Мұғалімдер оқушыларға ең маңызды дүниелерді үйреткеннің орнына көптеген қиын тапсырмалар береді. Көбі мектепті аяқтаған соң қарапайым өмірлік тапсырмаларды орындай алмай жатады. Алайда мектеп пәндері адамның болашағы жарқын болуына көмектесетін құрал емес пе еді?
Назарларыңызға болашақ мамандарға пайдалы болатын 7 сабақты ұсынамыз.
Мектепте нені үйретпейді?
Жылдам оқу
Жылдам оқу техникасы бізді ақылдырақ етпейді, алайда қажет болуы мүмкін. Себебі адам күнделікті көптеген ақпарат алады, ал мәтіннің басты мазмұнын бірден ұғыну – өте пайдалы.
Уақытты басқару
Уақытты дұрыс пайдалана білу – өте қажет. Бұл көптеген адамға істерді кейін қалдырмауға дағдыландырар еді. Көптеген біздің жоспарларымыздың іске аспауының себебі – уақыт тапшылығы.
Тез үйренуге дағдылану
Балалар күнделікті көптеген мағлұмат алады, бірақ оны қалай дұрыс істеу керегін білген жөн. Бұл дағды артық уақыт құртпауға үйретер еді, қазіргі таңда есте сақтау техникаларының түр-түрі бар.
Қаржы басқару
Мұғалімдер математика сабағында өмірлік мысалдар келтіре отырып, қаржыны дұрыс жаратуды үйретсе жақсы болар еді.
Сөйлесу мәнері
Адамдармен қарым-қатынас ең алдымен сөйлесуге негізделеді. Бала өз ойын жинақтап, өз пікірін қалыптастырып, өз сенімін қорғай алса өте жақсы.
Рухани денсаулық
Көптеген адам қорқыныштан немесе өзіне сенімсіздіктен арманына қол жеткізе алмайды. Балаға стресске төтеп беруді үйрету – өте пайдалы іс. Рухани саулығын ретке келтіру арқылы депрессия және т.б. мәселелерді жеңуге көмектеседі.
Мамандық жайлы хабары болу
Жоғары сынып оқушыларын мектепте мамандықтар әлемі, мансаптың жоғарылау мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету керек. Бұл сабақ сонымен қатар түйіндемені дұрыс жазу мен өз мүмкіндіктеріңді тиімді пайдалануға да үйретеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Рая
Жоғарыда өте дұрыс айтылған! Өмірді дұрыс əрі жақсы сүре білуге, денсаулық пен уақыттың қадірін терең түсіне білуге жетелейтін іс-əрекет пен санаға сəуле түсірер ойларды қалыптастыруға күш салуы керек мұғалім мектепте! Баланың өз бетінше əрекет жасауына жəне ойын ашық та еркін түрде жеткізе білуіне мүмкіндік берсе тəрбие ісінің нəтижесі жемісін берері анық.