Әкемді де жалмаған – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Әкемді де жалмаған» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Әкемді де жалмаған,
Шешемді де жалмаған,
Бұл өмірде маған да
Титтей орын қалмаған,
Қай жеріңді малданам?
Әкем де опа таппаған,
Шешем де опа таппаған,
Қыл көпірдің үсті еді,
Менің жолым аттаған.
Мен ем жалғыз жапырақ,
Түйсініп кім тоқымақ?
Жалынбайтын тіріге,
Тәкаппар жан ақымақ,
Бауырыңа ал, топырақ!
Тіршілікте бәрі де өш,
Жалғыз адам жарым ес.
Бүкіл тамыр қурады,
Қане бақыт, қане үлес?
Қу жүрегім, сен енді
Қабірімді жарып өс!
Титтей опа таппаған
Қай ісіме мақтанам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері