...Күзде хан жәрмеңкесі ашылады, он-он бес күндік жәрмеңке созылады, халық көп жиналады. Бұл жәрмеңкеге Исатай, Махамбет те болады, бірнеше күн базарлап елге қайтады. Жол-жөнекей ағайыншылап Азғырдың сыртында Ешпе деген жерде отырған қалың Себек ауылына келді, бұл ауыл беріштің бір атасынан туыстары болып саналады.
Исатай, Махамбет сол ауылда екі-үш күн қонақтап, аттанады. Екеуі екі жолға түсіп өз бағыттарына айырылыс жасайды. Исатай жанында Тұлып деген бір туысы, қосшысы болады. Исатайдың артынан бір күннен кейін сол ауылға қасына бес-алты көк найза асынған салдаттары Қарауылқожа келеді.
Шыман деген түрік: «Сол Ешпені өмірлік менің пайдама шығарып бер, мен Ешпеге бау-бақша салып орман егіп құрық қылып, үй салып саяхат ететін өзімізге орын әзірлейін», — деп арыз беріп сұрайды екен. Сол арыз жәрмеңке уағында қаралып, санаттар отырысыменен қаулы алынып, жер Шыманның пайдасына берілуге, ішінде отырған елді қырыққа жедел көшіруге, Сүйіндік деген шағылға қоныстандыруға қаулы алынады. Бір жетінің ішінде хан тәртібін орындауға Қарауылқожаға міндеттеуге болады деп бұйырады. Бұны Исатай сезбей қалады. Қарауылқожаның келу себебі осылай екен.
Қарауылқожа ауылға келіп, елді жинап, қолындағы әмірін жариялайды. Халық сасып не айтарын білмейді. Кіндік кесіп, кір жуған ата көлін тастап кету халыққа өте қиын келеді. Халық: «Жарайды, бір-екі күн жатып қонақ болыңыз, ақылдасып жауап берелік», — дейді. Түнде үйге түсіріп, Исатайдың артынан қуғыншы жібереді.
Исатай таң намазына таһарат алуға далаға шығып тұрғанда, бір-екі атты келе жатады. Исатай:
— Қай баласың? — дейді.
— Ешпедегі Себек ауылының баласымын, — дейді бала.
— Иә, жай жүрмісің?
— Жай, кеше сіздің соңыңыздан ауылға Қарауылқожа келіп қырып-жойып «көшіңдер» деп жатыр. Ақсақалдар сасып қалып сізге жіберді, «қайтеміз» деп. Соған сізді шақыра келдім.
— Атаңа нәлет, қарашы істеп жүргенін. Анау менің атымды әкеліп ерттей ғой, мен намаз оқып шығайын деп үйге кіріп кетеді.
Исатай атына мініп тұрып: «Ал, балалар, сендер маған ілесе алмасаңдар, жайлап келерсіздер, мен ол төренің шайына жетермін», — деп ақтабанменен жөнеле береді.
Қарауылқожа жаңа тұрып, тал түсте шайға отыра бергенде, исатайды көріп, жетіп барады. Аман-сау айтысып болғасын:
— Иә, төре, елмісің, жаумысың, көк найзаң не? — дейді Исатай.
— Жау емеспін, елмін, хан бұйрығы бойынша жайшылықпенен елді түсіндіріп басқа жерге қоныстандырмақпын, мынау Ешпеге Шыман көк ала жай салып, орман тал орнатуға алатын болған екен, сол жайға жүрмін, — дейді Қарауылқожа. Исатай:
— Әй, атаңа нәлет, жау емеспін, елмін деп, бұл арада қандай елдік бар, қырық-елу үйдің ата көлдік жерін тартып алып, құрдай шұбыртпақшысың! Жан өзіңе керек болатын болса, шайыңды іште, қазір кет, ханыңа сәлем айт, менің көзім тірі тұрғанда ешкімге көзін алартпасын.
Қарауылқожа қорқып қайтып кетеді. Исатай Махамбеттің артынан кісі жіберіп шақыртып алады да, сол ауылды Махамбетке бақтырып кетеді.
«Хан тәртібі екі болмайды, Қарауылқожаны тағы жібереді салдат қосып. Егер келе қалса, басқылап Қарауылқожаның өзін өлтіріңіз, ақырын енді Құдайдан көреміз», — дейді.
Қарауылқожа қашып ордаға барады, барып айта бастайды: «Исатай оңайлықпенен бізге жер берер емес, ел де қызу тұр, бұл қалай болады, хан?» — дейді. «Жәңгір хан тәртібі екі болмайды. Қалайда орында, адамың аз болса тағы да он салдаттан беремін», — дейді.
Шара жоқ Қарауылқожа қайта кірді. Бастығы Махамбет ел адамы болып Қожаны сабап екі адамын өлтіреді. Бұл істің ақыры осыменен тынады. Ештеме ала алмайтын болғасын, Шыман төре Жаңа қала жағынан бір тәуір жерді босатып алады да, ағаш үй салып, бау-бақша, ағаш егіп, ол «Шыман қорығы» деп аталады.
Жәңгір онымен қарап жатпайды. Исатай, Махамбеттің үстінен Астрахань, Орынбор, Урельский үш губернаторға арыз береді.
«Мынау Исатай, Махамбет ел тентектерін ертіп алып, менің үкімімнің ел ішінде орындалуына үлкен кеселдік береді және елге шыққан сұлтандарымды ұрып-соғып, адамымды өлтіреді. Бұлай болғанда ел басқару қиынға соғады. Сондықтан Исатай мен Махамбетті тұтқындап, елдің қобалжуын басуларыңызды өтінемін», — дейді.
Үш губернатордан үш кісі тіркеуші комиссиялар келіп, ханның үйіне түсіп, қонақтап, Исатай мен Махамбеттерге бұйрық жазады: «Хан ордасына келіп жауап бер, біздер хан мен қара халықтың арасындағы қайшылық ғамалдарыңды тексеруге келдік», — дейді.
«Егер халық пенен ханның арасындағы наразылықты тексеретін болсаңыз, халықтың ортасына келіңіз, ханның үйінде ақ бауыр ет пен қызыл шай ішіп, жайланып жатқан әкімге барып жауап бермеймін!» — деп Исатай жауап қайырады. Ақтығында бармай қалады.
Комиссиялар халық арасына барайын десе, Жәңгір жібермейді. Өтірік «сендерді өлтіреді» дейді. Ондағы саясаты комиссия халық арасына барса, Жәңгірдің беделі түседі, өйткені ханды жамандап халықтың шулап қоя беретіні оған анық.
Исатайды екі рет арнаулы кісі жіберіп те шақыртады, комиссиялар Махамбетке өзі барады, екіншісінде Ақбай дегенді жібереді. Комиссиялар халық ортасына барса, ханның беделінің түсетіні анық екенін сезеді.
Комиссиялар ордада жатып жайлап сұрап ханның да қиянатын біліп алады да, губернаторға хат жазады. «Қалай етеміз, халық ортасына барсақ, ханның беделі түсейін деп тұр, шақырсақ, Исатай мен Махамбет келмейді», — дейді.
Губернаторлар: «Олай болса, хан беделін түсіртпеңдер, ажыраңдар!» — деп бұйрық алып, ажырасып кетеді. Жинаған істерін хан ордасына тастап кетеді. Соңынан Жәңгір менен Шыманның әм ұйғарысқан билердің мақсаты орындалмайды.
Оқуға кеңес береміз:
Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі