Өлең, жыр, ақындар

«Қазақтағы» «Ішкі орда» мәселесі

Қоғамда қызмет те, мансап та, абырой – атақ та ақшаға, құнды заттарға айырбасталатын арсыз заман орнаған шақта халық үшін келеңсіз жайлар көптеп туындайды. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей мұның кімге пайдалы, кімге залалды болатыны тарихи тәжірибеде талай дәлелденген. Оған дәлел «Қазақ» газетінде Байұлының «Ішкі орда» атты мақаласында Ішкі Ордада болған оқиға жөнінде жазады. Таловкада басталған прием кезінде байлардың көбі қазына қызметіне кірісіп, қалғандары бір мың, мың жарым беріп, «ауру себепті қызметке жарамайды» деген бір шолақ қағазды ұстап үйлерінде қалады. Оларды жоқтатпау үшін ылғи кедей, ақсақ, таз, аурулар, қызметке алынды. Бар малын сатып, өзін, не баласын құтқарып алмақ үшін бәсекеге түседі. Алдында бұл сауда жасырындау жүргенімен, соңыра ашық жүргізіле бастайды. Оқымаған қазақ тілмашпен сөйлесе алмайды. Араға пысықтау біреуді салады. Бұл пысықтар пәленге беремін деп алғанын түгел бере ме, жоқ па? Оның үстіне соғым бие, жақсы ат, жорға тағы сол сияқты ақша жағы басқа сыбағалары бар. Адамгершіліктен ада болғандар мұндай келеңсіз күйге тез бейімделіп, баю үдерісінде осындай жиіркенішті жолды таңдайды. Мұндай жаман іске кейбір мұғалімдер, фелдшер сияқты оқығандар, жақсы атаның балаларының да қатысы болады. Бұлар надан халықты алдап жөн тапқан болып оларды шашылдыруға мәжбүр етті. Әрине, аз да болса, кейбір тура ел адамдары бірсыпыра оқығандар бұл масқаралықты көріп қайғырады, бірақ оны тоқтатудың шарасын білмей дал болады. Үш ай арасында түрлі телеграм хабарлары негіз болса керек, комиссия құрылып Таловка управителін орнатып алады. Ордаға временный советтің бастығы Таловкаға келіп, ақша билет алғандардан тергеу жүргізеді. Осы тұста да жалдап кетушілер табылды. Бір күннің ішінде-ақ кісі хақы үш мыңға жетті. Қандай тойымсыздық! Дегенмен біраз адам Астрахан абақтысына жабылады. Халық бұл тексеріске риза. Екі кісі бас қосса: «Осыны кім қозғады екен? Міне, сарбаз, міне жігіт, атадан тусаң, осылай ту!» - деп алғыстарын білдіруде.

Біреуге – біреу арқа сүйеп, біреудің ығында жүру тәжірибесі ретінде жағымсыз сипат алған мұндай оқиғалар бұл күндері де жиі кездеседі.

Жең ұшымен жалғасып, сыбайластыққа жол тартатын ықпалды таптардың ығына жығылу сияқты етек алған құбылыстар қай кезде де қоғам дамуына аз зиянын тигізеді. Сондықтан өз жеке басының мүддесін халық мүддесінен жоғары ұстайтын  мұндай топтарға қоғамды орын жоқ. Осы ретте халқымыздың ұлы перзенті Әлихан Бөкейханов: «Әділдік жоқ жұртта береке, бірлік болмайды. Байлықта өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қыстыгүні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аюға ұқсас қой, қанша қомағайланса да сорғана - өз аяғы», - дейді. Бұл айтылған ащы шындықтың күні бірін де мағынасы жойылған жоқ. Ендеше айтылар ақиқат сол ең алдымен, ел абыройын ойламай ешкім де ұшпаққа шыға алмайды.

Мәншүк ТАХАН, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар