Еркін Жанаргүл
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
«Бастауыш білім беру» мамандығының білім алушысы
Жетекші: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Педагогика пәнінің оқытушысы,
Кабинет меңгерушісі
Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені, «Золотая звезда» медалінің иегері, оқу орнының түлегі полковник В.А. Шулятиков атындағы кабинеттің салтанатты ашылуы
Мақсаты:
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстағы халықтың өшпес ерлiгiне құрмет көрсету. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың жеңiспен аяқталуын ұрпақтар жадында қастерлеп сақтау. Халықтың теңдессiз ерлiгi мен жанқиярлығын насихаттау, фашизмге қарсы күрес жолындағы ұлы жеңістегi қазақстандықтардың қосқан теңдессiз үлесiн ашып көрсету.
Міндеттері:
- «Тағзым» бағдарламасы бойынша тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін жас ұрпаққа нсихаттау;
-Оқу орнының тарихын зерделеу;
- Студенттерді ғылыми-танымдық ізденушілік жұмыстармен айналысуға бағдарлау;
Көрнекілігі: презентация материалдары
Жабдықталуы: интрактивті тақта, музыка әуендері
Жоспары:
Ақбота: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқытушылар мен студенттер! Баршаңызды Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Жанаргүл: Оқу орнының тарихын зерделеу, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттау және студенттердің ғылыми-танымдық ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Тағзым» бағдарламасы бойынша бүгін «Қосымша білім беру педагогі» оқу аудиториясына оқу орнының түлегі, Кеңес Одағының Батыры, «Золотая Звезда» медалінің иегері В.А.Шулятиковтың есімі берілуінің салтанатты рәсіміне қош келдіңіздер!
Сөз М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, ф.ғ.к., Ы.Алтынсарин медалінің иегері Жанаева Шағангүл Алдамжарқызына беріледі.
(фон «День победы». Видео «Журавли»)
Мөлдір.
Война –жесточе нету слова
Война-печальней нету слова
Война святее нету слова
В тоске и славе этих лет
И на устах у нас иного
Еще не может быть и нет.
Сәуле: Прошло 70 лет как закончилась ВОВ, но эхо ее до сих пор не затихает в людских душах. Сегодня мы хотим всех поздравить с этим великим праздником, и хочется всем пожелать, чтобы больше никогда не услышали разрывов бомб, чтобы все народы мира жили в дружбе и согласии. И наш праздник - посвящение для всех ветеранов, кто завоевал эту победу в тылу и на фронте. Для всех прдставителей старшего поколения.
Назерке: Our dear quests, teachers and students! I want to congratulate you on the 9th of May-Victory Day! You knowthat we celebrate the 70th anniversary of Great Victory! Id like to say that In future let all the people live in peace, in happiness and children never cry from the war. We wish you a great success in your lives, good study and prosperity of our country!
Акбота:
Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер құрметіне арналады. Оның ішінде есімі оқу аудиториясына беріліп отырған оқу орнының түлегі Кеңес Одағының батыры В.А.Шулятиковқа арналмақ.
(фон «Журавли»)
Жанаргүл:
Его война проверяла на верность и самоотверженность, честность и благородство, мужество и бесстрашие, он переодолел все трудности, он стал символом стойкости.
(тақтада В.А.Шулятиковқа қатысты презентация жүріп жатады)
Қорлан: Василий Александрович Шулятиков 1917 жылы Большенарым ауылында шаруа отбасында туды. 7- сыныпты бітірген соң Семей педагогикалық училищесіне түсті. Мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Семей облысындағы В.В.Маяковский атындағы Георгиевка орта мектебінде директор қызметтерін атқарды.
Мадина: 1939 жылы қыркүйекте Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1941 жылы 22 маусымда кіші сержант Шулятиков Прибалтикада неміс – фашистерімен ұрысқа кірді. Кейін 163 – Ромнен атқыштар дивизиясы құрамында Воронеж, 1, 2-ші Украина, басқа майдандарда ұрыс қимылдарына қатысты.
Назерке: Лычково станциясындағы ұрыстар есте қаларлықтай. Басшылықтың тапсырмаларын мінсіз орындағаны, тапқырлығы үшін В.А.Шулятиковке 1943 жылы 29 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Жарлығымен «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Айдос: 1944 жылы В.А.Шулятиковты Ленинград байланысшылар әскери академиясына оқуға жіберді. Кейін ол академияның адъюнктурасына түсіп, 1955 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Академияның байланыс кафедрасында сабақ береді.
(Фон «День победы»)
Мадина:
Вот и настал он - Победный час,
Конец всем огненным бурям!
Грудь открывал каждый из вас
Навстречу осколкам и пулям!
Мөлдір:
Соғыстың соңғы көктемі
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.
Ақбота:
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстың соңғы көктемі.
Сәуле:
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
(Қонақтарға гүл ұсыну)
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» (Видео «Целина»)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі