Өлең, жыр, ақындар

Lesson Study тәсілі – біздің тәжірибемізде

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық–педагогтік колледжі
Педагогика пән оқытушылары Ташиева Эльвира Айтжанқызы, Қаласова Г.Б.

Lesson study – дің басты мақсаты студенттерге білім алуға көмектесу, топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.

 

Lesson study-дің ерекшеліктері:

1. Жеке студенттердің қажеттіліктеріне қарап оқыту. Оқытушылармен біріге отырып жұмыс істеу.

2. Оқытушылардың  зерттеуі. Оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс–әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады.

3. LS қағидаттары Бірлескен жоспар. LS Өткізу/қадағалау, талдау.

4. Нәтижеде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі, әріптестер бір –біріне көмектеседі, студенттердің  маңызды білім алуына жағдай туады.

Демек, бұл ерекшеліктердің мүмкіндігі мол, тиімділігі жақсы екеніне көзімізді жеткізу үшін колледжіміздегі тәжірибе кезінде өз оку орнына өзгерту енгізу барысында осы Lesson Study  тәсілді пайдаланып көруді  дамыту жоспарымыздың бір айға  кірістірген еді. Оның нәтижесі қандай болды, кім өткізді?  –деген сұрақтарға былай деп жауап берер едім.Колледжіміздегі тәжірибе кезіндегі бірінші аптасында жоспар бойынша І санатты педагогика  пәнінің оқытушысы  Э.А.Ташиева оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study тәсілін пайдалануды үйрету мақсатында «LESSON STUDY ТӘСІЛІ – БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗДЕ» тақырыбында алғашқы ұйымдастыру жұмысын жүргізді.

Жоспар бойынша 32 б тобына педагогика пәнінен оқытушы Г.Б.Қаласова зерттеу сабақтарын жүргізді. Бізде 4 оқытушы болып, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі студенттерді таңдап алдық. А деңгейіндегі студент «Үлгерімі жақсы» студент, В деңгейінде «Үлгерімі орташа» студент, С деңгейінде «Үлгерімі төмен» студентті таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік. Бірінші, екінші сабақтарда студенттер ашыла алмады, өз ойларын еркін жеткізе алмады, себебі, бұл үрдіске дағдыланбағандықтан деп ойладық.

Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі, диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асты. Әр сабақта 3 студентті  үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты студенттердің  қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.

Яғни, бұл тәсіл бойынша өткізілген зерттеу сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі студент берілген тапсырманы орындап тастап, қасындағы студенттерге  көмектесе бастағаны, В деңгейіндегі студент те топпен жұмыс кезінде оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасап, не болғанда да қатарынан қалмауға тырысып бақты. Ал С деңгейіндегі студент  басқа студенттен  көшіріп алуға тырысып, бірақ та өз ойын толық жеткізе  алмайтын кездерінде  байқадық. Сонымен қатар ,бұл сабақтарда  бағалау критерийлері құрылып, студенттер  бірін-бірі бағалауда А деңгейдегі судент «мен 4 қоямын,өйткені сіз көмек беріп отырдыныз» десе, С деңгейдегі студент «мен 5 қоямын» деген сөзімен тартысты әрі қызықты өтті. Нәтижесі, диагностикасы сабақ соңында экранда бейнеленді.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз студенттердің  білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған студенттер  болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, студенттердің  сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарыммызбен студенттің  білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі студентпен  әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі студентті  "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды  студенттерге күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, оқытушының кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Студенттің терең ойлануына, бір бірін тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқыту мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар