Өлең, жыр, ақындар

Бозбала мен бойжеткен

«Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы» КММ-сінің технология пәні мұғалімі Сулейменова Баян Абаевна

 

Тақырыбы: Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: Қазақ қызы мен ұлының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, сегіз қырлы, жан-жақты ұлттық қасиеттерін танып білу. Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер

  1. Барысы:
    Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 - 10  сыныптар арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысына қош келдіңіздер.
    Мың бұралған арулар билей басып,
    Келеді міне ортаға толқып, тасып,
    Аруларын сыйлаған халқым менің,
    Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
    деп сайысқа  қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

    Жүргізуші:
    Уа, халайық, халайық,
    Мұнда назар салайық,
    Ата жолын жалғамақ.
    Ел дәстүрін қолдамақ.
    Жігіттер шықсын ортаға, -
    деп жігіттерді ортаға шақырамыз.
    (Әр қатысушының бойындағы өнері мен жетістігі аталып, жеке - жеке таныстырылады)

    Жүргізуші:
    Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
    Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
    Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
    Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -
    демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
    (Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
    Сайыс бөлімдері:

1. Таныстыру (Қыз бала жеке,ұл бала жеке өздерін таныстырады)

2. Өнерлі өрге жүзер (Өз қалағандары бойынша өнер көрсетеді)        

3. Ұшқыр ой бөлімі (Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)

4. Сыйлық тарту (екі жұп өз қолдарынан жасап бір-біріне тілек тілеп сый тартады)

5. Тапқыр бозбала (бозбала көз байлау арқылы өз жұбын тауып алуы керек)

6. Қорытынды.

 

Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлер
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
1.Таныстыру  (Қыз бала жеке, ұл бала жеке өздерін таныстырады)

Береке де осында

Мереке де осында

Болып жатыр той- думан

Қырандардың қосында

Асқақтаған ән дайын

Күмбірлеген күй дайын

Ал, кәнеки, қырандар

Босқа қарап тұрмаңдар

Бастап жігіт өнерін

            Биіктерге самғаңдар!
 

2. Өнерлі өрге жүзер (Өз қалағандары бойынша өнер көрсетеді)

3. Ұшқыр ой бөлімі (Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады)

8 сыныпқа:

1. Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы не төлеуге тиіс? (Қалың мал)

2. Қоштасу сәтін қалай түсінесің? (Ұзатылған қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.)

3. Құда-құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алыпне істейді? (Атын байлап – атбайлар салтын орындайды)

4. Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-көлем ілік-жекжаттар неге шақырады. Қандай дәстүрді орындайды? (Үй көрсету немесе есік көрсету).

9 сыныпқа:

1. Балалардың жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай немесе заттай сыйды не деп атаймыз? (Байғазы)

2. Балалары ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік мал береді. Бұл қандай дәстүр? (Енші)

3. Айдар дегеніміз не? (балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ орналастырып қояды.)

4. Мизам (Сабан той) қандай дәстүр? ( Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді. )

10 сыныпқа:

1. Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген бағалы затты не деп атайды? (Аманат)

2. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ақтілеудің белгісін не деп атайды? (Бата)

3. Қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәт басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. Бұл қандай дәстүр? (Соғым басы)

4. Діни мейрамдарды ата: (Ораза айт Құрбан айт)

4.Сыйлық тарту (екі жұп өз қолдарынан жасап бір-біріне тілек тілеп сый тартады) Бұрын қазақтың қыз-жігіттері бір - бірінің достықтарын нығайта түсу үшін сыйлық тарту еткен. Мінекей, сіздерге де қазақы дәстүрмен өз жұптарыңызға сыйлық табыстау қажет деп шарт қойылған болатын. Ендеше, сыйлық тарту кезегі де келіп жетті. Қанекей, өз жұптарыңызға жақсы тілекпен бірге сыйлықтарыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
 

5.Тапқыр бозбала (бозбала көз байлау арқылы өз жұбын тауып алуы керек) Бұл бөлімде жігіттердің көзі байланады. Олар қыздардың қолдарынан ұстап, өз жұбын тауып алулары тиіс. (музыка ойналады)
 

6. Қорытынды:

         Бойымызға мәдеиет үлгілерін, өнерді меңгеріп, адамдық жан дүниемізді жігіттің бойындағы асыл қасиеттерімен толықтыра алдық деп ойлаймыз. Құрметті ұстаздар, оқушылар “Бозбала мен бойжеткен” сайысына келгендкріңізге көп-көп рахмет.  Келесі кездескенше сау болыңыздар.
         Қазылар алқасы қортынды шығарады, сайыскерлерді марапаттап, сыйлықтар табыстайды.


Пікірлер (2)

Күнсұлу

Қуасыңдарма мен киімдері жарнамалау дедім ғой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз