Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау

Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — жоба, кесте, Кіші айқас, кесте тігісі — осы тақырыптарға байланысты.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы       

№205 қазақ орта мектетебінің

11 "А" сынып оқушысы: Исабек Ақбота

Жетешісі: Жантаева Гүлбану Ақантайқызы, технология пәнінің мұғалімі

 

Жобаның  мақсаты:

Қазіргі заман талабына сай кесте өнерін тіге білу.

Оқушыларды кесте өнеріне бейімдеу.

Еңбек сүйгіштік қасиеттеріне баулу.

Шығармашылық жобаның шарттары

Шығармашылық жоба - бұл мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын қорытынды шығармашылық жұмыс. Жобаның орындалу сапасы, негізінен, біздің сабақта алған білімдерімізді, іскерліктерімізді, қаншалықты игергендігімізге байланысты. Жобаны бір сондай-ақ бірнеше оқушы дайындауға болады.

Кесте жайлы мағлұмат
         Кесте-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып отырды. Кесте шілік дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұнытар көркемдігімен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік – тынысына мән-мағына қосып, заттық және рухани өмірін әрлей түсті, сән-салтанатын арттырып отырды. Кесте өрнегін кез-келген адам сыза бермейді. Оны арнаулы елішінде  "сызушы"  деп аталатын өрнекшілер сызады, өйткені кестеленетін заттар түкті төсек сырмақ, кежім т.б. сияқты көлемді және көрнекті жасаулар болуы мүмкін, оны ершіміне келтіріп сызу қажет. Қазақ халқында кесте өнерімен тек қана әйелдер айналысады. Қазақ қыздарына аналары ыждағаттылықпен төзімді талап ететін бұл қолөнер түрін бала кезінен үйретеді. Кесте өнерінің қызбаланың табанды, сабырлы мінез-құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп. Кесте өнерінің түп төркіні – тігіс, тоқыма, өрме өнерімен тамырлас. Мәселен, жөрмеу тігістерінің түрленуінен «баспа кесте», «қабырға кесте», «ашамай кесте» түрлері туындаған. Шеберлер кесте өнері қазынасының айдынын кеңейткен кестелерді көркемдеудің сан алуан тәсілдері : өрнек сызығын қуа түкпірлеп кестелеп толтыру,  орайлап толтыру,  кенерелеу, тіктеп қатарлап кестелеп толтыру, алтындап, күмістеп көздеу, өрнекті өрнекпен шымдау, шумақты өрнекпен шымдау т.б. жиі қолданған. Кесте тігігуге көбінесе аналарымыз қалың материялдарды таңдаған. Балбарқыт, пүліш, шұға, мәуіті, ағызу, борлат,  қалың жібек кездемелер, әртүрлі мәнерленген терілер,  жұқа киіздерт.

Қорытынды: Қазіргі қоғамда кесте өнерін түрліше дайындау әдіс-тәсілдері көптеп қолданылуда. Соның бірі айқас тігісі. Заманның ағымына қарай, айқас тігісімен кез-келген бейнені кестелеуге болады.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау деген не?

Бұл бетте Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Кіші айқас кесте тігісінен панно дайындау материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар жоба тақырыбындағы материалдар кесте тақырыбындағы материалдар Кіші айқас тақырыбындағы материалдар кесте тігісі тақырыбындағы материалдар панно дайындау тақырыбындағы материалдар