Бір апта бұрын Миланда сән апталығы аясында шоу өтті, онда киім көрсеткен модельдердің 3 кеудесі болды.
Өткен маусымда ғана Gucci қолында бастарын көтерген модельдермен жаңа топтаманы көрсетті.
Сіздің көпшілігіңізде сұрақ туындайтыны анық - неге дизайнерлер подиумда күлкілі немесе қисынсыз топтамаларды көрсетеді, олардың ешқайсысын өмірде кию мүмкін емес?
Кез келген шоулардың мақсаты жаңа топтамадағы киімдерді көрсету ғана емес: сән дизайнерлері көрерменге белгілі бір идеяны жеткізуді көздейді. Мысалы, 50-ші жылдары трендке айналған нәзіктік бейнесі немесе панк бейнесі сияқты идеялық көрсетілімдер туралы айтуға болады.
Сән көрсетілімдері дизайнер үшін өз идеясын жарқын жеткізе алатын алаңға айналады.
Идеяны жеткізу үшін модельдер жүретін музыка мен орын таңдалып, оларды арнайы стильдейді. Солай дизайнерлер көрерменді басқа әлемге апарады. Сондықтан, «артында образ бен тарих тұрған кез-келген зат қымбат сатылады».
Жаңа әрқашан алғаш көрген нәрсе оғаш болып көрінеді, сондықтан көптеген адамдар үшін мұндай дизайндар тым радикалды.
Десе де, сән тарихын еске түсірейік:
Коко Шанель (бүгінде бәрі классикалық сән өкілі деп санайды) бастапқыда даулы кутюрье болып саналды. Ол сәнқойларға джерси матасынан жасалған киім киюді ұсынды. Ол кездері джерси матасын кедейлер киетін болғандықтан мұндай ұсыныс халыққа ерсі көрінді.
Андре Курреж 60-шы жылдары ғарыштық коллекцияны көрсетті (ондай сән сол кездері мүлдем ерекше болды). Бірақ ғарыштық идея бірден сәнге айналды.
Бірақ бүгінгі таңда көп брендтер образдарының подиумдарда көрсетілгеннен кейін әрдайым неғұрлым киюге болатын нұсқасын шығаратынын атап өткен жөн.
Мысалы подиумнан басынан аяғына дейін ақ мамыққа оралған модельді көріп таң қалғанымызбен, келесі күні дүкеннен шетінде кішкене ақ қауырсындары бар топ сатып аламыз.
Көрсетілімдерде мұндай ерсі нәрселерді көрсетудің тағы бір себебі - көбінесе дизайнерлер подиумда коллекциялар арқылы халыққа өнер ұсынады. Бұл жағдайда киім өз функциясын орындауды тоқтатқанымен, нағыз өнер туындысына айналады.
Мұндай дизайнерлік заттарды мұражайлар кейін өте үлкен ақшаға сатып алады!
Бірақ өнер туындыларынан бөлек басқа бағытта шығарылатын, қарапайым адамдарға бағытталған киім үлгілері дизайнерлердің басты табыс көзі болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі