Армандар – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Армандар» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1316
Тағдыр-ай, бізді
Тарыдай шашты жан-жаққа,
Жақыннан жырақ,
Ауылдан алыс аулаққа,
Бір құдай өзі
Құлына қуат бермесе,
Мүмкін бе жанның
Шыдауы батпан салмаққа?
Дауылдан ығып,
Ауылдан алыс ауғандар,
Қиядан асып,
Қиял мекенге барғандар,
Қайда ұшып кетті,
Гөй-гөйлер кейде көңілде,
Көкорай белде
Көмулі қалған армандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері