Температура минусқа түскен кезде қайта-қайта қарныңыз ашады және физикалық белсенділік азаяды. Ал бұлар — дене пішініңіздің басты жаулары. Суық мерзімде артық салмақ қосып алмас үшін не істеу керек?
Егер түскі және кешкі астың алдында шағын ыдыспен сорпа ішіп алсаңыз, одан кейін қою тамақты өзіңіз жоспарлағаннан гөрі азырақ жейсіз. Бірақ калориясы төмен жеңіл сорпалар таңдаңыз. Ол ішінде ештеңесі жоқ құр сорпа болса, тіпті, жақсы. Ал калориясы көп, мысалы, кілегей қосылған крем-сорпаларды, әсіресе, кешкі асқа ішудің қажеті жоқ.
Күн салқындай бастағанда сирек шөлдей бастаймыз. Яғни, ағза шөлдейді, бірақ ол туралы белгіні кешігіп береді. Сіз ағзаға судың жетіспейтінін сезбеуіңіз мүмкін. Бірақ ағза ылғал жетіспеушілігінің себебінен күйзеліске ұшырайды. Кейде ағза шөлдегенде қарныңыз ашқандай сезім туады. Сондықтан тамақ жегіңіз келгенде алдымен су ішу керегін жиі айтамыз.
Диетологтар суық мерзімде шөптер шайын көбірек ішуді ұсынады. Мысалы, көк шай, түймедақ пен жалбыз шайы тәбетті қалпына келтіреді және артық тамақтанудың алдын алады.
Көпшілік, әдетте, таңғы асқа көмірсулары көп таңғы ас ішеді: ол қанты көп бөлкелер мен бутербродтар болуы мүмкін. Бұл өнімдер, әсіресе, қыста дене пішініңізге зиянын тигізеді: себебі суық мерзімде физикалық белсенділік азаяды. Зерттеулер бойынша, ақуызға толы таңғы ас тәбетті бақылауда ұстап, түске дейін өзіңізді тоқ сезінесіз.
Қанты көп бөлкелер мен печеньелерді қойып, оның орнына пайдалы тіскебасарлар жеуге тырысыңыз. Мысалы, шоколадтың тек қара түрін алыңыз. Мерзімдік көкөністерге мән беріңіз: мысалы, асқабақтан жасалған тағамдарды таңдаңыз. Кепкен жемістер, жаңғақтар мен жемістер – ең керемет тіскебасарлар.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі