Өлең, жыр, ақындар

Әке

Әке — әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке — асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. қарап отырсақ әкенің де түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы ұстауы керек.
Мына жалған дүниеге аяқ басқан әрбір перзент үшін ата-анасының бар болуы үлкен нығмет. Расында, бала үшін ананың орны маңызды болғандай, әкенің де рөлі жоғары тұрады. Әке — бұл отбасы деген кішігірім мемлекеттің орны толмас мүшесі, қамқоршысы, қоғамның негізгі бөлігі. Қазақ халқымыз ежелден ата-анаға деген сыйластық пен құрметті баланың бойына сіңдіре білген. Ал қазіргі таңда балаға бұл тәрбиені бере алатын жандар санаулы-ақ. «Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» деп еркелетіп, қалай өскенін де байқамай кетеміз. Ғылым мен технология дамыған сайын баланы өз дегеніне көндіріп, оны тәрбиеге салу қиындап барады. «Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар», - деп аталарымыз айтқандай барлығы да ата - ананың қалай тәрбие беруіне байланысты деп ойлаймын. «Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес — әке үлгісін көрмесе», - деп Қорқыт атамыз айтып кетті емес пе?! Сондықтан баланы кішкентайынан жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, үлкенді құрметтеп, шыншыл болуға бағыттауымыз керек. Сонда ғана қоғамда «Ел анасы», «Ел ағасы» дейтіндей ұлы тұлғалар қалыптасатынына сенімдімін.

Ата-ана өмірдің мәнін де, дәмін де келтіретін Алланың бізге берген ұлы сыйы деп танимын.

Талбитдинова Улмекен Шынгысхон кизи


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз