Қазақстандағы экологиялық мәселенің ең өзектісі — ауа ластануы болып табылады. Ауаның ластануы — әртүрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Ауаның ластануы жер бетіндегі адамдар мен жан-жануарлардың, сонымен қоса өсімдіктердің өмір сүруіне зиянды ықпалын тигізеді.
Ауаның ластану деңгейі жоғарылаған сайын, оның құрамында адам өміріне жұқпалы ауру туғызатын вирустар көбейіп отыратындығы белгілі. Бұл дегеніміз — ауа ластануы тіпті өлімге душар етуі мүмкін деген тұжырымға әкеледі. Ауаның жалпы құрамы: 78,09% азот, 20,95% оттек және 0,04% көмірқышқыл газынан тұрады. Ауаның ластануына көбіне адамдардың антропогендік іс-әрекеттері себеп болады.
Қазақстандағы өнеркәсіп және энергетика зерттеулері бойынша, көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары жалпы электр энергиясының шамамен 75%-ын өндіреді. 2023 жылғы деректер бойынша, стационарлық көздерден атмосфераға шамамен 2 257,5 мың тонна ластаушы заттар шығарылғандығы анықталған. Олардың 80,7%-ы — газ және сұйық заттар, ал 19,3%-ы — қатты бөлшектер болды. Қалаларда жеке үйлердің көмірмен немесе ағашпен жылытылуы PM2.5 (сұйық және қатты заттар) бөлшектерінің негізгі көзі болып табылады. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, бұл бөлшектердің 10%-ы — энергетика секторынан, 9%-ы — өнеркәсіптен, 5%-ы — тұрғын үйлерден, 6%-ы — антропогендік шаңнан және 4%-ы — ауыл шаруашылығынан келеді.
Ауа ластануының тағы бір себебі — көлік қатынасы. Алматы қаласында 2019 жылдың соңында тіркелген автомобильдердің саны шамамен 470 000 болды. Ескі және экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктердің көптігі ауаның ластануына ықпал ететіндігіне дәлел.
Сонымен қатар, ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, 2019 жылы Қазақстанда ауаның ластануына байланысты 199 бала мен жасөспірім көз жұмған. Олардың 88%-ы — бір жасқа толмаған сәбилер.
Алматы қаласында қыс айларында PM2.5 бөлшектерінің концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынылған шегінен 17 есе асып түседі. Елімізде ауаның ластануына байланысты бұл проблеманы шешу жолында көптеген жобалар мен шаралар жасалып жатыр. Сондай жобалардың бірі — «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Бұл жоба 2026 жылға дейінгі кезеңде экологиялық жағдайды жақсартуға негізделген. Ол ауа, топырақ және су ластануын азайту, қалдықтарды басқару және экологиялық білім беру сияқты шараларды қамтиды.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Назерке Бабасбай
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі