Тақырыбы: «Біздің жігіттер!» (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған сайыстық бағдарлама)
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жас жеткіншектердің мәдени – бос уақыттын тиімді
пайдалануға белсендіру.
Білімділік: Оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің
нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
Сынып сағаты: Сайыс
Көрнекіліктер: 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған слайдтар.
Алдын-ала жұмысы:
Сайысты екі жүргізуші жүргізеді. Шақырылғандар әділ-қазылар мүшесі болады.
Сынып сағатының өтілу жолы:
1-жүргізуші:
Әкелетін отабасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
2-жүргізуші: Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз. Бір сөзбен айтқанда халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.
2-жүргізуші: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
1-жүргізуші:
-Ұстаздар және арулар! көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз-күн мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші. Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық.
1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.
1-жүргізуші:
1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петерборг қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын.
1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.
2-жүргізуші: Сонымен, бүгін біз осы залда «Біздің жігіттер!» атты сайысымызды өткізуге жиналып отырмыз.
1-жүргізуші: Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды шақырамыз. Оқушылар өздерін таныстырып, жылы лебіздік құттықтау сөздерін жеткізуі тиіс.
(Оқушылар орналасып болғаннан кейін сайыс басталады.)
Бірінші сіздерге сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап бергендерге жетондар таратылады.
2-жүргізуші: Бірінші сайысымыз «Кім тапқыр».. Жетондар көп алған оқушы жеңіске жетеді.
1-жүргізуші:
1. Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)
2. Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз? (ана).
3. Бақа ханшайымы шын өмірде кім болған? (Василиса Прекрасная)
4. Өнімі жердің астында өсетін көкеністерді атаңдар. (картоп, сәбіз, қызылша, сарымсақ, пияз).
5. Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді? (апасы)
6. Майсыз дәмді кашаны қалай пісіруге болады? (әзіл: үлкен махаббатпен).
7. Қасиетті тағам. (нан)
8. Ең киелі құс. (аққу)
9. Қабат қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)
10. Ананың көңілі балада, ... жалғастыр (баланың көңілі далада).
11. Анашым шалқып күлсең, алдымда ұзақ жүрсең.
Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды.
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Әннің авторы кім? (Нұрлан Өнербаев)
12. Қыздар атаулары кездесетін ертегілерді атаңыз. (Золушка, Түйме қыз, Мақта қыз бен мысық және т.б.).
(жылы лебізді музыка ойнап тұрады).
Екінші сайыс: «Сәлемдесу мимикасы»
1-жүргізуші: Әлемдегі барлық адамдар кездескенде амандасады. Кейбіреуі қолдарын қысады, кейбіреуі қалпағын шешеді, кейбіреулері бір-бірін құшақтайды,ал кейбіреулері тек қана басын иіп сәлемдеседі.
Ал сіздерге тапсырма Амазонка елінен келген тайпалар достарымен қалай сәлемдесетінің мимикамен көрсетулеріңіз керек.
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән орындайтын Искаков Рамазан.
Үшінші сайыс "Ерекше әуен".
2-жүргізуші. Жақсы ән айтуды бәрі біледі. Бірақ кей кездері әуенді бір сарыңмен айту тыңдаушы қауымды жалықтырып жібереді.
Сіздерге тапсырма Бейбіт Қорған орындайтын «Шоқ қыздар» ән айту , бірақ әнді мұрынымызды қыса шырқауымыз қажет.
Төртінші сайыс "Сезімтал жүректі жандар"
1-ші жүргізуші. Адамдар өте сезімтал жандар. Негізінде біздің сезімдеріміз «бет әлпетімізде» жазулы тұрады. Бірақ сезімді тек қана бетті қимылдата отырып ғана емес, қолмен де көрсетуге болады.
Сіздерге тапсырма ашуды, куанышты, қорқуды дене қимылымен көрсетуге тырысыңыздар.
Бесінші сайыс "Би жарысы".
2-ші жүргізуші. Бұл сайыста жарыскерлер аузына қасық тістеп, ішіндегі шарикті түсіріп алмай билеу керек, кім ең соңында қалады сол жеңімпаз.
Алтыншы сайыс "Құттықтау".
1-ші жүргізуші. Бұл сайыстың мәні залдағы барлық нәзік жандарды мейрамдарын өлең жолдарымен немесе ән айту арқылы және т.б. өнерлерімен көрсету арқылы құттықтау қажет. Сонымен, қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Әділ қазылар ақылдаса отырып, барлық сайыстың қорытындысын шығарады.

- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі