беру тапсырысының оқуға арналған гранттар саны бойынша көшбасшы екенін атап өткен жөн. Университетте мемлекеттік білім беру гранттарына қосымша жыл сайын ректордың гранттары беріледі. ҚазҰУ-да ақылы оқуға жеңілдіктер мен жеңілдіктердің икемді жүйесі бар.
Егер университет түлектерінің тізімін қарайтын болсақ, онда көптеген жоғары лауазымды тұлғаларды, қазақстандық қоғамның элитасын табамыз. Бұл-министрлер, депутаттар, түрлі деңгейдегі әкімдер, Қазақстанның көптеген университеттерінің ректорлары, еліміздегі және шетелдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен банктердің басшылары.
ҚазҰУ-да сапалы білім алуға және өз ісінің маманы болуға бірегей мүмкіндік берілген.
Сондықтан мен “Менің университетім – менің мақтанышым” деп сенімді түрде айта аламын!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
"Мәдениеттану" мамандығы
4-курс студенті Нұрсара Бақытбекқызы
Ғылыми жетекші Самал Мухаметалиқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі