«Ұмытпа» - деп айта алмадым мен неге? – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте ««Ұмытпа» - деп айта алмадым мен неге?» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 832
«Қош» - дедім мен.
Кеттім сосын егіліп,
«Жалған» атты бораздаға жегіліп.
(Өзің едің өмірдегі ар-мекен,
Мұны айтуға қалай аузым барды екен?..)
«Бақытты бол» - дедім сосын тістеніп,
Әлдеқайдан өн-бойыма күш келіп.
(Бақытты едік бірімізбен-біріміз,
Не болады, жаным, енді күніміз?...)
«Аман жүрші» - дедім тағы күбірлеп,
Көңілімді қимастықтың мұңы үрлеп.
(Амандығың – көңілімнің желкені,
...Не болады мұңлықтардың ертеңі?..)
«Теңіңді тап, - дедім сосын – тірліктен»,
Осы ма еді біздер көптен күн күткен?
(Тең едік біз, кеттік неге ажырап?
Өткен күнге көз салайық азырақ...)
Кейде айтарын ұмытады пенде де,
«Ұмытпа» - деп айта алмадым мен неге?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері