Абылайға қалмақтың ханы елші салып:
— Татулыққа келейік, ылғи қанға құмартып, ел талап, елдің тынышын ала бермейік! Бізге қонаққа кел, келешекте елдің қамы үшін қам істейік, — деп елші жіберіпті. Келген елші бар сөзін айтып болған соң, хан бұған көнбекші болып, «қонақтар, жата тұрыңдар» деп, сыр алдыртпай қаратыпты.
Абылай әр уақыт Андығожа батырға ақылдасып отырады екен. Ақылдасамын деп Андығожаны шақырыпты. Андығожа келген соң Абылайға:
— Барма, — деп ақыл беріпті, — біз қалмақпен қандасқан елміз, олар амалмен шақыртып отыр, баруыңа келісе бермеймін, — депті.
Абылай тосып жатқан елшілерді шақыртып алып:
— Мен бармаймын, — деп жауап беріпті. Сонда елшілер:
— Япыр-ай, хан алғашқы күні былай емес еді, мұны аздырып тастаған адам бар-ау! Ол қандай адам екен? — деп көруге құштар болып, ішінара білсе керек. «Андығожа батырды көрсетіңіз» деп тілек етіпті. Абылай мақұлдап Андығожамен кездестіріпті.
Андығожа қабақты, бет алды ызғарлы адам екен. Сөйлегенде екі ұртын толтырып алып сөйлейді екен. Сөйлер алдында орнынан бір қозғалып, қопақтап қояды екен. Сондай құбылыс белгілерін байқап отырып, қалмақтың елшісі Абылайға айтыпты:
— Уа, хан, бармассың, бармассың, үйткені салмағың өте күшті екен, — депті.
Сонда Абылай:
— Иә, елшім, нені біліп айттың? — депті. Сонда елші айтыпты:
— Хан, тақ иесі сен екенсің, ақыл иесі, ел иесі батырың екен. Бірақ батырыңның алдында өзіңе адам қызықпаса, артына кісі қызығар емес екен. Артықша өзіне тартып бала тумас, бөксесі жеңіл екен. Алдынан жау қашқандай, аузынан дау қашқандай түрі бар екен, — депті.
Сонда Абылай:
— Мынаны ұста! Елшіге әйел жүрмейді, мынау әйел екен, — депті.
Сонда елші «қош болыңыздар» деп қашып, тартып отырыпты.
Абылайды тұтқыннан босаттырған батыр
Бұрынғы заманның адамдарының қандай екенін танытуға сөйлеген сөз
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі