Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Оқушы және студент жұмыстары / Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі

Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі — Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Cценарий.​

І-бөлім.
1-оқушы:
«Құрметті ұстаздар​ мен оқушылар!
Қазақстан Халықтары бірлігі күніне орай ұйымдастырылған “Татулық мекені” атты ұлттар мәдениетіне арналған кешімізді «Ашық»- деп жариялаймыз!

2-оқушы:
Алдарыңызда төртінші және бесінші сынып оқушылары, әртүрлі ұлттардың киімін,​ тілін,​ салт-дәстүрі мен өнерін таныстырады.

1-оқушы:
​Сондай-ақ, ұлттық тағамдарын да таныстырып,​ өзге ұлт пен қазақ халқының мәдени ұқсастығын дәлелдейді.

2-оқушы:
Бастайық олай болса кешімізді,
Дәстүрі жоғалса елдің несі құнды?!
Сан түрлі ұлт,​ бір атаның баласындай,
Сыйласып күн кешуде осы күні!

1-оқушы:
Испан ұлты танымал өр мінезбен,
Гитараға қосып айтар әуенмен.
Бесінші «а» таныстырсын осы ұлтты,​
Жақынырақ танысайық жат ұлтпен!

2-оқушы:
Түбі Түркі,​ бір атадан тараған,
«Түрік» ұлты жанашыр ұлт,​ досқа адал.
Бесінші «ә» таныстырсын түрік елін,
Жадырасын жаны жайнап көрген жан.

1-оқушы:
«Сыған» деген жиһан кезген ұлт бар,
Алдау-арбау,​ ән айтуға жаны құмар.
Бесінші «б» таныстырсын осы ұлтты,
Құлақ салып,​ көңіл қойсын жарандар!

2-оқушы:
Оның тілі — Құран тілі,​ әуезді,
Ал Меккесі ғашық еткен әлемді.
Араб ұлтын таныстырсын сіздерге,
Бесінші «в» көрсетіп бар өнерді.

1-оқушы:
Көрші тұрған сан ғасыр,​ орыс ұлтын,
Төртінші «а» сыныбы таныстырсын.
Тілі мен салт-санасы араласқан,
Мінезі жақын болған славян көршім.
​ ​ ​ ​
2-оқушы:
«Қазақ» - десе құлағы елең еткен,
Ал халайық,​ құлақ қой,​ сөзге еппен.
Төртінші «ә» сыныбы таныстырсын,
​ Қазақ елін, сіздерге қара өлеңмен!

1-оқушы:
Өз ағамыз Өзбектің салт-дәстүрін,
Таныстырсын сахнада төртінші «б».
Діні,​ тілі,​ түбірі түгел ұқсас —
Тыңдайық майда қоңыр өзбек тілін.

ІІ - бөлім.
1-оқушы:
​Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүр,​ мәдениеті бар.​ Испан халқының ұлттық дәстүрімен сахнада — 5 «а» сыныбы. Қарсы алдыңыздар!

2-оқушы:
​Түрік халқының салт-дәстүрін таныстыруға,​ сахнаға 5 «ә» сыныбын шақырамыз!

1-оқушы:
​ Араб мәдениетін жақынырақ танытуға 5 «в» сыныбы келіп отыр. Қабыл алыңыздар!

2-оқушы:
​«Құда түсу немесе Сватовоство» көрінісімен алдарыңызда 4 «а» сыныбы. Тамашалай отырыңыздар!

1-оқушы:
​Орыс халқы қызын бір Каравайға ұзата салса, қазақ халқы ұзатылар қызын қаншаға бағалаған екен?! Бірге тамашалайық?!​ «Қазақша құда түсу». Сахнада 4 «ә» сыныбы оқушылары.

2-оқушы:
Төртінші​ «а» және «ә» сыныптары бүгін​ «Құда түсу салтын» көрсетсе, 4 «б» сыныбы өзбектің “Келин салом” дәстүрін көрсетпекші. Тамашалай отырыңыздар!

ІІІ - бөлім.
1-оқушы:
​Өнердің де келді міне кезегі,
​Біреу — билеп,​ біреу — ән сап береді.
​Испандықтар биіменен танымал,
​Әуенін де бүкіл әлем біледі.
​Алдарыңызда 5 «а» сыныбы оқушылары «Испан биімен».​ Қарсы алыңыздар!

2-оқушы:
5 «ә» сыныбы оқушылары «Түрік» биімен көңілдеріңізді көтере отырсын. Қабыл алыңыздар!

1-оқушы:
Сахнада 5 «в» сыныбы. Араб ұлтының өнерін паш етсін!

2-оқушы:
«Орыс» десе еске түсер «Частушка»,
Частушкада кездеседі әр нұсқа.
Частушканың қазақшасын шырқасын,
Сахнаға билеп шығып төртінші «а»!

1-оқушы:
Қазақтың бір дәстүрі тәтті шашу,
Сараңдық пен тар пейіл істен қашу.
Тойбастар «Шашу» биін билеп берсін,
Төртінші «ә»-нің қыздары,​ шашып шашу!

2-оқушы:
Келесі кезекте 4 «б» сыныбы “Андижанская полька” биімен сахнада.

IV-бөлім.
1-оқушы:​ Енді әр сынып өз ұлттарының ұлттық тағамдарын таныстырады.​ Сахнада аспаздар!
2-оқушы: Осымен бүгінгі ұлттар күніне арналған сайысымыз аяқталды.​ Мектебіміздің басшысы    ....     ....... қызына​ сөз береміз!

Тапсырыс беру үшін байланыс номерім: wa.me/77002303625

 

 

 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі туралы не білуге болады?

Бұл бетте Сценарий, 1-мамырға арналған мерекелік кештің сценарийі тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Оқушы және студент жұмыстары бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Оқушы және студент жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар 1-мамыр тақырыбындағы материалдар ұлттар достығы тақырыбындағы материалдар бірлік күні тақырыбындағы материалдар Қазақша сценарийлер тақырыбындағы материалдар gumakanapia жариялаған басқа материалдар