Өлең, жыр, ақындар

Смағұл Сәдуақасұлы: Ұлт тағдырын өзгерткен публицист мұрасы Смағұл Сәдуақасұлы- көрнекті қазақ публицисті, тұлға, оның мұрасы ХХ ғасырдың басындағы қазақ журналистикасы мен саяси ойлау дамуына айтарлықтай әсер етті. Оның өмірі мен қызметі революциялық өзгерістер, саяси қуғын-сүргіндер мен ұлттық сәйкестікті қорғау жолындағы күреспен тығыз байланысты. Алайда, оның публицистикасы мен журналистикаға қосқан үлесі тарихнамада әлі де аз зерттелген. Публицист 1900 жылы дүниеге келді және қазақ ұлттық қ

[11.02.2025, 10:11:55] Aruka????: Смағұл Сәдуақасұлы: Ұлт тағдырын өзгерткен публицист мұрасы
Смағұл Сәдуақасұлы- көрнекті қазақ публицисті, тұлға, оның мұрасы ХХ ғасырдың басындағы қазақ журналистикасы мен саяси ойлау дамуына айтарлықтай әсер етті. Оның өмірі мен қызметі революциялық өзгерістер, саяси қуғын-сүргіндер мен ұлттық сәйкестікті қорғау жолындағы күреспен тығыз байланысты. Алайда, оның публицистикасы мен журналистикаға қосқан үлесі тарихнамада әлі де аз зерттелген.
Публицист 1900 жылы дүниеге келді және қазақ ұлттық қозғалысытың жетекшілерінің бірі Әлихан Бөкейханның күйеу баласы. Бұл факт оның сол уақыттың маңызды оқиғаларында қатысуына тікелей әсер етті . Сәдуақасұлы Смағұл көпқырлы тұлға болған, оған дәлел мемлекеттік қайраткер атағын алғаны, Госплан төрағасы, халық ағарту комисары, жазушы, драматург және маңызды редактор мен публицист болғаны. Оның маңсабы саяси қуғын-сүргіндер мен әлеуметтік өзгерістер жағдайында дамыды, бірақ ол Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру мен дамытуға маңызды үлес қосты, сондай-ақ “Қызыл Қазақстан” журналын шығарып, оны редакциялады. Осы арқылы ол Қазақ елінің саясаты мен әлемдік оқиғаларға қатысты пікір жеткізген тұғын.
[11.02.2025, 10:12:16] Aruka????: (креативті инфорграфика авторы: Аружан Рашитқызы)
 
С.Сәдуақастың публицистикасына ерекше назар аудару қажет, өйткені ол тек оның кәсіби қызметінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар оның әлемге деген терең философиялық көзқарастарының айнасы екендігін білеміз. Ол өз мақалаларында Қазақстанның әлемдік процестермен қалай байланысатынын көрсетуге тырысты. Бұл әсіресе кеңестік биліктің алғашқы жылдарында, ұлттық баспасөз партиялық пропаганда икемдеуге мәжбүр болған кезде үлкен маңызға ме болды. Смағұл сол уақыттың бұқаралық ақпарат құралдарын тек ақпарат жеткізуші ретінде ғана емес, сонымен қатар саяси және философиялық тұрғыдан маңызды тұжырымдар жасаушы ретінде қарастырып, публицистикасын жоғарғы деңгейге көтерді. Оның “Қызыл Қазақстан” журналындағы мақалалары тек ақпарат таратып қана қоймай, сонымен бірге оқырманға мәселерді философиялық әрі концептуалды тұрғыда түсінуге көмектесті. Публицистикасындағы тағы бір ерекше тұсы- оның Шығысқа деген көзқарасы. Ол өз отандастарына халықаралық жағдайды түсіндіруге талпынды. Бұл кезде қазақ баспасөзі партиялық цензураның ықпалыда болды, бірақ Сәдуақасұлы партиялық идеологиядан тыс шығып, әлемдік оқиғаларды әртүрлі философиялық тұрғыдан талдап, шығыс  мәселелеріне айрықша мән берді. Шығыстың ұлттық, бостандық және тәуелсіздік мәселелеріне терең үңіліп, тек саяси тұрғыдан емес, мәдени тұрғыдан да қарастырды. Оның мақалалары қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен соғыс мәселері жөніндегі пікірлерді оқырманға жеткізген алғашқы қадамдардың бірі болған.
1928 жылғы оқиғалармен Смағұл Сәдуақасұлының мақаласының жариялануы Қазақстанның социалистік кеңестік жүйе шеңберінде баламалы даму жолдарын іздестіру күресінде маңызды рөл атқарғанын атап өту керек. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі сол кездегі кеңестік индустриализацияның басып бағыттарына сәйкес келмей, дамушы республикалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескерусіз қалды.
Смағұл Сәдуақастың өмірі мен шығармашылығы- журналистиканың, публицистиканың, сондай-ақ ұлттық мәдениетінің қалыптасуындағы маңызды кезендердің бірі. Оның публицистикалық жұмысы саяси және мәдени миссия болғанмен, басқа дәл осындай тұлғалар Қазақстанның тәуелсіздігі мен журналистикасының дамуына айтарлықтай үлес қосты.
 
Мақала авторы: Жунусова Аружан Рашитқызы
#СмағұлСәдуақасұлы #Журналистика #Тарих #Публицистика #Алаш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер