Тұншығып ойға сенделемін де – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Тұншығып ойға сенделемін де» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Тұншығып ойға сенделемін де,
Жалықтық әбден мен де, өлеңім де.
Көктемнің нұры жауратты мені,
Апыр-ай, шыннан келмегенің бе?
Не ойлар келмес пендеге күнде,
Шараппен ғана емделемін бе?
Жүрегім тағы ауырды бүгін,
Шынымен маған келмегенің бе?
Өзіңмен мені тең демедің бе,
Тарығып кеттім мен неге мүлде?
Қуырып мені шырылдатып–ақ,
Ұмытып өзің келмегенің не?
Қақталып әбден шөлдегенімде,
Сен едің, қалқам, ең керегі де.
Жеккөрсең мені амалым қайсы,
Жөн шығар онда келмегенің де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері