Керітартпа пікірлер — Мотивациялық мақалалар тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Бір жұмыс бастау немесе бір курсқа қатысу секілді жаңа нәрсе жасамақ болған кезде, «бұл ісіңнің келешегі жоқ», «мұныңнан түк шықпайды», «істейтін басқа тірлігің жоқ па?» дейтін адамдар табылады. Ой-пікіріңізді, жоспарыңызды бар-ынтаңызбен айтқаныңызда басын шайқап болымсыз жауап айтып, бір-екі сөзбен үмітіңді сөндіріп, ынта-жігеріңді су сепкендей басатындар бар. «Жақсы бір бизнес жоба әзірледім» дегенде «Өй, бұл істің алпауыттары саған нан жегізбес», «Дүкен ашсам, саудамен айналыссам деп едім» – «Қазір дағдарыс, бір-екі айда тақырға отырасың», «Мемлекеттік қызметке барамын» – «Жоғарыда көкең болмаса өспейсің»... деген сияқты керітартпа пікірлер адамдарда дайын тұрады.
Өмірде мұндай кері тарпа әңгімелер болатыны қалыпты нәрсе. Маңызды болғаны барлық қауіп-қатерді ескере отырып, сенімді, батыл әрекет ету және болымсыз әңгімелерді елемеу.
● «Жылқы әрдайым қолданыста болады. Автокөлік жай өткінші мода.» Генри Фордтың кредит сұрап барғандағы банк директорының жауабы. (1903 ж.)
● «Өте әдемі өнертабысқа ұқсайды, бірақ мұны кім, не үшін қолдануы мүмкін?» Ратерфорд Бёрчард Хейс – АҚШ президенті 1876 жылы алғаш рет телефонды көрген кезіндегі айтқан пікірі.
● «Радионың келешегі жоқ» Лорд Кельвин Шотландиялық физик ғалым.
● «Әртістердің даусын кім естігісі келеді дейсің?» Фильм индустриясының жетекшісі Гарри Уорнердің жаңа табылған дыбысты фильм турасындағы пікірі. (1927 ж.)
● «Интернет 1996 жылы толығымен құлдырайды.» Интернетті ашқандардың бірі Роберт Меткалф. (1900 ж.)
● «Теледидар 6 ай ішінде нарықтан жойылады. Адамдар күнде кешкісін мұндай қорапқа қарап отыруды қаламайды.» Дэррил Занук “Twentieth Century Fox” негзін қалаушысы. 1944 ж.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі