Өлең, жыр, ақындар

Шәңгерей Бөкеев

Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847, Батыс Қазақстан облысы Орда қаласы — 1920, Батыс Қазақстан облысы Ақбақай елді мекені) — ақын.


Өлеңдері Нақыл сөздері

Шад-шадыман күндерім,
Демедім бастан өтер ғой.
Дәурен өтіп, жас жатіл,
Замандас құрбы адамдар,
Азайып келіп ол бітті.
Көрген түстей бәрі де,
Көзімнен болды зым-зия.
Ағаш едің құрма өскен,
Ұршық болдың шуда өскен.
Бір қалыпта тұрмақ жоқ,
Шығармалық мұны естен.

Ілмектер: өмір, уақыт, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Көп жылдар қудым артыңнан,
Лашындай сызып жер қия.
Бірде шығып шарыққа,
Бірде тарттым тұңғия.

Ілмектер: нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жылмия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден де, қайран дүния.

Ілмектер: адам, өмір, дүние, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Өлгенді қадір етсек - қанға рауа.

Ілмектер: өлім, қан, нақыл, афоризм Шәңгерей Бөкеев

Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.

Ілмектер: қыз, әйел, сипат, афоризм, нақыл Шәңгерей Бөкеев

Ақыл, ажар ажалға не қылады?

Ілмектер: ақыл, ажар, әдемілік, ажал, өлім Шәңгерей Бөкеев

Жалған да жарық дүние! Бізден де бір күн қаларсың!

Ілмектер: дүние, өмір Шәңгерей Бөкеев

Құлқына құмарланып құшқаныңда,
Шайқалып тұрса алтын сырғалары.
Кәмшаты барқыт төбе қырын киген,
Қадалса империял һәм динары.
Ақылы жамалына болса лайық,
Жігіттің сол емес пе жан құмары.

Ілмектер: жігіт, әйел Шәңгерей Бөкеев

Жігіттің болса алған жақсы жары,
Сен болсаң бір АЛЛАға еткен зары.
Баладай риясыз еркелеген,
Сен болсаң тағы да сол ынтызары.

Ілмектер: жігіт, әйел Шәңгерей Бөкеев

Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Ілмектер: ғылым, білім Шәңгерей Бөкеев

Қарап көріңіз