Бала, ең алдымен, компьютерлік ойындағы ферманы құрып алады, артынан, ғаламтор арқылы несие, акция, дефолт деген не екенін және валютаны қалай сақтауға болатыны туралы іздей бастайды. Аталған сұрақтарға ғаламтордан кем жауап бермейін дегендер үшін біз негізгі экономикалық терминдерге арнайы нұсқаулық әзірледік.
Экономикалық терминдерді гифтердің көмегімен түсіндіреміз...
Биржа - акция, бағалы қағаздар және басқа да қаржылық құралдар сатылатын нарық. Ескі фильмдерде адамдардың бір-біріне қоңырау шалып, бір мезгілде үш телефонмен сөйлесіп отыратын офистеріне ұқсас. Қазіргі кездегі биржалар жеке жарнамаларды жариялайтын сайттар секілді, бірақ онда көліктер, тұрмыстық техника мен киімнің орнына қаржы активтері сатылады. Биржада бірнәрсе сатып алу немесе сату үшін, алдымен сізге сатуға немесе сатып алуға ниет білдірушілерді табуыңыз қажет. Мұны үйде отырып-ақ жасауға болады, бірақ одан бұрын брокермен (биржадағы сатушы мен сатып алушы арасындағы делдал) келісімшарт жасасу керек.
Акциялар (сондай-ақ, облигациялар мен вексельдер) қаржы активтері болып саналады. Егер сіз актив сатып алсаңыз, онда сізге біреу бірнәрсе қарыз деген сөз. Яғни, облигацияларды сатып алсаңыз, сол облигацияны шығарған адамға қарыз бересіз деген сөз. Біраз уақыт өткеннен кейін сіз өз салымыңызды ұлғайған күйде қайтарып аласыз. Ал вексель – белгілі-бір уақыт өткеннен кейін соманың белгілі бөлігін алуға құқық береді. Акцияны сатып алу арқылы, сіз компанияның серіктес иесі болып саналасыз. Осылайша, тіпті, Apple немесе Facebook-тің бір бөлігін сатып ала аласыз! Бірақ, шындығына келгенде, бір бөлігін иемдену – азырақ болады, онымен сіздің компанияға қандай да бір септігіңізді тигізуіңіз екіталай. Есесіне, олардың істері алға басатын болса, акция бағалары да өсетін болады. Осылайша, сіз акцияларыңызды тиімді бағада сата аласыз... Кейде компаниялар өз акционерлерімен табысын бөліседі, яғни дивиденд төлейді.
Ең сенімді компаниялардың акциялары «көк фишкалар» деп аталады. Бұл атау «покер» ойынынан шыққан, яғни, онда ең қымбат фишкалар көк түсті болып келеді. Мұндай компанияларға Apple, Google, The Coca-Cola Company, Microsoft, McDonaldʼs т.б жатады.
Компаниялардың барлығы өз акцияларын тек биржада ғана сатпайды. Бірақ, егер компания иелері инвесторларды тартқысы келсе (яғни біреуден фирмадағы үлесінің бір бөлігін сату арқылы ақша алу), олар IPO өткізуі керек. Ағылшынша Initial Public Offering — бастапқы жария орналастырылым. Бұл заңгерлер мен қаржыгерлердің көмегін қажет ететін күрделі рәсім. Атақты биржалар сапасы сенімсіз акцияларға саудаласпайды. Сондықтан компания акциялардың сенімділігін дәлелдейтін қорытындылар мен өзге де құжаттарды көрсетуі тиіс. IPO қорытындысы бойынша, компания акцияларын қалаған адам сатып ала алады.
Банктер адамдар мен фирмалардың сақтап қойған ақшасын өзге фирма мен адамдарға қарызға пайызбен беру арқылы табыс табады. Банктің сізге пайдалануға берген қарыз ақшасын (яғни, несие) берген кезде, сіз банкпен ақшаны неше уақыт ішінде және қанша теңге көлемінде қайтарып беретініңіз жөнінде келісімшартқа отырасыз. Мәселен, сіз қарызға 1000 теңге алсаңыз, бір жылдан кейін оны 1160 теңге қылып қайтарасыз, демек, бір жылдық үстемесі – 16 %. Банк бұл үстемеге тек несие беруді ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды ғана емес, сонымен бірге, инфляция мен несиелік тәуекелге (сіз қайтара алмай қалуыңыз да мүмкін ғой?) кететін шығынды да жатыстырады. Ал несие жайдан-жай беріле салмайды: сіздің несие тарихыңыз қаралып, алдыңғы несиелеріңізді талаптарға сай қайтара алған-алмағаныңыз сараланып барып беріледі. Сіз неғұрлым сенімді борышкер болып шықсаңыз, банк бере алатын несие көлемі де, соғұрлым көбірек болады.
Орталық банкке кіріп, сіз жәй ғана несие алып немесе ақша айырбастай алмайсыз. Ол – мемлекет бойынша қаржы саясатына жауапты ұйым. Орталық банк салымдарды қабылдап, несие бере алады, бірақ, бұл процесті қарапайым адамдармен емес, өзге коммерциялық банктермен жүргізеді. Сонымен қатар, жаңа ақша шығару туралы шешімдер дәл осы жерде қабылданады, ол үрдіс – «эмиссия» деп аталады.
Жаңа ақша «басып шығару» үшін орталық банкке баспа станоктарын іске қосудың қажеті жоқ, бар болғаны - коммерциялық банктердің жаңа ақшаны экономикаға тез шығаруына септігін тигізсе жеткілікті. Банк мұны «негізгі ставканың» көмегімен жүзеге асырады, яғни, коммерциялық банктердің қысқа мерзімге ақша ала алатынындай төменгі пайыздық үстемені белгілейді. Ал егер орталық банк негізгі ставканы көтеретін болса, өзге банктер қарыз алу қымбаттағандығын түсініп, олар да қарапайым несие берілетін ставканың мөлшерін арттырады. Және, керісінше, орталық банктің негізгі ставкасы төмен болса, өзге қарапайым адамдарға несие алу арзанырақ болады.
Коммерциялық банк несие бергенде, ол тек «ауадан ақша жасайды» десе болады. Сондықтан, адамдардың қаншалықты несие алатыны экономикадағы ақша көлеміне байланысты. Ақшаның басым бөлігі қолма-қол берілмейтін нысанда, яғни, банкнот, монеталар емес, компьютердегі жазбалар күйінде болады. Олардың құндылығы орталық банктің беделімен қамтамасыз етіледі: әркім өз әмиянындағы қағаз бумасын сенімді және заңды төлем құралы деп есептегенде ғана, бұл оларға тиесілі болады.
Дәстүрлі ақшаға балама, ол орталық банктің беделіне емес, математика бойынша – крипто-валютаға негізделген. Ең белгілі крипто-валюта – биткоин және басқалар (мәселен, эфириум немесе рипл). Крипто-валютаға арналған транзакция жазбалары бар дерекқорлар тек орталық банк пен бірнеше коммерциялық банкте ғана емес, бүкіл әлем бойынша миллиондаған компьютерлердің орталықтандырылмаған желісінде сақталады. Ол желі – блокчейн деп аталады. Бұл тұста, жасанды дүниелер жасау мүмкін емес, өйткені, барлық жазбалар күрделі алгоритмдер арқылы шифрленеді, ал ақпараттың көптеген көшірмелері оны бұрмалаудан қорғайды. Аталған алгоритмдер жақсы жұмыс істеуі үшін, аса жоғары компьютерлік қуат қажет болады. Ол қуаттармен қамтамасыз еткені үшін желі мүшелері сол крипто-валютадан сыйақы алады.
Валюта - мемлекеттік ақша бірлігі, ал айырбас бағам - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталуы. Валюта бағамы тез өзгеріп отырады, мәселен, бүгін доллар - 333.5 теңге болса, ертең – 334 теңге болуы мүмкін. Бұл өзгерістер теңгерімге ондаған мың доллар көлемінде салым түскенде ғана айтарлықтай байқалады. Шындығында, валюта – тауар, бағам – оның бағасы. Айырбастау пунктері валютаны аз бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату арқылы пайда табады. Сондықтан да, валютаны сатып алу бағасы сатуға қарағанда үнемі қымбатырақ болады. Егер орталық банк ақша санын көбейтсе (ақша «басып шығарса»), онда отандық валюталар саны артып, тиісінше, құны да төмендейді. Біздің валюта құны төмендеген сайын, доллар немесе евроны сатып алу үшін көбірек теңге қажет болады.
Егер экономикада ақша мөлшері тез өсетін болса, онымен бірге бағалар да өседі. Ол – инфляция деп аталады. Егер инфляция қарқыны жоғары болса, онда орташа жалақы мен банктегі қаржы сақталымдарына қарағанда, тауарлар мен қызмет көрсету бағалары жылдам артады. Осылайша, ақша құнсызданады, бұл кезде оларды барынша аз бағаға сатып алуға болады. Бір жағынан, егер біреуден қарызға ақша алған болсаңыз, борышкер ретінде, сізге аяқ астынан келген инфляция жағымды жаңалық болмақ. Себебі, қарызыңызды құнсызданған, төмен бағамен қайтаруға мүмкіндік туады.
Егер сіз несиеңізді өз уақытында қайтара алмасаңыз, онда – дефолт жіберіп алдыңыз деген сөз. Адамдардың несиесін уақытылы қайтара алмағандағы кез-келген жағдайы – осылай аталады. Мұны, әрине, келеңсіз жағдай десек те, басымызға «қара бұлт төнді» дей алмаймыз. Кейде адам өзінің айлық шығынын дұрыс есептей алмауы (артық шығындар жасауы) немесе тұрақты жұмыстың ыңғайы келмеуі мүмкін. Тіпті, дефолт фирмаларда да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда борышкер қарызын кейінге қалдыру немесе айлық төлем мөлшерін азайту туралы келісімшарт жасай бастайды. Ал жалпы мемлекет дефолт жарияласа, онда ол басқа әңгіме. Әдетте, мұндай жағдай күрделі қаржылық дағдарыс сияқты жайттарда орын алады. Ол кезде теңге бағамы бірнеше рет төмендеп, соның салдарынан тауарлар мен қызмет көрсету жүйелері қымбаттап, көптеген кәсіпорындар шығынға ұшырап, адамдардың банктегі салымдары бір сәтте құнын жоғалтады.
Егер сізде бәрі жақсы болып, тіпті, әзірге қажеттілігі жоқ артық ақша бар болса, онда сіз оны қашан қажет болғанға дейін арнайы банк есепшоттарына немесе дебетті карталарда сақтай аласыз. Дебетті қартаның несиелік картадан айырмашылығы – есепшотта бар қаржыны ғана пайдалануға мүмкіндік береді. Сіз ол картада ақша сақтап, дүкендерде төлем жасауға немесе қажетті мөлшерді банкомат арқылы шығарып ала аласыз. Егер картадағы ақшаңызды күнделікті пайдаланып отырсаңыз, онда сізге көбінде, ақшаны қолма-қол ұстауға қарағанда, дебетті картада ақша сақтау қолайлы болмақ. Себебі, көптеген банктерде тауарларға төлемді карта арқылы жасағанда кешбэк алуға болады.
Кешбэк — ол банктің сізге ақшаны қолма-қол ұстамай, оның картасына сақтап, пайдаланғаныңыз, тұтынушысы болғаныңыз үшін беретін сыйақысы. Мәселе, сіз дүкен немесе мейрамханаларға төлем жасаған кезіңізде сатушы сіздің картаңыздан алынуы тиіс соманың бәрін емес, аз мөлшерін алады. Ақшаның бір бөлігін төлем жүргізу комиссиясы (VISA, MasterCard), бір бөлігін банк сатушысы (дүкенге банк терминалын орнатқан адам), бір бөлігін сіздің картаңызды шығарған банк алады. Соңғы соманы банк сізбен бөлісе алады, себебі, ол да пайда табуда. Көптеген банктер сіз алған тауарлар сомасын 0,5 %-дан 1%-ға дейінгі мөлшерде қайтарып бере алады, тіпті, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін.
Гифтер: giphy.com
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бақытбек
Несие деген бәле ғой))
Әйгүл
Шынымен де жақсы болды
Есен
Негізі барлығымыз сол орталық банктерге қызмет ететін сияқтымыз.
Арман Ағай
Әттең информатика пәні мұғаліммін, экономист болу үшін көп қаржы керек
Айжан
Банктен кредит алудан қорқамын