Өлең, жыр, ақындар

Жаңғақтар және пайдалары

Жаңғақ, бадам, орман жаңғағы, жер жаңғақ, фисташка сияқты майлы дәндердің құрамындағы мырыш минералы мен бірге «бақыттылық гормоны» ретінде танымал серотониннің бөлінуіне көмекші болады. Құрамындағы өзге де дәрумендері арқылы жүйке жүйесіне болымды әсер етеді. Ғалымдардың айтуынша стреске қарсы күніне 2 дана жаңғақ немесе шамамен 10 дана өзге жаңғақтардан жеу өте пайдалы. 

Фундук (Орман жаңғағы)

Фундук дәннің құрамында А және Е витамині бар. Бұл адамның ми қызметін жоғарылататын қасиетке ие. Шикі күйінде тұтынғанда пайдасы көп деп есептеледі екен.

Құрамы: Фундук калория жағынан наннан бірнеше есе жоғары, сүттен 8 есе жоғары болса, тойымдылығы жағынан шоколадтан асып түседі.

Құрамында май 60%, ақуыз 13%, витаминдер: С, Е, В1, В2, В6, кальций, фосфор, магний, темір, кобальт, цинк, натрий, амин қышқылдары кездеседі.

Пайдасы: әлсіздік, қант диабеті, гипертония, бүйректе тас болған кезде, тамырдың кеңеюі, тамырдың қабынуы, бауырды зиянды қалдықтардан тазартады, көз бен теріге аса пайдалы (Е дәрумені), атеросклероздың алдын алады.

Басқа жаңғақтармен салыстырғанда фундуктың құрамында фоли қышқылы көп, сондықтан балалы болуды жоспарлап жүрген адамдарға пайдасы көп.

Кешью

Кешью иммунитетті көтеріп, тіс ауруын басуға көмектеседі екен. Бұл жаңғақ түрі Азия халқының сүйіп жейтін дәндерінің бірі болып есептеледі. Сонымен қоса тағам түрлеріне де пайдаланады. Қуырылған күйінде тұтынады.

Құрамы: Кешью аталған жаңғақтар ішінде майлысы аз болып есептеледі: май – 45%, ақуыз - 17%.

Витаминдер: А, В2, В1, темір, цинк, фосфор, кальций.

Пайдасы: Кешью - қаназдық, депрессия, зат алмасуы бұзылған жағдайда пайдалы. Иммунитетті күшейтеді; жүректің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді; қанда холестеринді төмендетеді, оттегінің бүкіл ағзаға таралуын қамтамасыз етеді (темір), жадыны жақсартады (магний),  сүйек қаңқасын мықты етеді (магний мен мыс). Сонымен қоса тіс ауырған кезде де көмегі бар.

Бір күндік мөлшері: 10 түйір. Газдалған сусынмен бірге пайдаланғанда денсаулыққа пайдасы көбірек тиеді.

Фисташка

Фисташканың пайдасы өте көп. Асқазан ішек жолдарының қызметін жақсартып, тыныс жолдарының дұрыс қызмет атқаруына көмектеседі.

Құрамы: май – 50%, ақуыз 20%. Құрамында темір көп сондықтан қаны аз адамдарға пайдалы. Сонымен қоса, мыс, марганец, фосфор микроэлементтер: магний, калий бар.

Витаминдер: В, әсіресе В6, ақуыз, кальций, фосфор және темір, бұлар адам организміне керек микроэлементтер.

Пайдасы: Қаназдық және бауыры ауыратын адамдарға да тұтынуға болады. Аяғы ауыр әйелдерге токсикоз кезінде ерлердің репродуктивтік қызметін жоғарылату үшін де пайдаланылады. Көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі(құрамында зеаксантин мен лютеин бар), нашар холестеринді 6% азайтады, жасушаларды бұзылудан қорғайды.

Фисташканың калорясы төмен болғанымен де минералдар мен витаминдерге өте бай. Алайда, көп жеуге болмайды! Тәулігіне үлкен адамдарға 15 дән жесе жеткілікті.

Бадам жаңғағы (Миндаль)

Бадам жаңғағы – калий, фосфор, темірге бай, сондықтан жүрек ауруына пайдалы болып есептеледі. Негізінен көбіне тәтті тағам түрлеріне дайындағанда пайдаланады. Миндаль қанды тазартатын қасиетке ие, бүйрек тасын шығаруға көмегі бар. Алайда, мөлшерін қатаң сақтау қажет. Миндаль Испанияда элиталық жаңғақ түрі деп есептеледі екен.

Құрамы: май – 50 %, ақуыз – 18%

Витаминдер: В, А, Е, С и РР

Пайдасы: Инсулиннің бөлінуін азайтады, салмақтың кемуіне әсер етеді, жасушаны бос радикалдардан қорғайды.

Грек жаңғағы

Грек жаңғағы өсетін тал өте ұзақ жасайтынына қарап Кавказдықтар грек жаңғағын қасиетті деп есептейді екен. Онда тіп төрт ғасырдан бері жасап келе жатқан талдар бар көрінеді.

Грек жаңғағын физикалық тұрғыдан әлсіреген уақытта, қан азайғанда, жүйке жүйесінің ауруларында, жүрек ауруы мен асқазан ауруларында пайдалы деп есептеледі екен. Ер адамдарды белсіздіктен қорғайтын қасиеті де бар. Ауруханадан шыққан кезді әлдендіру үшін де пайдалы.

Күндік мөлшері: 5 түйір. Көп жеген жағдайда ішқату болуы мүмкін, сондықтан осыны ескерген жөн.

Құрамы: Грек жаңғағында май 80%, көптеген майлар линол, олеин, пальмитин т.б.

Витаминдер: РР, В1, С, К, В2, Е ; темір, кобальт, мырыш, калий, магний, кальций, йод, фосфор.

Пайдасы: Күйзеліс пен үрейді жеңуге көмектеседі, ұйқыны реттейді, бас сақинасын болдырмайды, жадыны жақсартады.

Ең бастысы, ас мәзірі үнемі өзгеріп отыру керек. Бір кешьюді жей беріп, ағзаға зиян жасап алмаңыз. Бір жаңғақты көп жеген адам одан шығып қалуы мүмкін. Шығып қалса, ол жаңғақтың пайдасы болмай қалады. Сондықтан, әр түрлісін жеп отыру ағзаға пайдалы екенін естен шығармаңыз.

Назар аудар:

Жаңғақ суының пайдалары

Жаңғақтың асқазанға пайдасы

Жаңғақтың пайдасы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айша

Жаңғақтардың пайдасы көп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар