Нұрсұлтан Назарбаев нақыл сөздері

Нұрсұлтан Назарбаев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Нұрсұлтан Назарбаев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тiккен адаммын. Маған ары үшiн жанын садаға ететiн осындай тектi халыққа, менi ұлым деп, перзентiм деп төбесiне көтерген халыққа, арғы-бергiдегi қазақ баласының бiрде-бiрiнiң пешенесiне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсiз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенiң керегi жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабiлетiмдi, бiлiм-бiлiгiмдi аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

Ілмектер: тәуелсіздік, халық, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Қиындық атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол – бiрлiк. Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты қажет болса, Тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшiн де ол сондай қажет.

Ілмектер: тәуелсіздік, бірлік Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiгiмiздi көздiң қарашығындай сақтап, мемлекетiмiздi нығайта беру үшiн бiзге ең әуелi бiрлiк қажет.

Ілмектер: тәуелсіздік, бірлік.мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Шынын айту керек, азаттық жолы – кедiр-бұдыр, Тәуелсiздiк соқпағы – соқтықпалы. Қиындық көп. Алынар асулар да ауыр. Ынтымағымызды ыдыратпай, бiрлiгiмiздi божыратпай жұмыла бiрiксек, ауыр жүгiмiздiң жеңiлдерi анық.
Бұл сөздерiмдi мен ең әуелi өз халқыма – қазақтарға, қала бердi күллi қазақстандықтарға арнап отырмын.
Мен елге сенемiн. Елiм де маған сенедi деп ойлаймын… Өйткенi сөзiмiз – адал, iсiмiз – ақ.

Ілмектер: тәуелсіздік, ынтымақ, ел, азаттық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақ елі, халық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiк бiзге ең жанды мәселелердi шешуге – Семей ядролық сынақ полигонын жабуға, жан-жақты экономикалық реформаларды жүргiзуге, экономикадағы терең құрылымдық сәйкессiздiктi жоюға, елдiң табиғи ресурстарын халық игiлiгiне жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызды. Тәуелсiздiк дәстүрлi мәдени құндылықтардың ыдырауын тоқтатуға, қазақ тiлiн өркендетуге көмектестi.

Ілмектер: тәуелсіздік, полигон, экономика, қазақ тілі Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бiздiң айқын да сындарлы iс-қимыл стратегиямыздың, ниеттестер командасының ынтымақшыл жұмысының, бiздiң отандастарымыздың жанқиярлық еңбегi мен толайым қолдауының нәтижесiнде Қазақстан мемлекеттiлiгi толық орнықты!

Ілмектер: тәуелсіздік, стратегия, мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бiз Тәуелсiздiктi ұлтты сақтау мен өркендетудiң түп негiзi ретiнде, аса ұлы құндылық ретiнде қарастырамыз. Ол мемлекеттiлiктi қалпына келтiрудiң, дербес дамуға деген қабiлеттi дәлелдеудiң және өткен кезеңдерде қордаланған проблемаларды еңсерудiң тарихи мүмкiндiгiн бердi.

Ілмектер: тәуелсіздік, құндылық, мемлекет, тарих Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.

Ілмектер: тәуелсіздік, жастар, ел, дәулет, достық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуекелi тұратындардың ғана қолы жетпесе Тәуелсiздiк бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе оның қадiрi бола ма? Қадiрi жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуекел, азаттық, қадір Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Өз Тәуелсiздiгiн алған соң Қазақстан Республикасы дәл осы Пирамиданың жақтарындай болып дүниенiң төрт бұрышына бiрдей айқара есiк ашты. Адамзаттың бәрiн ұлтына, дiнiне, нәсiлiне қарамай теңдей көрiп, ыстық құшағына алды.

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiктiң бiздiң бәрiмiзге артар мiндетi мол. Ендi еңселi ел болудың жолына шындап түсуiмiз керек. Әулетiмiздiң асуы да, дәулетiмiздiң тасуы да өз қолымызда. Тарих көшi ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елiмiзде дәулеттi де сәулеттi өмiр орнайтынына кәмiл сенемiн.

Ілмектер: тәуелсіздік, тарих, ел, халық, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiз Қазақстанның ең алғашқы күндерiнен бастап мен принциптi түрде адамдарды партократтар мен партократ еместерге, коммунистер мен коммунист еместерге бөлген жоқпын. Мен өзiм де сол жақтан шыққанмын, демек, мен мұны ешкiмге айып етiп қоя алмаймын.

Ілмектер: тәуелсіздік Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бiз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткiзiп, мыңжылдықтың түйiскен тоғысында тәуелсiз мемлекет құрдық.

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуелсіз, ата-баба, мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бiздiң халқымыз үшiн тұрақтылық, келiсiм, теңқұқылық басты құндылықтар екенiн әрдайым ұстау керек.

Ілмектер: халық, құндылық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Дана халқымыз қателiктерiмiздi түсiнедi, оларды кешiре де бiледi. Халық кешiрмейтiн бiр-ақ нәрсе бар, ол – елдiң қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсiздiктен айрылып қалуды кешiрмейдi. Егер бiз Тәуелсiздiктен айрылсақ, бiзге кешiрiм жоқ.

Ілмектер: тәуелсіздік, бақыт, халық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Ең бастысы – адам факторы: оның еркi, күш-жiгерi, табандылығы мен бiлiмi. Өркендеп даму мен тәуелсiздiкке аттар табалдырықтың алтын кiлтiн де осы шамадан iздеген жөн.

Ілмектер: тәуелсіздік, фактор, білім Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Халқымызды пиғылы бұзықтардың қанды құрсауынан құтқару үшiн қаншама бабаларымыздың осы Тәуелсiздiк үшiн қаны төгiлдi. Ендi, мiне, олардың арманы орындалды. Тәуелсiздiк алу бiр басқа да, оны нығайту оңайға түскен жоқ. Экономиканы нықтау, шекараны бекемдеу және халықтың әл-ауқатын көтеру сияқты күрделi мiндеттер алдымызда тұрды. Осының бәрiн жақсыға шешу қолымыздан келдi.

Ілмектер: тәуелсіздік, экономика, халық Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Ұлттық бiрлiк – бiздiң стратегиялық таңдауымыз.

Ілмектер: бірлік, стратегия, таңдау Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiктiң кезектi жылдығын атап өту бiзге ең алдымен той тойлау үшiн емес, ой ойлау үшiн керек. Тәуелсiздiктiң тайғақ кешулi жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белiмiздi талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсiздiкке қиын iсте тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетедi.

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Дүние жаһандық, өзара тәуелдiлiк сипат алды: жаһандық әрiптестiк үстемдiк ету үшiн бұл таным бiздiң берiк принципiмiзге айналуы тиiс.

Ілмектер: тәуелсіздік, жаһан Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бiз тәуелсiздiктi ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.

Ілмектер: тәуелсіздік, ақыл, ата-баба Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiктiң алғашқы жемiстерiн көргенге дейiн Қазақстанға мемлекеттiк өзiн танытудың тар жол, тайғақ кешуiнен өтуге тура келдi.

Ілмектер: тәуелсіздік, Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп-өркендеуі үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек.

Ілмектер: тәуелсіздік, ұлт, бірлік Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiктiң тар жол, тайғақ кешуiнен, беттен қағар желiнiң есуiнен тайсалмауға тиiспiз.

Ілмектер: тәуелсіздік Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiк – тарихтың мәңгiге бөлiп берген еншiсi емес, халықтардың мамыражай өмiр сүруiне берiлген кепiлдiк те емес: аңғал болмағанымыз абзал.

Ілмектер: тәуелсіздік, енші Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.

Ілмектер: тәуелсіздік, ту, елтаңба, әнұран Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Тәуелсiздiк туын тiгуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.

Ілмектер: тәуелсіздік, қайрат Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Бiз ендi ешкiмнiң қолтығының астында жүрмеймiз. Бiздiң ел ендi ешкiмге кiшi iнi болып, тiзiмге қосылмайды. Бiз еркiн ел болдық.

Ілмектер: тәуелсіздік, еркіндік, ел Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.

Ілмектер: тәуелсіздік, ата-баба Нұрсұлтан Назарбаев
WhatsApp Telegram