Қайнекей Жармағамбетов нақыл сөздері

Қайнекей Жармағамбетов нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Қайнекей Жармағамбетов дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Өсек-аяң тергендер — қарғыс ап көктен, жерден де, нысана болар мергенге.

Ілмектер: өсек, қарғыс, көк, жер, мерген Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Дауылды шөлден, аязды желден, топанды селден именбейтін еменнің панасы тек Жер-Ана!

Ілмектер: дауыл, шөл, аяз, жел, топан, сел, жер, ана Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Бала — ата-ана бақыты, бала көркі өмірдің.

Ілмектер: бала, ата-ана, өмір Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Ағаның іні — тынысы.

Ілмектер: аға, іні Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Шарт етіп қашан сынғанша өлімге емен көнбейді.

Ілмектер: емен, өлім Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Өзін-өзі зор тұтқан — жұрт көңілін қалдырар,
Жауына тез алдырар, аяғынан шалдырар.

Ілмектер: жау, зор, жұрт, көңіл Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Ауыз деген жалақор, мін іздегіш.

Ілмектер: ауыз, жалақор, мін Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Бұлақ та суалады, теңізге құя алмастан,
Терек те қуарады, жапырақ туа алмастай.

Ілмектер: бұлақ, теңіз, терек, жапырақ, қурау Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Менмендік пен мақтану тек есерден шығады,
Өнерсіз бекер шаттану — бір күн жарға жығады.

Ілмектер: менмендік, мақтану, есер, өнер, шаттану Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Өсек ерсе соңыңнан, талайды танып қаласың,
Дос салса қанжар жоныңнан, емдеу қиын жарасын.

Ілмектер: өсек, дос, сатқындық, қанжар Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Өрісті ойдан бос болсаң, сақтанып әр кез жүрермін.

Ілмектер: сақтық, ой Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Қулық іздеп қайтерсің,
Болсайшы аға алды кең.

Ілмектер: қулық, аға Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Мансап деген жаман дерт, болма әуре оны қуып та.

Ілмектер: мансап, дерт Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Бұқпантайлық жетті ғой,
Жалын боп қашан жанасың?!

Ілмектер: жалын Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Үмітпен өрден асасың, үміт — көркі көңілдің,
Арманмен алға басасың, арман — көркі өмірдің.

Ілмектер: арман, үміт, көрік, өмір, көңіл Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Бір арманға қол жетсе, екінші арман туады,
Түлкі боп кейде ол кетсе, қыран боп адам қуады.

Ілмектер: арман, түлкі, қыран Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Ақырғы демің тынғанша үміттің оты сөнбейді.

Ілмектер: дем, ақырғы дем, үміт Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Шипасы ерте солудың — қаламнан қалған іздерде.

Ілмектер: шипа, қалам Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Өскенді де көргенбіз, бөскенді де көргенбіз,
Өсіп-бөсіп ақыры өшкенді де көргенбіз.
Болғанды да көргенбіз, толғанды да көргенбіз,
Болып, толып ақыры солғанды да көргенбіз.
Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз,
Асып-тасып ақыры сасқанды да көргенбіз.

Ілмектер: өсу, асып-тасу Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Тымырайып, тым мүләйіп отырғанда данадай,
Көрсең ішін, қуыс пішін, аңлау-саңлау даладай,
Сырты сырлы, іші бос, қуыршақтай болма дос!

Ілмектер: дос, достық Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Бер бұйрықты, Отан, маған!
Айнымасқа ант етейін,
Жас қырандай саңқ етейін,
Найзағайдай жалт етейін.

Ілмектер: бұйрық, ант Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram