Өлең, жыр, ақындар

Күніне бірнеше минут қана бос уақытың бола тұра, өзіңді және өз өміріңді қалай өзгертуге болады

Әрқайсымыз әдемі болғымыз келеді, алайда уақытымыздың жоқтығын сылтауратып, басқа амалымыз жоқ қой деп, ол үшін көп ешнәрсе жасай қоймаймыз. Таңғаларлық шығар, алайда күніне бар болғаны аздаған минут бөле отырып, ұзақ мерзімге сақталатын әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Үлкен мақсаттарға қол жеткізу үшін азғантай ғана күш-жігер керек екенін Buffer-дің бас гуру контенті Exist сараптау тұғырнамасының негізін қалаушы – Белль Бет Купердің (Belle Beth Cooper) оқиғасы дәлелдейді. «Аздап, бірақ тұрақты түрде жаса» ережесіне сүйене отырып, бір жылдың ішінде ол қомақты нәтижеге қол жеткізді:

- Француз тілін үйренуге күніне небәрі 5 минутын ғана бөле отырып, Белль французша тез оқуды, жазуды және сөйлеуді үйренді;

- Ұйықтар алдында бір беттен оқи отырып, ол бір жылдың ішінде әдеттегіден бес есе көп кітап оқып шықты.

Мұндай жетістіктің құпиясы ұзақ уақыт бойына жасалатын кішігірім күнделікті рәсімдерде, солардың арқасында жоғарыда айтқан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оны Стэнфорд университетінің ғылым қызметкері Б.Дж.Фоггтың (B.J.Fogg) зерттеулерді де дәлелдейді.

Кез-келген кішкене пайдалы дағды ерте ме, кеш пе сіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгертеді. Ол үшін басты төрт қағиданы ұстаныңыз:

1. Аздан бастаңыз және күнделікті кішігірім бір әрекетті қайталаңыз

Ауқымды мақсаттарға жетудегі сәтсіздіктің басты себебі – өзіңе өте үлкен талаптар қою. Оның басталған кезі мен сіз қол жеткізгіңіз келетін сол нәтиженің арасында, бүтін бір тұңғиық шыңырау жатыр. Сондықтан дағдыларды қалыптастыруда дұрыс қадам жасау өте маңызды.

Өздігінен даму тақырыбында жазып жүрген блогшы Джеймс Клир (James Clear) мұндай қадамды үш R ережесі деп атайжы: Reminder (еске салу), Routine (режим) және Reward (ынталандыру).

Үш R өзара бір-бірімен ажырағысыз байланысқан, және де бірі екіншісінен келіп шығады. Бірінші R – триггер тәрізді іске қосылатын дабыл, ол екінші R-ді жібереді, шынында үшінші R-ге, яғни қалаған нәтижеге әкелетін қажетті әрекет. Өмірден алынған қарапайым және көрнекі мысал: бағдаршамның жасыл көзі жанғанда, біз жолдан өтеміз және межелі орынға жақындаймыз.

Алғашында дағдының тиімділігіне емес, тұрақты түрде қайталануына көңіл қою маңызды. Басқа сөзбен айтқанда, алғашында мөлшері, сосын барып сапасы. Мысалы, сіз өз тістеріңізді кариестен қорғағыңыз келеді ғой, және де тіс пастасы мен щеткасының көмегімен қарапайым тазалаумен қатар, өзіңізді тіс жібін пайдалануға дағдыландыруға бел будыңыз. Егер сіз тіс жібімен барлық тістеріңізді бірден тазалай бастасаңыз, онда бұл шамамен 10 минуттай уақытыңызды алады – сіз ең көп дегенде бір аптаға шыдайсыз. Ал егер де бірінші аптада бір ғана тістен бастасаңыз, бір аптадан кейін екеуін тазалаңыз, содан кейін – үшеуін және осылайша тағы басқаларын қоса берсеңіз, онда нәтиже өз-өзінен келеді.

Аз-аздан бастау – супер күштің иесі болу тәрізді.

Міне Белль Купер осы супер күшті өз мақсаттарына жету үшін қалай қолданған.

Оқу: ұйықтар алдында бір бет

Белль одан да көп оқи алатындығына қарамастан, ең бастысы мақсатқа назар аударды, өйткені бір беттің өзі жетістік болып саналатын. Кейіннен, бұл дағды жақсы қалыптасқан кезде, Белль 15 минутқа таймер қойып, осы уақыт аралығында оқитын, алайда кейін күнде кешке шамамен жарты сағаттай және тура сонша уақыт таңертең оқыған болып шығатын.

Бір беттен бастай отырып, ол 2014 жылы 22 кітапты және 2015 жылы тұтастай 33  кітапты оқып шыққан. Бұл дегеніміз 2013 жылы оқылған шағын жеті кітаптан бес есе көп болатын.

Французша: күнде таңертең бір сабақтан

Белль бұрындары да французша үйренуге тырысқан, алайда оның бастамалары нәтижесіз аяқталған. Ол өзінің француз тілін меңгеруін жақсартуға нақты шешім қабылдағаннан кейін, оның күн тәртібінде жаңа күнделікті дағды-рәсім – таңғы кофесін ішіп отырғанда Duolingo-да бір сабақ өту – пайда болды.

Бір сабақ небәрі 5 минут алатын. Осы кішкентай міндеттеме таңғы ас ішіп, жұмыссыз отырғанда оңай орындалатын. Ең соңында Белль екіден, үштен, егер оны өте қызықтырған болса, кейде тіпті төрт немесе бес сабақтан өтетін.

Өзің қанша орындай аласың, соншасын орында, тек біреуден кем емес.

Duolingo-ның бағалауына сәйкес, Белль қазіргі уақытта француз сөздерінің 41%-ын біледі. Жұмсалған уақытты есепке алсақ, әсерлі жетістік, солай ғой, ә?

2. Бір дағдыға зейін қойыңыз

Біздің кейіпкеріміздің тәжірибесінен көргеніміздей, өзіңізді бірнеше дағдыға бір мезгілде дағдыландыруға тырысу сәтсіздікке әкеледі. Сіздің ынтаңыздың қаншалықты болғанына қарамастан, энтузиазм барлығына бірден жете бермейді. Бұл тура сол әйгілі көпміндеттілік: біздің миымыз бір мезгілде бірден артық іске зейін қоя алмайды. Белльгеұйықтар алдында кітап оқу оның күнделікті дағдысына айналғанда, француз тілін үйренумен айналысу дағдысын өзіне дарытуға қол жеткізу мүмкін болды. Осыдан мынадай ереже туады:

Өзіңізді бір дағдыға дағдыландырыңыз және тек біріншісін автоматты түрде орындауға жеткен кезде ғана келесісіне өтіңіз.

Кейде дағдыны қалыптастыруға көп уақыт кетеді. Біз барлығымыз 21 күн ережесі туралы білеміз, бірақ ол барлығы үшін және барлық кезде орындалмайды. Өзін сағат алтыда тұруға дағдыландыру үшін, Белльдің шамамен төрт айдай уақыты кетті. Дағдыға төселу үшін 66 күн қажет деген жаңа зерттеу бар. Бәлкім, бұл шындыққа жақындау болар, алайда дағдылану мерзімі әр адамда әр түрлі және ол көбінесе өзіңіздің тәртібіңізді қаншалықты түбегейлі өзгерткіңіз келетіндігіне байланысты. Сағат тоғызда тұрудың орнына алтыда тұруға үйрену, сағат сегізде тұрудың орнына жетіде тұруға үйренуден әлдеқайда ұзағырақ болады.

3. Кедергілерді жойыңыз және барлық қажетті заттарыңызды қол астында ұстаңыз

Өзіңнің алдыңда өз міндеттемелеріңді орындауға үнемі бір нәрсе кедергі келтіре ме, сол себепті біздің міндетіміз – осы «бір нәрсені» алып тастау және тұйыққа тірейтін шырғалаң шеңберді бұзу. Егер де барлық қажетті заттар бар болса, ойға алғаныңызды орындау әлдеқайда жеңілірек. Мобильдік қосымшада француз тілі сабағын үйрену үшін смартфон сіздің қолыңызда тұрса, ешқандай да күш жұмсаудың қажеті жоқ, ал кітап кереуетіңіздің қасында тұрса, ұйықтар алдында кітапқа қолыңыз өз-өзінен созылатын болады.

Журналист және социология жөніндегі кітаптың авторы Малкольм Гладуэлл (Malcolm Gladwell) мұны бетбұрыс сәті деп атайды. Бір ғана кішкентай және елеусіз өзгерту енгізу үдеріске айтарлықтай әсер ете алады. Ойға алғаныңызды орындамай-ақ қоюға сылтау әрқашанда белгілі бір сәтке дейін болады, бұл сәттен кейін ойға алғаныңызды орындамаудан гөрі, орындау әлдеқайда жеңіл болады.

1970-жылдары Иель университетінде сіреспеге қарсы екпе жасау кезінде жүргізілген зерттеу оның айқын мысалы болып табылады. Басшылық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және студенттерді аурудың қауіптілігін айтып қорқытуға қаншалықты тырысса да, екпе жасатуды қалаушылардың келуі өте аз болған. Жұмыс істейтін уақытын көрсете отырып, вакциналау орнын кампус картасына қосқаннан кейін студенттердің келуі 3%-дан 28%-ға өскен!

Осы айла-тәсілді дағдыны әдетке айналдыру үшін де қолдануға болады. Белль оны өзіне қолданып көрді, және де ол шынымен де іске асты. Осы жылы бұл қыз пианинода ойнауға көбірек уақытын бөлмекші. Бұрындары оның бұл ісі аса жақсы шықпайтын. Алайда, ол аспапты кухняға жақын жерге жылжытып қойғалы бері, әлдеқайда жақсы шығатын болды, өйткені астың әзір болуын күтіп тұрған кезде Белльдің жаттығуға мүмкіндігі пайда болды. Купердің алдына қойған екінші мақсаты, күн сайын таңертең жүгіру болып табылатын. Ол жаттығу киімін киіп алған кезде, өзін күштей отырып жүгіруге шығу оңайырақ екенін байқады. Сол себепті, оны ұйықтар алдында кереуетінің қасына қойып, ойында басқа кезекті сылтаулар туындамай тұрғанда, таңертең бірден киіп алатын болды.

4. Қалыптасқан дағдылар негізінде жаңа дағдылар жасаңыз

Жаңа дағдыларды мүлде жоқтан бастау міндетті емес. Ескілерін триггер ретінде қолдана отырып, оларды бұрыннан бар дағдылардан жетілдіру оп-оңай. Біз ол туралы тіптен ойланбастан, қайталанатын әрекеттердің бірнешеуін жасаймыз. Күн өткен сайын бір мезгілде біз ұйықтар алдында тісімізді тазалаймыз, таңертең оянған соң, кофе әзірлеуге келеміз – бұлардың барлығы да өзінше бір дағдылар.

Бұның мәні сол, бұрыннан бар әрекеттер тізбегіне өзімізге қажетті, жаңаларын қосу. Белль «таңертең – кофе» тізбегіне француз тілін үйренуді жалғады және еш кедергісіз тіл үйренуге әр күні аздаған уақыт бөле алды. «Жатын орынға жату» триггеріне жаңа дағдыны таңу арқылы, ол ұйықтар алдында кітап оқуға тура осылай аяқ басты.

Жуырдағы зерттеулер көрсеткендей, бір-бірімен байланысқан әрекеттер жаңа дағдыны бекітудің ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады екен және олардың алдағы уақыттарда сақталуына кепілдік бере алады. Жетістікке жетудің кілті – бәрін жаңадан басынан бастамай, бұрыннан бар іргетасқа кірпіштер қалай отырып, дағдылар қалыптастыру.


Үлкен өзгерістер өздігінен орын алмайды. Кез-келген мақсатқа жету үшін, оған қарай жүру қажет. Мейлі кішкентай әрі сенімсіз болса да, бірақ нәтижеге сөзсіз жақындататынадамдардан басталсын. Тіпті азғандай күш-жігер жұмсасаңыз да, егер де оны үнемі тұрақты түрде жұмсасаңыз, ерте ме, кеш пе ұлы жетістіктерге жеткізеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз