ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Бұл даму ХХІ ғасырда одан әрі үдей түсті. Қазіргі заман — цифрландыру мен автоматтандыру дәуірі. Технологияның дамуы ең алдымен жастардың қолында. Себебі олар жаңа ойларға ашық әрі түрлі технологияны игеруге бейім.
Қазіргі таңда білім беру саласында ақпараттық технологиялардың орны ерекше. Мектептерде интерактивті тақталар, онлайн платформалар, цифрлық кітаптар белсенді қолданылады. Бұған қоса, смартфон, электронды сағат, сымсыз құлаққап секілді құрылғылар күнделікті өмірдің бөлшегіне айналды. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін түрлі электронды құралдарды еркін пайдаланады. Тіпті бұл құрылғыларсыз бір күн өткізу мүмкін емес сияқты көрінеді.
Заман алға жылжыған сайын технологиялық жаңалықтар да үнемі жаңарып, жетілдіріліп отырады. Бұрынғы кезде Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың күнделікті өмірге енуіне 30-40 жыл қажет болса, бүгінде бұл мерзім 4-5 жылға дейін қысқарған. Бұл — технологияның даму қарқынының нақты дәлелі.
Бүгінде жасанды интеллект, робот техникасы, виртуалды және толықтырылған шындық (AR/VR), биометрия, кванттық компьютерлер — осының бәрі шынайы өмірдің бір бөлігіне айналуда. Қазақстандық жастар да бұл бағыттан шет қалған жоқ. Мәселен, елімізде ақпараттық технология саласын дамыту үшін арнайы оқу орындары мен бағдарламалар іске қосылды. Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Astana IT University секілді оқу орындары, BTS Education-дағы цифрлық курстар — IT бағытындағы білім алуға үлкен мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып келеді. Оның аясында елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру, цифрлық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ IT-маман даярлау қолға алынған. Бұл бастамалар жастарға тек технологияны тұтынушы ретінде ғана емес, оны дамытушы ретінде де қалыптасуға жол ашып отыр.
Қазақстандық оқушылар мен студенттер халықаралық деңгейдегі IT олимпиадалар мен стартап байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы, Informational Olympiad in Informatics (IOI) секілді жарыстарда еліміздің дарынды жастары табысты нәтиже көрсетуде.
Сондықтан да жастар үшін технология тек құрал емес, ол — мүмкіндіктердің кілті. Ізденіс пен білім арқылы олар жаңа бағдарламалар мен құрылғыларды ойлап табуға, инновациялық шешімдер жасауға қабілетті. Ал заманауи технологияны тиімді пайдалана алған ұлт — болашақта көшбасшы болары сөзсіз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Таджибой Әсел
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі