Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды. Алғыс айту - атамекенінен еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың құтты қоныс, қасиетті қазақ жері мен қазақ халқының қонақжай қалпына шынайы тағзымның белгісі. Қазақтың бай сөздік қорынан алғыс айтудың бай тілектер топтамасын ұсынуды жөн көрдік.
Қазақта алғыс айтылғанда адамға тілек жаудырып, ризашылығын білдіретін формалар бар. Мысалы:
Өмірде қанша жасасаң да артыңда жақсы із қалсын, ел есінде сақталатын іс қалсын;
Алдыңнан жарылқасын;
амандық шаттықпен көрісуге жазсын; көрісуге күн жақсы болсын;
қадамың құтты болсын;
қайырлы болсын;
қайыры бірге болсын;
қосағыңмен қоса ағар;
байлар көбейсін;
құдай көңіліңді өсірсін;
құсың құтты болсын;
қызығың ұзақ болсын;
ойнар көбейсін;
осы бетіңнен жарылқасын;
өмір жасың ұзақ болсын;
от анасын жарылқасын;
өркенің өссін;
садағаң келсін;
сауық молайсын;
сақтай гөр терістен;
тие берсін;
тілектерің тап болсын;
тілеуің берсін;
ұзағынан сүйіндір.
Ежелгі заманда түрік тектес халықтар батаны бата демей алғыс деп атаған. Батаны алтайлықтар "алғыш", "алкыш", татарлар "алкыш", ұйғырлар "алкиш", тывалықтар "алгыш", "алгыж", якуттар "алгыс" деп атайды. Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы - ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: "Бата - арабтың "фатеке" деген сөзінің қазақша айтылу түрі", - дейді. Яғни, бата - фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру екен.
Демек, батаның оң түрінің бәрі алғысқа жатады. Мысалы "Бақ берсiн, бас берсiн. Өмiрiңе ұзақ жас берсiн". Үлкен кiсiлер немесе кез келген адам бiреудiң қайырымдылығы мен жақсылығы, iзгi қызметi үшiн де бата бередi: Пейіліңе қонақжай Бата берем қолың жай: Ақ жарылған жүрегің, Қабыл болсын тілегің. Бізге сойдың семіз тай, Төрт түлігің болсын сай. Өсіп-өніп ұрпағың, Төрт қиырға қанат жай! Бізге сойдың құлын, Жақсыдан болсын жұғым. Өміріңді ұзартып, Өзіңнен өте тусын ұлың.
Алғыс айту күніне арналған құттықтау тілектер
Алғыс айту, рахмет айту, ризашылық білдіру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі