Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылы
Спандияр Көбеев атындағы Ақсуат бастауыш мектебінің
тәрбиешісі: Атымтаева Айгүл Нұрланқызы
Тақырыбы: «Мені дұрыс тәрбиеле!» - М.Монтессори педагогикасы.
Мақсаты: Өзіне-өзі сенімді тәуелсіз, өзін сыйлайтын тұлға тәрбиелеу.
Монтессори педагогикасының ерекшелігі балаға деген көзқарас пен қарым-қатынас. Қайталанбайтын өзіңдік көзқарасы, алға қойған мақсаты-мүддесі бар тұлға ретінде қарау. Монтессори өзінің педагогикалық жүйесін бала табиғатына байланысты құрды. Баланың өсіліп жетілуіне не қажет?
Оның қажеттілігі өзіне қызмет атқаруға деген ұмтылыс екендігінде екені өзі ашқан мектептеріне дәлелдеп берген. Әрбір ата-ана, білім ұйымдары, балаларға саналы тәрбие сапалы білім бергісі келеді. Осы орайда бұдан 100 жылдан астам пайда болған италян гуманист педагогы Мария Монтессори педагогикасын ендірудің манызы зор екендігі дәлелденді. Педагог - психолог, әрі дәрігер - гуманист Мария Монтессори 1870-1952 жылдары өмір сүрген. Өзі ойлап тапқан материалдарды бірінші психикалық дамуында ауытқуы бар балаларға сезім тәрбиесін қолданып, ол жерде оның оң көрсеткішін көре отырып дені сау балаларға сезім тәрбиесін және баланы өзіне қызмет етуге, тәртіпке тәрбиелеу мақсатында қолданылады. Бүгінгі танда Монтессори педагогикасы неге негізделіп құрылды деп айтатын болсақ, оның негізі әрбір баланың қажеттілігінің, оның жекелік қабілеттерін есептей келе қолдану болып табылады.
Монтессори педагогикасының пайда болуы, балалардың ойынға деген қажеттілігі. Монтессори ережелері: «әр заттың өз орны бар», «біз бір-бірімізге кедергі жасамаймыз». Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:
1. Сенсорлық аймақ.
2. Маиематикалық аймақ.
3. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.
4. Тілдік аймақ.
5. Ғарыштық аймақ.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс. Баланың алғашқы екі - алты жас кезеңдері оның дамуындағы ең жауапты кезеңі, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл- ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл - ой еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. М.Монтессори сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұсынды. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұнын өзі балаларға педагогтың қатысуыңсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді. Монтессори педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттін әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық қимыл үрдісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған. Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланын сезімдік тәжірбиесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі