Өлең, жыр, ақындар

Жоспарлы түрде ескірту: неліктен заттар тез бұзылады?

«Егер тауар жақсы болса, оны шығаруды тоқтатады»  
Хебпок заңы ( Мерфи заңдарынан»)

Неліктен несиесі өтелген сәттен заттар бұзылып жатады? Неліктен принтер күндердің күнінде қағазға бояу жағуын тоқтатады? Неге АҚШ-тағы өрт сөндіру депосының біріндегі лампа 100 жылдан астам жанып, өзін бақылап түрған бірнеше бейнекамераның ғұмырын басып озған? Неліктен бұрын нейлон шұлығының көмегімен көлікті сүйреу мүмкін болған, ал қазір бірнеше рет пайдаланылғаннан кейін жыртылып жатады?

Жаһандық өндірісті қатаң бақылауға алған «құпия» күштер бір ғасырдан бері тұтынушыны қолындағы сапасыз заттан арылтып, жаңа зат сатып алуға итермелеу үшін әртүрлі айлаға баруда. Ұялы телефон, ноутбук және басқа да гаджеттерде уақыт өте келе аккумуляторлары істен шығып қалатынын байқадыңыз ба? Принтерлер жаңадан сия құйылғанымен, басып шығаруын тоқтатты ма? Бағдарламалық қамтамасыз ету өткен нұсқадағы құжаттармен жұмыс істеуден бас тартып, жаңартылуы қажет болып тұр ма? Ескісін жөндеуге қарағанда жаңасын сатып алу арзанырақ түседі ме? Ірі тұрмыстық техника кепілдігінің мерзімі үш жылдан аспайтын уақытты құраса, тефлонды табадан ең көп дегенде екі жылдан кейін құтылу қажет дей ме?

Бүгінгі таңда барлық өндірушілер, еліне және еркін нарыққа қарамай жасырын заңға бағынуға мәжбүр:

«егер тауар жақсы болса, онда оны жақын арада шығаруды тоқтатады».

Тұтынушылар «ұзақ уақытқа» жасалған нәрсені сатып алса — өндіруші үшін бизнестің соңы болады.

Егер адамдар сатып алуды тоқтатса, тұтастай экономика(бай адам байи түсіп, ал кедейге ақша ең қажет деген затына ғана жететін экономика үлгісі)тоқтайды. Мамандар оны «арту экономикасы» деп те атайды, оның мәні тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда емес, «арту үшін артуда».

Жалпы маркетологтар сатып алушылардың алдында үш «тұзақ» дайындап қойған, олар: несие, жарнама және тікелей жоспарланған ескіру. Соңғысы инженерия және дизайн мектептеріндегі оқу бағдарламаларының міндетті тармағына айналып үлгерген: болашақ маман қысқа жарамды таңдаулы «қоқысты» әзірлеу үшін басшылықтың бизнес-жоспарын да ескеруі тиіс.

Ғасырлық шам

Ливермордың өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде (Калифорния, АҚШ) 1901 жылдан бері әлемдегі ең ескі лампа жұмыс істейді. 4-ватты шам «Жүз жылдық» деп аталады, тіпті шамның өз сайты да бар. Интернет желісінің кез келген пайдаланушысы, веб-камера арқылы оны бақылай алады — суреті әрбір 10 секунд сайын жаңарып тұрады. Бір қызығы оны бақылауға арналған үш камера ауысып үлгерген :)

Оның 100 жылда тек 3 мәрте сөнгені белгілі. 1903 жылы 1 күн және 30-шы және 70-ші жылдары сирек болған ақаулардың салдарынан сөнген екен.

Бұл жерде фантастикалық ештеңе жоқ — колбаның іші вакуум, ал вольфрам жібі балқымауы үшін оған қажетті қимасын беріп, нық бекіту жеткілікті. Бұрындары қыздырғыш жарық элементі ретінде сым тәрізді графит қолданылған. Сиқыр емес — жай ғана сапа.

Фебус құпиясы

Жоспарланған ескірудің бірінші құрбаны, прогресстің символы — электр лампасы болды. Женевада 1924 жылдың аяғында электр шам өндірісіндегі жетекші компаниялардың құпия жиыны өтті. Голландиялық Philips фирмасы, Osram неміс концерні, американдық General Electric, Британдық Associated Electrical Industries сияқты индустрияның «алпауыттары» өндірістік кәсіпорындарын және аса танымал емес бірнеше басқа компанияларды біріктірген Phoebus суперкартелі құрылды.

Жиынның басты тақырыбы шамдардың қызмет ету мерзімін орташа есеппен 2500-ден 1000 сағатқа дейін төмендету болды. Бірден екі оң нәтижеге (өндірушілер үшін) қол жеткізілді. Біріншіден, қымбат тұратын вольфрамның шығыны төмендеді, екіншіден, нарықтың сыйымдылығы күрт өсті. Сол бағада тұтынушы сол ақшаны 2,5 есе жиірек жұмсауға мәжбүр болды, ал өнімнің өзіндік құны азайды. 1942 жылы АҚШ үкіметі бұл аса үлкен жалғанның егжей-тегжейі мен дәлелдемелерін жария етті. Сот он жылдан астам уақытқа созылды және оның шешімі картельдің барлық шешімдеріне тыйым салғанымен, оң жаққа ештеңе өзгере қоймады. Шамдар одан да жиі істен шығатын болды, бірақ енді істен шығуына олардың қатысы жоқ еді. Кез-келген өнеркәсіптік өнімнің жоспарланған істен шығуы үшін жағдай жасау идеясы жаһандық ауқымда іске асырыла бастады.

Нейлон колготкалары

Революциялық синтетикалық матаны(нейлонды) ойлап тапқан «DuPont» химия алыбы әдейі ескіртудің жарқын мысалы бола алады. Осы материалдан әйелдерге арнап аса мықты шұлықтар жасалған. Оларды тіпті автомобильді сүйреу үшін де пайдаланды! «DuPont» мұндай шұлықтарды сол кездегі сатып алушылардың шөберелері пайдалана алмауы үшін шұғыл түрде нейлонның формуласын өзгертті…

Бүгінде әйелдер шұлықтарды бірнеше рет кигеннен-ақ жыртылып шыға келетін болған. Химиктер үшін бұл нағыз адамгершілік сыны болды: жақсартудың орнына жаман нәрсе жасаудың не керегі бар? Бірақ бизнестің аты бизнес.

Дизайнын өзгерту

1954 жылы өнеркәсіп дизайнері және инженер Брукс Стивенс «сатып алушыларды дүкенге қайта-қайта келуге қалай мәжбүрлеуге болады?» деген қосымша идеяны ұсынды.

Зат техникалық жағынан біршама жарамды бола берсін, есесіне өнімнің дизайнын үнемі өзгертіп отыруға болады! Сонда кешегі модель  жарнамалық роликтегі жаңа нәрсе сияқты «сәнді» болмай қалады. Осы кезден бастап сатып алушының негізінен мұқтаж емес затты сатып алуға деген ниетіне негізделген классикалық маркетинг өз дегенін істей бастайды. Бірақ осы мағынасыз тұйық шеңберден шығуға болады ма? Қазіргі мамандар мен дұрыс пікірлі азаматтар шығуға болатынына сенімді. Дегенмен бұл мүлдем басқа әңгіме...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Акжол

Бізде сол үшін қыста қардың үстіне асфальт құяды) Қар жауғанын әдейі күтіп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз