Өлең, жыр, ақындар

Қоғамдық мәселелер: Экология

   Қазіргі таңда экологиялық проблемалар өте көп және олар жыл сайын ушығып барады. Мысалы, 2024 жылы Алматы қаласында ауадағы орташа PM2.5 концентрациясы – 24,08 мкг/м³ болды. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) ұсынған қауіпсіз деңгейден шамамен 4,8 есе жоғары.

Статистика: Алматы қаласындағы ауа сапасы

Жыл

PM2.5 деңгейі (мкг/м³)

WHO нормасынан айырмашылығы

Таза ауа күндері

2023

30,3

6 есе жоғары

137 күн

2024

24,0

4,8 есе жоғары

164 күн

2030 (болжам)

35,4

7–8 есе жоғары

80–100 күн

Егер Алматы қаласында ауа ластану мәселесін дер кезінде шешпесек, 2030–2040 жылдары жағдай одан әрі нашарлап, адам денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

Ластанудың салдары:

• Адам денсаулығына зиян – тыныс алу және жүрек-қан тамыр ауруларының көбеюі;

• Табиғи апаттардың артуы – құрғақшылық, су тасқыны, орман өрттері;

• Ауыл шаруашылығына зиян – өнім сапасының төмендеуі;

• Табиғи ресурстардың азаюы – таза су мен топырақ тапшылығы.

Экологиялық мәселелерді шешу – тек үкіметтің емес, әр азаматтың ортақ міндеті. Таза ауа мен экологиялық тепе-теңдік – болашақ ұрпақтың өмір сапасының кепілі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қалмұрат Нұрсұлтан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз