Никола Тесла көгершіндерді жақсы көретін. Теңдесі жоқ өнертабыстары үшін «болашақ адамы» деп танылған, замандастарының пікірінше, «XX ғасырды ойлап тапқан» Тесла көгершіндерді жақсы көретін. Ол жабайы көгершіндерді серуендеу кезінде тамақтандырған, ал ауырып бара алмайтын кезде құстарды тамақтандыратын арнайы адам жалдаған.
Технологиялар әлемін дүр сілкіндіретін Никола Тесланың 10 тамаша идеясы
Илон Маск — Джеймс Бондтың жанкүйері. Бұл атақты инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор бізге SpaceX, Tesla Motors және PayPal компанияларының негізін қалаушы ретінде жақсы таныс. Дегенмен, коллекционерлер арасында ол Джеймс Бондпен байланысты көптеген заттардың иесі ретінде танымал. Мысалы, Илон 1977 жылғы фильмде сүңгуір қайыққа айналатын Lotus Esprit көлігінің біріне ие.
Уоррен Баффет — гитарист. Әлемдегі байдың бірі Уоррен Баффет укулеле жинағанды жақсы көреді және өзі де бұл аспапта жақсы ойнайды, тіпті көпшілік алдында өнер көрсетуден де тайынбайды.
Уоррен Баффеттің 5/25 ережесі ең маңызды істерге көңіл бөлуге көмектеседі
Билл Гейтс — оқырман. Microsoft-тың негізін қалаушы сұхбатында тенниске және бридж ойынына деген сүйіспеншілігін айтқан. Бірақ оның бала кезінен бергі негізгі сүйікті ісі — кітап оқу. Гейтс кітапханасын сирек кітаптармен толтыру үшін арнайы адамды жалдап, тіпті 1994 жылы ХV ғасырға тиесілі Леонардо да Винчидің ғылыми жазбалары бар қолжазба үшін 30,8 миллион доллар төлеген. Сонымен бірге ол жыл сайын оқырмандарға жаңа кітап ұсынғанды әдетке айналдырған.
Томас Эдисон — диетолог. ХХ ғасырда техникалық жетістікке Томас Эдисон зор үлес қосты. Эдисон телеграф, телефон, кинокамера, фонограф сияқты заттарды ойлап тапты, жетілдірді немесе нарыққа енгізді. Алдымен телефонда «Сәлем» (Hello) деп айтуды ұсынған да сол. Ал өнертабыстардан бос уақытында ол әртүрлі диеталар мен олардың адам ағзасына әсерін зерттеді. 1930 жылы Эдисонның өлімінен бір жыл бұрын әйелі сұхбатында «дұрыс тамақтану — оның ең үлкен хоббилерінің бірі» деп айтқан.
Генри Форд — мұражай құрушы. Автокөлік өнеркәсібін дамытуға көп күш жұмсаған аты аңызға айналған америкалық кәсіпкер жалпы тарихты, әсіресе өнеркәсіптік революция тарихын жақсы көретін. Ол көптеген атақты ғимараттардың, көліктер мен ескерткіштердің нақты үлгілері мен макеттерін бір жерге жинау үшін қыруар қаржы жұмсады. 1929 жылы ашық аспан астындағы мұражай ашылды, ол алдымен «Генри Форд» мұражайы, кейінірек «Гринфилд» ауылы деп аталды.
Генри Форд демалып жатқан жұмыскерлеріне не үшін ақша төлеген?
Уолт Дисней теміржолға әуес болған. Уолт Дисней пойыздарды жақсы көретін. Диснейлендтің ешқайсысы ойыншық теміржолсыз болмаған және оның кеңсесінде паровоздың үлкен үлгісі орнатылған. Дисней үйінің айналасында көпір және жылжымалы пойыздар бар темір жолдың көшірмесі салынған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
kair
Сайтқа тіркелуде қате шығып тұр