Өлең, жыр, ақындар

Нақыл сөздері

Қара қарға секiлдi арсыз, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық адамға өмiр сүру жеңiл. Ал, қарапайым, пәк, бiртоға, салқынқанды, алды-артын болжағыш таза адамға өмiр сүру қиынға түседi.

Ілмектер: қарға, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, содыр, жабысқақ, ақылсыз, бұзық, қарапайым, пәк, бiртоға, салқынқанды Будда

Шындықты айт, ашуланба. Сұрағанға азғантай болса да бер.

Ілмектер: Шындық, ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Ашуды — байсалдылық, жамандықты — жақсылық, сараңдықты — жомарттық, өтiрiктi — шындық жеңсiн.

Ілмектер: Ашу, байсалдылық, жамандық, жақсылық, сараңдық, жомарттық, өтірік, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Өзiне лайық немесе өзiнен асып түсерлiк серiк таппаған жолаушының сапарға жалғыз шыққаны жөн.

Ілмектер: жолаушы, серік, сапар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.

Ілмектер: құмарлық, ашу, бейнет, алдау, мұң, құштарлық, артық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.

Ілмектер: Денсаулық, жеңiс, қанағат, байлық, сенiм, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Тек жамандауға немесе мақтауға тұрарлық адам жоқ, болған емес және болмайды да.

Ілмектер: жаман, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Шынында да, адамның өзiн-өзi жеңуi, өзiне-өзi тиянақты түрде тыйым сала бiлуi, өзiн-өзi көндiре бiлуi басқа бiреудi жеңуінен әлдеқайда артық.

Ілмектер: артық, жеңіс, адам, тыйым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда

Болашағыңды білгің келсе, қазіргі әрекеттеріңе қара

Ілмектер: болашақ, іс-әрекет Будда

Қарап көріңіз

Пікірлер